Жаңа үйленген отбасыларда фрустрацияны алдын алу шаралары
Автор: Kanatnazgul • Апрель 13, 2021 • Курсовая работа • 7,968 Слов (32 Страниц) • 431 Просмотры
МАЗМҰНЫ
Кіріспе | |
І бөлім. Жаңа үйленген отбасыларда кездесетін фрустрацияны зерттеудің теориялық талдамы | |
1.1 Жаңа үйленген отбасы туралы түсінік және оларда кездесетін фрустрация ерекшеліктері | |
1.2 Жаңа үйленген отбасында кездесетін әлеуметтік фрустрациялардың типтік сипаты | |
А тұжырымы | |
ІІ бөлім. Жаңа үйленген отбасыларда фрустрацияны алдын алу шаралары және ұйымдастырылуы | |
Ә тұжырымы | |
ІІІ бөлім. Эксперименттік бөлім | |
3.1 Әдістемелердің сипаттамалары мен зерттеу барысы | |
3.1.1 «Отбасылық жұпта мақсаттарды өлшеу» әдістемесі (Ю.Е.Алешина, Л.Я.Гозман және т.б.) | |
3.1.2 Суреттік фрустрация әдістемесі (С. Розенцвейг) | |
3.1.3 Л.И. Вассерманның әлеуметтік фрустрациялығы деңгейін диагностикалау әдістемесі (В.В. Бойконың модификациясы) | |
3.2 Зерттеу әдістерінің нәтижесінің сапалық және сандық талдамы | |
Б тұжырымы | |
Пікірлер және тәжірибелік ұсыныстар | |
Қорытынды | |
Пайдаланылған әдебиеттер тізім | |
Қосымша |
Кіріспе
Тақырыптың өзектілігі. Соңғы уақытта жас отбасы социологтардың, демографтардың, психологтардың назарын аударуда. Бұл бірқатар жағдайлармен шарттастырылған. Некенің бірінші жылы болашақ отбасылық қатынастардың моделі – билік пен міндетті бөлу, жұбайлар, ата-аналар мен балалар арасындағы рухани байланыс қалыптасады. Ерінің әйеліне, бір-біріне бейімделуінің күрделі үдерісі өтеді, негізгі жанжалдар сипаты мен оларды жеңу тәсілдері анықталады.
Жас отбасындағы отбасылық қатынастар проблемасын қою, олардың түсінудің психологиялық негіздерін анықтау және зерттеу қазіргі отбасының зерттеушілері атап өтілген себептер бойынша және осыған байланысты пісіп-жетілген психотерапиялық міндеттерге байланысты ғана өзекті болып табылмайды, отбасылық қатынастағы амандық пен тұрақтылыққа қол жеткізу тұрғысынан да, сондай-ақ ақпараттық технологиялар билігі жағдайындағы, қоғамдық жүйелер дағдарысындағы ғылыми іздестірудің эвристік мақсаттарын жүзеге асыру үшін де отбасылық қатынастарды психологиялық түсінудің теориялық және практикалық маңызға ие болады.
Мамандардың көпшілігі қазіргі Қазақстандық отбасы түпнұсқалық дағдарысты басынан кешіріп жатыр деген пікірде, және де қоғамның әлеуметтік-экономикалық дамуының жалпы деңгейі мен адамдардың материалдық амандығы жоғары болған сайын, бұл дағдарыстың көрінісі айқынырақ байқалады.
Жас отбасындағы әлеуметтік фрустрацияның мазмұнын және диагностикасын зерттеу теориялық және тәжірибелік тұрғыда да ең өзекті мәселелер қатарына жатады.
Зерттеу мақсаты: жаңа үйленген отбасында кездесетін әлеуметтік фрустрацияның психологиялық ерекшеліктерін алдын-алу шараларын анықтау.
Зерттеу нысаны: отбасындағы әлеуметтік фрустрация және оның алдын-алу.
Зерттеу пәні: жана үйленген отбасында кездесетін әлеуметтік фрустрацияның психологиялық ерекшелігін зерттеу.
Зерттеудің ғылыми болжамы: егер, отбасында кездесетін әлеуметтік фрустрация жаңа үйленгендердің отбасылық өмірге бейімделуіне кедергі келтіретіндігі анықталса, онда осындай әлеуметтік фрустрацияға қарсы ең тиімді психологиялық әдіс - оптимизм. Себебін, «Жағдайды өзгерте алмаған болсаң, онда оған деген қарым-қатынасыңды өзгерт» деген сөйлеммен түсіндіруге болады. Отбасылық өмірге осындай түсіністікпен қарасақ фрустрациялық жағдайдан шығу жеңіл болады.
...