Адами құндылық
Автор: Umira • Июнь 22, 2020 • Лекция • 529 Слов (3 Страниц) • 488 Просмотры
7-дәріс.
Иә, жалпы адами құндылық пен адамгершілктің бастауы тілдесу болып табылады. Дұрыс сөйлеу біздің өзімізді жоғарылатады және ортамызда сыйымызды көтереді. Сондықтан қай жерде қандай сөз сөйлеуіміз керек, кіммен қалай сөйлеуіміз керек бәрін алдын ала біліп отырумыз керек. Мысалы, "Сөз өңештен өтеді" деген бар. Біреуге қатты сөйлеп қалсаңыз немесе ренжітемін деген ойда болмасаңыз да, аңдаусызда айтқан сөз жүрекке тиіп қалуы әбден мүмкін. Дұрыс сөйлеу деген, бір шешендік сөз емес. Жалпы орынды сөйлеу деген мағынада. Сөзді қарумен теңестіруге болады. Неге дейсіз ғой. Өйткені, сөз арқылы, яғни сөйлеу арқылы біз көптеген жетістікке жетеміз, оқимыз, дос жаран табамыз, жұмыс істейміз. Мысалы, "Жылы сөйлесең, жылан да інінен шығады" демейме? Қай жерде болмасын, адамның тамырын басып, сөз дөп айтсақ, қате болмағынын түсінеміз.
Тілдесудің екі түрі болады. Бірі біздің қарапайым тілмен сөйлесуіміз, екіншісі ишара, ыммен, түрлі іс қимылдармен. Бірақ, біздің тіліміз болса да, қарапайым тілдесе алсақ та бұл тілдің қадірін түсіне білмейтіндер қаншама. Ауыздарына келгенді айтып, сөзді қалай болса солай қолданып жатқандар қаншама. Өз ана тілінде сөйлемейтіндер ше? Өз тіліндегі әріптердің басын құрастыра алмайтындар туралы айтпағанда. Мұның бәріне налимыз. Бірақ, бұл өзіміздің кесірімізден. Үйде басқа тілде сөйлеп, баланы басқа тілдегі сыныпқа беріп.Мұның бәрі дұрыс емес.
Біз үлкендермен және кішілермен қалай сөйлесуді де білмей жатамыз. Үлкенге "Сен" дейміз. Кішіні қалай болса солай жұмсап, өз абыройымызды құртамыз. "Үлкенге-құрмет, кішіге-ізет" деген осыған шыққан. Танымайтын болсын, танитын болсын кісіге "Сіз" деп сөйлесек, өз тәрбиемізді көрсетеміз және сол кісінің жылы сөзі мен ықыласына ие боламыз.
Кешірім сұрау. Кішкентай кезімізде бір нәрсені сындырып алсақ, кешірім сұрау оңай болатын. Тіпті,мектеп кезінде үй тапсырмасын орындамасақ та, "келесі жолы орындап келемін,екі қоймай аө қойыңызшы",-дей салатынбыз. Өсе келе кешірім сұрау да, кешіруде қиын болып бара жатыр. Бала кезімізде, балалық қой істегені деген сөздерді жиі еститінбіз. Қазір өсті ғой, бір қателікті қайта жасай бере ме, дейді. Біз өз қателіктерімізден сабақ алуды үйренуіміз керек. Басқа адамның сезіміне тиіп кетуден аулақ болуымыз керек. Өйткені, адамның жүрегін жаралау оңай. Ал, жасаған қателегімізді уақыт өттірмей мойындау тіптен қиын. Сол мезеттегі жасаған ісіміз бен, сөздеріміз болашақта өзімізге дұшпан болуы мүмкін. Біз, дос пен дұшпанның ара жігін ажырата білгеніміз жөн. Айтады емес пе, қасыңдағы жауыңнан алыстағы арам досың қорқынышты деп. Өзімізге біреуді жау қылмауымыз керек. Дұшпан қалай пайда болады? Біздің аңдымай сөйлеген сөздерімізден, аңдамай жасаған әрекеттеріміздің әсері. Бірақ,кей жағдайда ол бұлай емес. Бізді көре алмайтындар біздің жетістікке жеткенімізді. Өмірде неше түрлі жағдай болады." Дұшпаныңды жеңу үшін, дұшпаныңның дұшпанымен дос бол",- бұл менің принципім.
...