Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Агрессивті жеткіншектермен тренинг жүргізу ерекшеліктері

Автор:   •  Апрель 3, 2019  •  Курсовая работа  •  23,123 Слов (93 Страниц)  •  737 Просмотры

Страница 1 из 93

Тақырыбы:   Агрессивті жеткіншектермен тренинг жүргізу ерекшеліктері

Кіріспе -------------------------------------------------------------------------------------3

1. Жеткіншектердің агрессивтілігі және оның алдын-алудың

теориялық-әдіснамалық негіздері

1.1 Агрессивтілік психологиялық мәселе-------------------------------------------5

1.2 Жеткіншектер агрессивтілігі және оның өзіндік ерекшеліктері ---------17

2.Психологиялық тренингтің теориялық және әдістемелік негіздері

2.1 Психологиялық тренингтің жалпы сипаттамасы----------------------------28

2.2Жеткіншектермен психологиялық тренинг

ұйымдастырудың ерекшеліктері ----------------------------------------------------44

3.Жеткіншектер агрессивтілігін зерттеу және алдын алу

шараларын ұйымдастыру әдістері--------------------------------------------------54

Қорытынды-----------------------------------------------------------------------------  66  

Әдебиеттер тізімі  -------------------------------------------------------- -------------68

Қосымшалар  ----------------------------------------------------------------------------71

     

     

         

Кіріспе

Зерттеудің өзектілігі. Қазіргі таңда агрессия мәселесі өзекті болып келеді, себебі бұл мәселемен біз күнделікті көшеде, мектепте қақтығысып отырамыз. Бұл проблеманың көрінуінің алаңдаушылық туғызатын белгісі кәмелеттік жасқа толмаған балалардың девиантты мінез-құлық көрсетіп, асоциалды  әрекеттерде (ішімдік, бұзақылық, нашақорлық) көрінуінің күрт өсуі. Ересектерге қатынасында демонстративті және ашу білдіретін әрекеттер күшейе түсті. Жастар арасында күрт заң бұзушылық әрекеттер көбейе түсті. Ауытқыған мінез-құлық әрекеттің жаңа түрлері пайда болуда: жеткіншектер экстремистердің саяси ұйымдарының әскери әрекеттеріне қатысады, қылмыстық топтармен бірлікте болады, жезөкшелікпен айналысады. Салыстырмалы түрде ауыр заң бұзушылық әрекеттері, адамдардың агрессивті мінез-құлық әрекетінің фактілері және дау-дамай жағдайларының көбеюі байқалып отыр. Жеткіншектер агресивтілік мәселесі теориялық тұрғыдан зерттеу әлі де жалғасуда.  Бұл мәселенің өзіндік тарихы бар. Шетелдік және кеңестік көптеген зерттеушілер агрессия мәселесімен әр жақты зерттеп қарастырған,  бірақ бір ортақ көзқарасқа келген жоқ, себебі бұл мәселе өте күрделі және жан-жақты, сондықтан бір шешімнің болуы мүмкін емес. Зерттеушілердің назарында осы мәселенің келесі аспектілері қарастырылды:  жеткіншектер агрессиясының туындауына биологиялық және әлеуметтік орта әсері, агрессивті әрекеттің жекелей және жыныстық жас кезеңдік ерекшеліктері, агрессияның алдын алу тәсілдері.

              Жаңа адамды қалыптастырудың басты аспектілерінің бірі өсіп келе жатқан ұрпақта гуманистік, сонымен қатар жетілген, дұрыс қарым-қатынасқа шынайы қойылымдарды тәрбиелеу болып табылады.

             Гуманисттік бағытталған мектептерде оқытудағы акцент білім берумен  шектелмей, әрбір баланың шығармашылық потенциалының дамуы үшін психологиялық-педагогикалық жағдай жасауға назар аударылады. Мектептегі гуманизациялау ұғымы оқыту тәжірибесіне психологиялық білімдер негізін қамтитын арнайы пәндерді енгізуді қамтамассыз етеді. Қазіргі шетел мектебінде әлеуметтік іскерліктерді, тұлғалық өсуді дамытатын, мінез-құлық стратегиялары мен қарым-қатынасқа үйрететін көптеген бағдарламалар бар. Біздің қазақ мектебімізде де осындай бағдарламаларды біртіндеп енгізу қажеттілігі туындап отыр.

        Неліктен мен осы тақырыпты таңдағаныма үңілетін болсақ, бәріміз білетіндей, жеткіншектік шақ топ әсеріне өте икемді болады. Сонымен қатар осы кезеңде өзіндік баға, «мен концепциясының» дамуы басталады. Жеткіншектік шақ тренингті өткізуге қолайлы болып келеді. Ал жеткіншектер үшін ең маңыздысы - бұл құрдастарының пікірі, құрдастарымен қарым-қатынасы. Егер жеткіншек осы кезде құрдастарымен тіл табыса алмайтын болса, бұл оның кейінгі дамуына жағымсыз әсер етеді.

         Біздің жұмысымызда біз А.А.Осипова, Л.Ф.Анн, И.В.Вачков, Л.А. Петровская, С.В.Петрушин, А.Грецов, А.Г. Лидерс, А.С. Прутченков, А.Б.Добрович, А.А.Бодалев, И.А.Илеева, Н.В.Гришина, Е.В.Руденский, М.С.Коган, А.А.Леонтьев, Н.Н.Обозов т.б.ғалымдардың еңбектеріне негізделдік. Г.Г.Григорьева, Л.В.Линская, Т.П.Угольцеваның «Основы конструктивного общения» атты еңбегі мен  А. Грецовтың «Жеткіншектерге арналған қарым-қатынас тренингі» кітабына сүйеніп, тренинг бағдарламасын жасадық.

...

Скачать:   txt (318.9 Kb)   pdf (969.9 Kb)   docx (220.7 Kb)  
Продолжить читать еще 92 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club