Дефектолог-мұғалімнің ЕОҚЕ балалардың ата-аналарымен жұмысы
Автор: Adiyz • Ноябрь 8, 2020 • Доклад • 758 Слов (4 Страниц) • 1,016 Просмотры
«Дефектолог-мұғалімнің ЕОҚЕ балалардың ата-аналарымен жұмысы» тақырып бойынша баяндама дайындау.
“Баланы тану үшін, ең алдымен оның отбасын жақсылап танып ал, отбасынсыз – біз, яғни мектеп – әлсіз болар едік”
В.А.Сухомлинский.
Педагог – дефектологтар кемтар балалармен ғана жұмыс істеп қоймайды. Оның қызмет өрісіне басына түскен бақытсыздыққа қатты күйзелетін, қиын жағдайларда өздерін түрліше ұстайтын ата – аналарда кіреді. Ата – аналардың бір тобы балаларының болашағы үшін күресуге іштей дайын емес, өзін күресуге дәрменсіз, шарасыз сезінеді, күресудің пайдасы да жоқ деп есептейді. Енді бірі белсене кірісіп, білместіктен баласына пайдадан гөрі зиянын тигізеді. Кейбір ата – аналар баласын тәрбиелеуге құлшына кірісіп, нәтиже тез байқала қоймаған соң әрекетсіздікке көшеді. Баласының кемтарлығына ұялып, оны оқшау ұстайтын ата – аналар да кездеседі. Ондайлар маманның көмегіне үлкен күшпен келеді. Ақылға келіп, баласына көмек көрсететін ата – аналар да бар. Олар дефектологтен ақыл – кеңес алып, болашаққа сенім артады. Мұғалім – дефектолог барлық ата – анаға көмектесуге тиіс. Біріне жүйелі, дұрыс жүргізілген жұмыс міндетті түрде табыс әкеледі, сөйтіп бала болашақта үлкен жетістікке жетеді деп сенім ұялатса, екіншісіне дұрыс бағыт ұстамайтынын, балаға деген қарым – қатынасын түбірінен өзгерту керек екенін түсіндіреді, үшіншісіне кемтар баламен жұмыс мықты шыдамдылық пен еңбек қажет ететінін, сәтсіздікке ұшыраған кезде күдер үзудің пайдасы жоқ екенін сендіреді.
Ата- анамен жүргізілетін жұмыс түрлері
1. Дәріс.
2. Тренинг.
3. Сауалнама.
4. Жағдаят.
5. Оқушының үйіне барып тұру.
6. «Ашық есік» күнін ұйымдастыру.
Сауалнама “Менің балам”
1. Бала мен ана арасындағы байланыс қандай болу керек?
2. Балаңыздың бойындағы екі жақсы, екі жаман асиетті атаңыз.
3. Балаңызды қандай жануарға теңер едіңіз? Неліктен?
4. Балаңызды қандай гүлге теңер едіңіз? Неліктен?
5. Балаңыз ауырғанда қандай көмек көрсетесіз?
6. Балаңыз жетістікке жеткенде немесе қателік жібергенде сіз қандай қолдау көрсетесіз?
7. Балаңызды қоғамнан алшақ ұстауға деген көзқарасыңыз?
Тренинг «Менің баламның жүрегі» Бұл жүрекке не керек?
«Менің сен сияқты керемет анаға тілейтінім!»…
Ата- анаға кеңес
Балаңыз қандай болса, сол күйінде қабылдаңыз. Табиғат баланы кірпияз, әрі күрделі етіп, баланың тұқым қуалаушы гендік жиынтығында оның тікелей ата- аналары емес, ондаған, жүздеген ата- бабаларының сапалары мен қасиеттерін аралас пайдаланады. Балаңыз қандай болса, сол күйінде қабылдаңыз. Табиғат баланы кірпияз, әрі күрделі етіп, баланың тұқым қуалаушы гендік жиынтығында оның тікелей ата- аналары емес, ондаған, жүздеген ата- бабаларының сапалары мен қасиеттерін аралас пайдаланады. Ата – анамен жұмыс, оларға кеңес беру, қиын кезде оларды қолдау, кемтар баласының болашағын ата – ананың алдына жайып салу педагог – дефектологтің қызметіндегі әрі күрделі, әрі маңызды аспект екенін естен шығармауымыз керек. Сонымен бірге кейде кемтар баланың ата – анасыда кемтар болуы мүмкін. Бұл жағдай педагог – дефектологтің жұмысын ауырлатады, дегенімен мәнін түсірмейді. Педагог – дефектологтің қызмет өрісіне кемтар баланың айналасындағыларға дефектологиялық білімдерді насихаттау да кіреді. Мұндай жұмыс өте қажет, өйткені кемтар баланың әлеуметтік бейімделуі оның психикалық ерекшелігіне, жеке бас өзгешелігіне ғана тәуелді емес, адамдардың онымен қарым – қатынас жасауға дайын еместігіне, оның қажеттіліктеріне түсінбеуі де тәуелді. Көпшілігі ынтамен – ақ көмектесер еді, бірақ қалай істеу керек екенін білмейді. Мұғалім – дефектологтің қызметі барлық балаларға, соның ішінде кемтарларға адамгершілікпен қарым – қатынас жасауға көмектесуі мүмкін. Педагог – дефектолог өзінің алдында тұрған күрделі міндетті үнемі шешіп отыруы тиіс, өйткені ол кемтар балалармен, оның ата – анасымен жұмыс істейді. Бұл үшін ол білімді, көп оқыған болуы керек. Бұл әсіресе оның жалпы және арнайы педагогика саласындағы біліміне қатысты. Ол жаңа әдебиеттермен таныс болып, оқыту мен тәрбиенің түрлі әдіс, тәсілдерін, жекелей жұмыс жүргізу түрлерін еркін меңгеріп, арнайы техникалық құралдарды пайдалана білуі тиіс. Бұл білімдерсіз ол оқу, тәрбие жұмысын іске асыра алмайды, оған коррекциялық бағыттылық бере алмайды, ауру баланың ата – анасына көмектесе алмайды. Әрине мұғалім – дефектолог түрлі кемістігі бар баланы тәрбиелеу мен оқыту мәселесін тең дәрежеде игере алмайды. Кемтар балалардың әр категориясының өзіне тән ерекшелігі бар. Дегенмен жалпы алғанда мұғалім – дефектолог дефектологиялық жұмыстың барлық бағыттарымен таныс болуы керек. Мұғалім – дефектолог педагогикалық білімдермен қоса жалпы және жас ерекшелік психологиясын, оның балалар және арнайы бөлімін жақсы білуі қажет. Бұларсыз баланың психологиялық әрекетіндегі ауытқулардың табиғатын, мәнін, сипатын, оның кемістігінің себебін түсінуге, даму перспективасын болжауға болмайды. Педагог – дефектологтің күнделікті жұмысында тез және қатесіз шешетін мәселелер үнемі туып жатады. Ал бұл мәселелердің бәрі педагогикалық байланысты бола бермейді. Олар көбінесе дәрігерлік, клиникалық сипаттағы білімдерді, физиологиялық заңдылықтарды түсінуді талап етеді. Сондықтан мұғалім осы мәселелерден міндетті түрде хабардар болуы тиіс. Жұмыс барысында педагог – дефектологке көңілді, мойымайтын мінез көмектеседі, бұл оның кемтар баламен қарым – қатынасының жалпы дәрежесін көтереді, оқу – тәрбие процесін жандандырады. Сүйікті ұстазының мінез – құлқына еріксіз еліктей отырып, балалар өмірге сеніммен қарайды, өз күшіне сенетін, тіптен аз қызықтыратын тапсырмаларды да ынтамен орындайтын болады. Мұғалім – дефектологтің жұмысы үлкен – кіші жігерді, жүрек жылуын қажет етеді. Ол жоғары адамгершілік сапалармен біріккен терең, жан – жақты білімдерсіз іске аспайды.
...