Жасөспірімдер арасындағы суицид
Автор: ilana14 • Апрель 15, 2020 • Доклад • 764 Слов (4 Страниц) • 554 Просмотры
Жасөспірімдер арасындағы суицид.
Халықаралық денсаулық ұйымының деректері бойынша бүкіл әлемде жылына бір миллион суицид жасалады, сонын ішінде ресми статистика бойынша үш мыңы бестен - он тоғыз жасқа дейінгі балалар мен жасөспірімдер екен, бұл өзін-өзі өлтіру әрекеттерін санамағандағы көрсеткіш. Енді бәріміздің ойымызға «Неге?» және «Бұған кім кінәлі?», деген сұрақтар келеді. Алайда бұған кейінірек тоқталайық.
Мені үнемі өмірлерін өзін-өзі өлтірумен аяқтайтын адамдар таңқалдыратын. Әсіресе жас балалар. Өмірлері енді басталып келе жатқанда, өмірмен қоштасу? Бұл ақылға қонымсыз ғой. Неге жасөспірімдер қиын жағдайдан шығудың бірден -бір амалы өмірмен қоштасу деп есептейді? Маған біреу «Суицид бұрыннан бері бар» дер. Иә, мен келісемін. Алайда қазіргі уақытта жасалатын суицид саны күннен-күнге өсуде, әсіресе жасөспірімдер арасында. Бұған не себеп деп ойлайсыздар? Статистика бойынша жасөспірімдер арасында суицидтың 92%-ы отбасы мен мектепке қатысты болады екен.
Жалпы өзін-өзі өлтіру деп - өзін өмірден қасақана айыруды айтамыз. Суицид жасау төрт кезеннен тұрады: бірінші, өзін-өзі өлтіру жайлы ойлар(«ұйықтап, қайта тұрмасам екен» немесе «менімен бір жағдай болып, өліп қалсам екен» деген сияқты); екінші, өз өлімін ойластыру: суицид тәсілдерін қарастыру, оның уақытын тандау; үшінші, өзін-өзін өлтіруге көндіру; төртінші, соңғы қадам: ойлағанын іске асыру, яғни өзін-өзі өлтіру. Алайда кейбір жағдайда суицид өліммен аяқталмайды.
Өзін-өзі өлтірудің басты себебі, қоғамның әлеуметтік өміріне тұлғаның бейімделмеуі болып табылады. Яғни жаңа өзіне таныс емес ортаға түсу барысында ортаға қалыптаса алмау, немесе жақындарымен арасындағы қарым-қатынасы нашарлауы. Алайда жасөспірімдер үшін бұл жан-жақты қамтитын мәселе емес, көбінесе тек белгілі бір ортаны, мысалы отбасын немесе мектебін қамтиды.
Суицид жасау арқылы тұлға өзінің жағдайын өзгерткісі келеді. Яғни қиын мәселелерінен шыққысы келеді, өзін біреудің аяғанын, назар аударғанын қалайды және өмірін өзгерткісі келеді. Өзін-өзі өлтіру әрекеті ренжіткен адамынан кек алу үшін де жасалуы мүмкін. Олар ренжіткен адамының өзінің өліміне өкінгенін қалайды.
Жасөспірімдер арасында суицид еліктеушілік те болуы мумкін. Жасөспірімдер айналасында, теледидардан көрген немесе кітаптан оқыған кейіпкерлеріне еліктеуші болып келеді. Бұндай қасиеттер көбіне толық жетілмеген жасөспірімдерге тән. Осылай олар өлім айналасында қорқыныш және аяныш сезімін тудыра алады деп есептейді, және мүмкіндік болса алдағы уақытта айналасына қару ретінде де қолдануға тырысады.
Өзін-өзі өлтірудің арғышарттары болып өз-өзіне сенбеушілік және психикалық жарақаттан шығармашылық белсенділіктің төмендеуі болып табылады. Алайда, өзін-өзі өлтіру үшін психикалық жарақаттын болуы жеткіліксіз. Яғни екінші себебі бұл – өзін-өзі өлтірушінің тұлғалық қасиеттері. Бұндай қасиеттерге көбіне қиын жағдайдан шығудан жол іздеуден бас тартатын, өзін-өзі бақылауы төмен, нервтық-психологиялық қысымын қалыпта ұстай алмайтын, эмоционалды тұрақсыз, сенімсіз және өмірлік
...