Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Қазақ қандай халық

Автор:   •  Апрель 17, 2018  •  Реферат  •  1,284 Слов (6 Страниц)  •  1,405 Просмотры

Страница 1 из 6

Қазақ қандай халық

Кіріспе

Қазіргі кезге тән гуманитария, жаратылыстану және нақты ғылым салаларының дамуының негізгі мақсаты – адам және оны қоршаған әлемді зерртеп тану. “Қазақ қандай халық” деген сұрақтың жауабы барша қазақ адамына әр түрлі болып келеді, бірақ маңыздылығы жағынан бір жоғарғы деңгейде орын алып тұруы қажет. Ежелде қазақ халқы отар болған заманында, сол кездегі зиялы қауым қайраткерлері, өкілдері я ақындары ұлттың бостандығын, егемендігін арман етіп, жанқиарлықпен жүйеге қарсы күресіп қазақ халқының сана-сезімін оятты және бүгінгі күнде жас буын сол еңбектің жемісін көріп жүр. Ал қазіргі заманда қазақ халқының ең басты мақсаттарының бірі - ол біртұтас болашағы жарық ұлтты қалыптастыру. Оның құрамына әлемдік және экономикалық саясаттың жоғарғы деңгейде даму процесі немесе оған жету жолдарын іздестіру кіреді. Жаңа заманның жетістігіне жету үшін қазақ халқы өзін-өзі тану үдерісін ұйымдастыруы тиіс, себебі өзіне тән қасиеттерді біле тұра ұлт биік шындарға қол жеткізуі мүмкін. Гуманитария саласы арқылы қазақ халқына сипаттама беру мақсатында, біріншіден, ғылыми тұрғыда оның шығу-тегін, қазіргі халық  немесе “ұлт” деңгейіне жету кезеңдерін, оған сәйкес үлгі ретінде қалыптасқан тіл, рухани мәдениет, мысалы салт-дәстүр, әдет-ғұрып, тек қазаққа сай өзіндік ерешеліктерді баяндап кетуінің маңызы зор. Оның себебі: ұлтты қалыптастырған үдерістердің және халықтың рухани, материалды мәдениеттің зерттеулері негізгі сипаттама ақпаратын ұсынады.

         Бұл шығармада қазақ халқының өзгеше, ерекше деп саналатын қасиеттерді немесе сипаттамаларды талдау, ол құндылықтардың ғылыми тұрғыдан зерттеу тәсілдері, гуманитария салалары туралы мәлімет беру. Қазіргі кезде даму үдерісіне сипатталған қасиеттердің тигізетін үлесі не зияны ескертіледі.

Негізгі бөлім

Қазақ халқының қалыптасу процесі ұзаққа созылды. Бұл құбылысқа монғол шапқыншылығының жиілігі және кейіннен қазақ жерлерін жаулап алуы негізгі себеп деп есептеледі. Шапқыншылық әсерінен пайда болған Ақ Орданың, Моғолстанның, Әбілхайыр хандығының, Ноғай Ордасының бір тұтас жүйеге бағынбауы, Қазақстан аумағындағы ру-тайпалардың байланыстарының ыдырауына соқтырды. Монғол үстемдігінен кейінгі жергілікті халықтың этностық құрамы өзгерді, дегенмен Оңтүстік Қазақстан аумағында халықтың тілдік сабақтастығы мен ортақ тұрмыс жағдайы ұлт болуына алғашқы қадамдары байқалды. Қазақ хандығы құрылғаннан кейінгі кездерде де көптеген қиыншылықтарға ұшыраған халық ұлтқа тән рухани мәденитін, әдет-ғұрпын, тілің, өзін бір халықтың өкілі санасын, “қазақ” атты ортақ атауын жаңғыртты. Василий Радлов тілші әрі академиктің айтуынша, шексіз ұрыстар мен соншалықты шапқыншылықты басынан өткерген халықтың ыдырауы ықтимал болатын, алайда қазақ халқының нақ сол жағдайларда байлығы тасып, ықпалы кеңге жая бастады [1].

Қазақ халқын тану үшін XV ғасырда құрылған қазақ хандығындағы оқиғаларынан басталуы тиіс. Оны тарих ғылым саласы арқылы бізге тек ежелдегі оқиғаларды баяндап білгізу емес, сонымен қоса ұлттың рухани дүниесін қалыптастырушы факторлерді еске түсіру. “Бір халық өзінің тарихын білмесе, бір ел өзінің тарихын жоғалтса, оның артынша өзі де жоғалуға ыңғайлы болып тұрады” деп қазақьтың ұлы қайраткері Әлихан Бөкейханов айтып кеткендей, біз қазақ ұлтының өткен тарихын зерттеу арқылы ел болашағын айқындай аламыз [2]. Қорытылай келе әр халықты тану, білу мақсатында тарих ғылымының алатын орны зор.

        Археология саласы қазақ халқының тарихи құндылықтарды танып білуде өзінің рөлін атқарды. Бұл саланың еңбектеріне сүйіне отырып біз ұлтымыздың тұрмыс салтының ерешеліктерін байқай аламыз. Қазақстан аумағында XIX ғасырларда Василий Радлов, Василий Бартольд сияқты болса, XX ғасырдың басында Әлкей Марғұлан басқарған мәдени мұраларды зерттеуге бағытталған  экспедициялар жүргізген [1].

        Қазақ халқының шығу туралы аспектілері лингвистикалық және антропологиялық ғылымдарына да жатқызады. Соның ішінде этнолинвистика саласы нақтылай этнос болмысын, үдерістерін сол халықтың орнатылған ортақ тілі арқылы түсіндіреді, себебі халықтың ана тілі өзінің ішінде ұлттың рухани ерешеліктерін, өзіндік ойлау ұғымдарын, танымы мен талғамын, әдет-ғұрпын және салт-дәстүрін сақтайды. Этнолингвистика күрделі жүйені қамтиды, яғни оның ішіне тарихи, мәдени және өркениеттік мәлімет жиналғанын анық көреміз [3]. Профессор Қ. Жұбановтың: «Халықтардың тұрмыс қалпы түрлі-түрлі болған соң, олардың әр затқа қоятын аттары да түрлі-түрлі. Тіл ұзақ заман жасалады, бірден өзгермейді, оның өзгерісі тұрмысқа байланысты» деп айтылған ойында тілдің халық арасында атқаратын рөлін көрсетеді [4].

...

Скачать:   txt (17.4 Kb)   pdf (112.8 Kb)   docx (15.8 Kb)  
Продолжить читать еще 5 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club