Әлемдегі білім берудің ұлттық жүйесі
Автор: kadirshinova • Сентябрь 19, 2023 • Лекция • 1,070 Слов (5 Страниц) • 195 Просмотры
Әлемдегі білім берудің ұлттық жүйесі
Бүгінде Қазақстанда көптеген әлем мемлекеттеріндегі сияқты қоғамның әлеуметтік-экономикалық дамуының және әлеуметтік тұтастығының негізі болып табылатын нәтижеге бағытталған білім берудің жаңа моделі қалыптасуда. Қазақстан Республикасының жоғары білім беру жүйесінің құрылымы мен мазмұнын жаңғырту барысында көптеген шаралар өткізілу үстінде:
-мамандарды даярлаудың үш сатылық жүйесіне көшу басталды (бакалавриат-магистратура-доктарантура РһD);
-бакалавриат және магистратура студенттері кредиттік оқыту технологиясына ауыстырылды;
-фундаментализм, прагматизм, интеграциялау, дифференциялау, бірегейлендіру (унификация), диверсификация аспектілері күшейтілген;
-стандарттау және көп вариативтілік, көп кезеңдік пен үздіксіздік, технологияландыру мен гуманизациялау, универсализация мен мамандандыру, орталықтандыру мен орталықсыздандыру, интернационализациялау мен этнизация, саяси идеологиялау мен плюрализация аспектілері өзара әрекеттеседі;
-білім берудің сапасын қамтамасыз ететін, оның жаһандануымен, ашықтығымен байланысты Болон үдерісінің идеялары іске асуда.
Жоғары оқудың жүйесін жаңғырту барысындағы барлық шаралар Қазақстан Республикасының «Білім беру туралы» Заңы (2007ж.) [18], 2015 жылға дейінгі Қазақстан Республикасында білім беруді дамыту концепциясы (2003ж.) [19], Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін ақпараттандыру концепциясы (2001ж.) [20], Қазақстан Республикасында 2020 жылға дейін білім беру жүйесін дамытудың мемлекеттік бағдарламасы [21] секілді нормативті-құқықтық құжаттардан көрініс тапты.
Педагогиканы оқыту үдерісінің мазмұны жетілетінін және құрылымы өзгеретінін ескере отырып, қазіргі замандағы педагогикалық білім беруге тән, жүргізіліп жатқан жаңғырту (модернизация) контекстінде негізгі тенденцияларды қарастырамыз. Тенденция дегеніміз дамудың бағыты, бейімділік, ұмтылыс дегенді білдіреді [22, 725-бет].
Педагогикалық білім берудің фундаментализмі дегеніміз студенттердің жан-жақты адам туралы және оның қоршаған ортамен қатынасы жайлы біліммен қарулануы, өз бетінше жаңа білімнің, іскерлік пен дағдының тәсілдерін меңгеруі, гуманитарлық және жаратылыстану ғылымдарының интеграциялануы. Осының барлығы жоғары оқу орнының түлегіне шығармашылық әлеуетін іске асыруды, интеллектуалды және эмоциялы-адамгершілік мәдениеттің сапалы деңгейін қалыптастыруды қамтамасыз етеді, өздігінен білім алуда ішкі қажеттілікті құрайды, тұлғаның тез өзгеріп тұратын әлеуметтік-мәдени жағдайда бейімделуіне көмектеседі.
Прагматизм – фундаментализмнің полярлы тенденциясы болып табылады. Прагматизм – бұл педагогикалық білім берудің практикалық құрамдас бөлігі. Ол студенттермен болашақ кәсіби педагогикалық іс-әрекеттің алгоритмін меңгеруді жобалайды. Оның пайдалылығы іс жүзінде тексерілуде. Прагматизмнің ерекшелігі ол тек білім беру қызметіндегі қоғамның сұранысы мен нарық қатынастарымен шарттасқандықтан алдын-ала жоспарлана алмайды.
Әдіснамаландыру – педагогикалық білім беру мазмұнының қазіргі заманғы ғылыми амалдармен, білім жүйелерімен толығып, жүйелілік, қозғалмалылық, жалпылылық және танымдық бағдарларының жоғары деңгейлі көрсеткіштермен сипатталуы.
Интеграциялау – қазіргі заманғы-педагогикалық білім берудіңдаму болашағы мен заңдылықтарын түсінуге көмектесетін, элементтер мен компоненттер жиынтығымен танылған педагогикалық жүйенің бүтіндігін қамтамасыз етеді. Педагогикалық пәндер интеграциясының негізінде ғылым аралық, пәнарлық, ішкі пәнаралық байланыстың түрлері жатыр.
Дифференциациялау интеграцияның «кері» жағы болып табылады. Дифференциация оқу пәндерін ерекшеліктерін есепке ала отырып, оларды бөледі. Мысалы, «Әлеуметтік педагогика» пәні педагогикалық және педагогикалық емес мамандық студенттерімен оқытылса, ал «Мектепке дейінгі педагогика» пәні «Мектепке дейінгі білім беру және тәрбие» мамандығының, «Түзетушілік (коррекционная) педагогика» пәні «Дефектология»мамандығының студенттерімен оқылады.
Бірегейлендіру (унификация) – бұл әр түрлі білім беру орындарының (университет, институт, академия, колледж және т.б.) шегіндепедагогикалық білім берудің меңгеру мазмұнын, көлемін, уақытын, формаларын, әдістерін, тәсілдерін, құралдарын бір жүйеге түсіруге тырысу. Мысалы, «Педагогиканы оқыту әдістемесі» пәнінің мазмұны «Педагогика және психология» мамандықтарына 2 кредит, яғни 90 сағат болып бірегейлендірілген.
Диверсификация – бұл білім алушылардың сұранысын, қызығушылығын қажеттіліктерін ескере отырып жасалған, педагогикалық білім беруді іске асыратын білім берудің және білім беру орындарының (университет, институт, академия, колледж және т.б.) көп түрлілігі.
Стандарттау – бакалавриат түлегі дайындығының деңгейіне деген мемлекеттік дәрежеде танылған нормалар мен талаптардың жиынтығы.
Көп вариативтілік – құрылымы мен мазмұны арқылы көрініс табатын педагогикалық білім берудің ерекшелігі. Қазақстан Республикасындағы құрылымның көп вариативтілігі педагогикалық білім берудің көп түрлі деңгейімен танылған: жоғары білім беру (бакалавриат), жоғары оқудан кейінгі білім беру (магистратура, докторантура PhD).
Үздіксіз – білім беру сатылары (бакалавриат, магистратура, докторантура PhD) бойынша педагогикалық білім берудің мазмұнын оқу кезінде сабақтастық принципін ескере отырып, педагогикалық оқытуды академиялық кезеңдерге бөледі. Сонымен қатар өзін-өзі оқыту маңыздылығы мен ұзақтығын қарастырады, себебі оның көмегімен қажетті педагогикалық білім, іскерлік, дағды және құзыреттілікке иеленеді.
Технологияландыру – педагогикалық білім беру мазмұнын меңгерудің ережелері мен алгоритмдерін, сонымен қатар педагогиканы оқыту үдерісінің технологиялық алғышарттарын әзірлеуді қалыптастырады.
Гуманизация – технологияландырудың полярлы тенденциясы болып табылады. Студенттің мүмкіндігін ескере отырып, оның жекелей тұлғалық әлеуетін дамытуға мүмкіндік беруге, педагогиканы оқыту үдерісін «адам ету» шартын құруға бағдарланған.
Универсализация – педагогикалық білім беру мен оны меңгеру үдерісіне көп функционалдық және универсалдық қасиет беру. Басқа сөзбен айтсақ, педагогикалық білім тек педагог-маманға ғана керек емес, ол «адам-адам» жүйесінде қызмет ететін басқа да мамандықтар өкілдеріне қажет.
Мамандандыру – еңбек пәні мен нақты іс-әрекетін ескере отырып жасалған, педагогикалық мамандықтардың шегінде педагогты нақты іс-әрекет түріне дайындауға бағытталған педагогикалық пәндерді іріктеу. Мысалы, педагогика пәнің оқытушысы, әлеуметтік педагог, педагог-дефектолог және т.б.
Ақпараттандыру – ғылымның дамуына байланысты пайда болатын, ақпараттық технологиялар мен жаңа телекоммуникация құралдарын педагогиканы оқыту үдерісі кезінде қолдану, педагогикалық білім беру мазмұнын жаңа ақпараттармен толықтыру.
Орталықтандыру (централизациялау) – жоғары білім беру жүйесін бір орыннан басқару.Мысалы,ҚР Білім және ғылым министірлігімен педагогикалық білім берудің мазмұнына деген талап анықталады.
Орталықсыздандыру (децентрализация) – орталықтандырудың керісінше үдерісі. Педагогикалық білім берудің мазмұнына деген жеке талаптар аймақтық және жоғары оқу орындар деңгейінде, нақты педагогикалық практиканың сұраныстары мен қажеттіліктері ескеріле отырып анықталады және белгіленеді.
Интернационализациялау – педагогиканы оқыту үдерісін ұйымдастыру кезінде педагогикалық білім берудің мазмұнына әр ұлттар мен халықтардың жалпы адами идеяларын, халықаралық тәжірибенің есебін енгізуге бағдарланған.
Этнизация – педагогикалық білім берудің мазмұнын әр ұлттың мәдени құндылықтарымен толықтыруға бағытталған.
Саяси идеология – педагогикалық білім берудің мазмұнында демократиялық қоғам мен құқықтық мемлекеттің басты саяси идеяларының көрініс табуы.
Плюрализация – педагогикалық білім берудің әр түрлі парадигмалары мен концепциялары, ғылыми бағыттары және ғылыми мектептері бар екендігін болжалдайды.
Білім берудің жаһандануы – білім берудің ашықтығына бағытталған, яғни білім алудың жалпыға қол жетімділігі, оны игерудің мол мүмкіндіктерінің болуы. Мысалы, адамдардың барлық категориялары педагогикалық білімді шектеусіз көлемде ала алады.
Жаһандану Болон үдерісінің негізгі контекстінде қарастырылады. Болон үдерісі – Еуропадағы соңғы отыз жылдағы кең масштабтағы жоғары білім беру жүйесінің реформасы. Оның мақсаты біртұтас халықаралық білім беру кеңістігін құру. Онда студенттер мен жоғары мектеп қызметкерлерінің еркін қозғалуы қамтамасыз етіліп, біліктіліктері танылып, халықаралық келісімді кеңіту қарастырылған.
2007 жылы Болон хартиясына Қазақстан қол қойды. Мемлекетіміз білім берудің еуропалық интеграциялық үдерісіне қосылмауы мүмкін емес, себебі онсыз еуропалық білім беру қызметінің нарығына қатысу мүмкіндігі болмай, байланыс жоғалады.
Педагогиканың мазмұнын жетілдіру тек білім беру жүйесінің даму тенденцияларына ғана байланысты емес, ол факторлар тізіміне де байланысты. Білім берудің мазмұнын жетілдіруге әсер ететін негізгі үш фактор ерекшеленеді:
-білім беру жүйесінің алдына әлеуметтік тапсырыс ретіне қоятын қоғамның мақсаттары;
-қоғамның қажеттіліктері оның даму тенденцияларынан туындайды;
-білім берудегі және өз бетімен білім алудағы тұлғаның қажеттіліктері.
Педагогикалық білім берудің құрылымы дамуына деген талаптар ретінде келесілер сипатталады:
-жүйелілік, ол педагогиканың мазмұнын меңгеруге арналған қоршаған орта туралы ақпараттың бөлігі болып табылады;
-тұтас қабылдау, яғни барлық элементтердің өзара байланысу кезінде көрініс табатын, қабылдауға арналған педагогикалық ақпарат;
-үздіксіз, бұл ақпаратты жүйелі және толық қабылдауды қамтамасыз ететін баяндаудың бірізділігі;
-іріктеу және құрылымдау, ол оқу материалдағы негізгі және қосымша ақпараттарды анықтап, ажыратып көрсету;
-жаңа немесе меңгеріліп қойған ақпараттардың қисынды сабақтастығын қамтамасыз ету;
-мазмұн өзектілігін арттыру, ол оқу ақпаратын болашақтағы педагогикалық іс-әрекет үшін мәнін арттыруға бағытталған;
-мазмұн технологиялылығы – педагогика мазмұнын тиімді түрде меңгеруге мүмкіндік беретін арнайы әзірленген рәсімдер;
-іс-әрекеттік амал – оқу ақпараты оқу-танымдық іс-әрекет барысында алынып, болашақтағы педагогикалық іс-әрекетке қолданылуына бағытталған.
-педагогика мазмұнын меңгеруде алға жылжудың жеке траекториясын таңдау мүмкіндігі;
-рефлексия дағдыларының дамуы, яғни педагогика мазмұнын меңгеруге деген жауапкершілікті қалыптастыру.
...