Жүйке жүйесінің құрылымдық-функционалдық құрылысы және жас ерекшеліктері
Автор: zesenbaeva • Сентябрь 21, 2021 • Реферат • 1,046 Слов (5 Страниц) • 947 Просмотры
Жүйке жүйесінің құрылымдық-функционалдық құрылысы және жас ерекшеліктері
Жүйке жүйесі-эндокриндік жүйемен бірге дененің барлық жүйелерінің қызметін өзара байланысты реттеуді және ішкі және сыртқы орта жағдайларының өзгеруіне реакцияны қамтамасыз ететін әртүрлі өзара байланысты жүйке құрылымдарының тұтас морфологиялық және функционалды жиынтығы. Жүйке жүйесі интегративті жүйе ретінде әрекет етеді, сезімталдықты, мотор белсенділігі мен басқа реттеуші жүйелердің (эндокриндік және иммундық) жұмысын бір тұтасқа байланыстырады. Жүйке жүйесінің маңызы: - мүшелерді бір-бірімен байланыстырып, организмнің біртұтсатығын жүзеге асырады; - денедегі барлық мүшелердің және мүшелер жүйелерінің қызметін реттейді; - организмді сыртқы ортамен байланыстырады.
Жүйке жүйесінің жалпы сызбанұсқасы:
Адамның нерв жүйесі 2-ге бөлінеді: 1) Орталық нерв жүйесі (ОНЖ) – ми, жұлын; 2) Шеткі нерв жүйесі – ОНЖ-дан тыс орналасқан нерв клеткалары мен барлық нерв талшықтары. Сонымен қатар, нерв жүйесі (НЖ) тағы да 2-ге бөлінеді: 1) Вегетативті нерв жүйесі – ішкі органдар қызметі мен зат алмасуды реттейді. ВНЖ өз кезегінде 2-ге бөлінеді: А) симпатикалық; Б) парасимпатикалық. 2) Соматикалық НЖ көлденең жолақты бұлшықеттің жұмысые реттеп, дененің сезімталдығын қамтамасыз етеді.Жүйке ұлпасы.Нерв жүйесінің құрылымдық және функционалдық бірлігі болып нейрон табылады. Нерв жүйесінің құрамына нейрондардан басқа глиалдық жасушалар да кіреді. Нейрондар мен глиалдық жасушалардң жиынтығы нерв ұлпасын құрайды. Глиалдық жасушалар нерв ұлпасын қоршап, тірек, қоректік және электроизоляциялық қызмет атқарады. Жаңа туған нәрестеде глиалдық жасушаларға қарағанда нейрондардың саны көп болады. 20-30 жаста олардың мөлшері теңесіп, кейін нейрондардың саны азайып, глиалдық жасушалар көбейеді. Нерв ұлпасының негізгі қасиеттеріне қозғыштық, өткізгіштік және лабильділік жатады. Бұл қасиеттер өз кезегінде тітіркенгіштікпен тығыз байланысты. Нейронның негізгі қызметі алынған нерв импульстерін талдаумен байланысты. Нейронның денесі және қысқа өсінді-дендрит, ұзын өсінді-аксон болады. Нейроннның денесі сома д.а. Оның пішіні әртүрлді. Сомада күрделі зат алмасу процестері жүреді, нейронның қалыпты жұмыс істеуіне қажетті энергия түзіледі. Сомада ядро айқын көрінеді және онда көптеген органоидтар болады. Дендриттердің ұшы күшті бұтақтанып, нейронның басқа клеткаларымен жанасу ауданын үлкейтеді. Д.- қозуды қабылдаушы негізгі бөлік. Бір нейронда бір ғана аксон болады. Сырты қабықшамен қапталған аксон нерв талшығы д.а. Бірнеше нерв талшығы бір нервті түзеді. Нерв талшықтары мен нервтердің негізгі қызметі – нерв импульстерін өткізу. ОЖЖ-ге нерв импульстерін өткізетін сезгіш (афферентті, орталыққа тепкіш) нервтерді, ОЖЖ-ден шеткі органдарға нерв импульстерін өткізетін қимыл (Эфферентті немесе орталықтан тепкіш) және сезгіш, қимыл нерв талшықтарынан тұратын аралас нервтерді ажыратады. Кейбір нерв талшықтарының май тәрізді зат – миелиннен тұратын қабықшасы болады. Миелин қабығы талшықты толық қаптамай, үзілістер жасайды. Үзілістер Ранвье белдеуі д.а Миелиннің атқаратын қызметі қоректік, қорғаныштық және электризоляциялау. Миелинмен қапталаған нерв талшығы миелинді талшық, миелин қабықшасы жоқ талшық миелинсіз д.а. Миелинді талшық бойымен қозу жылдам өтеді. Онтогенездің алғашқы этаптарында миелинді қабықша болмайды да, бала 2-3 жасқа келгенде дами бастайды. Қабықшаның қалыптасуы баланың өмір сүру жағдайына тәуелді. Қолайсыз жағдайларда миелиндену процесі бірнеше жылға баяулап, ол нерв жүйесінің басқарушы және реттеуші қызметін қиындатады. Жекелеген нейрондар арасындағы байланыс синапс арқылы жүзеге асады. Синапстың: - пресинапстық мембранасы (аксонның ұшы түзеді); - постсинапстық мембранасы (басқа нейронның участогы түзеді); - синапс саңылауын ажыратады.Рефлекс
...