Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Қазақстанның халқы

Автор:   •  Март 3, 2021  •  Лекция  •  1,849 Слов (8 Страниц)  •  536 Просмотры

Страница 1 из 8

Тақырып 3. Қазақстанның халқы

Сұрақтар:.

1.        Бүгінде Қазақстан халқының жалпы саны қанша ?

https://countrymeters.info/ru/Kazakhstan сайтының мәліметі боынша Қазақстан халқының саны-18 986 503.

Біздің бағалауымыз бойынша, 2020 жылдың соңында Қазақстан халқы 18 953 799 адамды құрады. 2020 жылы Қазақстан халқының саны шамамен 289 116 адамға өсті. Қазақстан халқы жыл басында 18 664 683 адам деп бағаланғанын ескере отырып, жылдық өсім 1,55% құрады.

2.        Қазақстан халқының өсу динамикасы дегенді қалай түсінесің ?

Қазақстан Республикасы халқының саны 1991 жылдың басында 16,4

млн. адамды құрады, ал 2000 жылдың басында 14,9 млн. адамға дейін кеміді

(1-сурет). 2002 жылдан бастап аталған көрсеткіш тұрақты өсіп, 2012 жылдың

басында 16,9 млн. адамды құрады, ал 2013 жылға қарай 17 млн. адамға жетті.

1990-жылдардағы халық санының елеулі төмендеуі этнос өкілдері бөлігінің

тарихи отанына тұрақты тұруға кетуімен және бала туу деңгейінің

төмендеуімен байланысты. 2003 жылдан бастап мемлекетімізде халық

санының өсуі басталды. Өсудің негізгі көзі табиғи өсім болып табылады

3.        Қазақстан халқының тілдік құрамы бойынша жіктелуі, басым топтары

2009 жылғы санақ бойынша, республика халқының 74,0 %-ы қазақ тілін ауызша түсінеді, оның ішінде 64,8 %-ы еркін оқиды, оның 62,0 %-ы еркін жазады. Қазақ тілін әсіресе түркі-мұсылман этностары өкілдері басымырақ игеріп, оң пайдалануда: өзбектер – 95,5, ұйғырлар – 93,7;  қырғыздар – 92,7, түріктер – 91,0, тәжіктер – 89,4, әзербайжандар 81,2, күрдтер – 77,5, татарлар – 72,8, шешендер – 56,4, дүнгендер – 49,7 және т.с.с. Славяндар мен басқа еуропалық этнос өкілдерінің де қазақ тілін меңгеруде едәуір жетістіктері баршылық: орыстар – 25,3, украиндар – 21,5, белорустар – 19,0, немістер – 24,7, поляктар – 20,9, кәрістер – 43,4  % және т.с.с.

Қазақстан халқының негізгі бөлігі бес тілдік әулеттің - алтай (халықтың 69%), үндіеуропа (30%), Солтүстік Кавказ (0,4%), синотибет (0,3%) жөне орал-юкагир (0,2%) әулеттер құрамына кіреді. Алтай тіл әулетіндегі ең ірісі - түркі тобы, ал қазақтар - елдегі түркі халықтарының ішіндегі ең саны көбі болып есептеледі. Үндіеуропа әулетіндегі саны бойынша біріншісі - славян тобы, ал ең ірі славян халқы — орыстар.

4.        Қазақстан халықтарының ұстанатын негізгі және қосымша діндері

Қазақстан Республикасы - зайырлы мемлекет. Конституция ар-ұждан еркіндігін дәріптейді: азаматтардың кез келген дінді қстануға немесе мүлдем ұстанбауға құқы бар.

Қазіргі уақытта елімізде рухани өмір қайта жанданып, қоғамдағы діннің ықпалы өсуде. Діни ұйымдар бейбітшілік пен келісімді нығайтуға өз үлестерін қосуда.

Қазақстандағы дінге сенушілердің ішінде сүнниттік ислам (70%) сандары басым. Қазақ, өзбек, татар, түрік, ұйғыр, күрд, төжік, башқұрт, қырғыз, чешен, ингуш, дүнгендердің басым көпшілігі мұсылман-сүнниттер. Әзірбайжандардың біразы исламның басқа бағыты - шиитті ұстанады.

Орыс, украин, белорус, болгар, молдаван, грек, шуваш, мордва, удмурт пен марийліктерде православие діні таралған. Неміс христиандары арасында негізінен протестанттар мен католиктер көп. Көрістер негізінен протестанттар, ал поляктар - католиктер. Армяндар христиан дінінің ежелгі, ерекше тармағына табынады. Христиандар барлық облыстарда, негізінен — солтүстікте, шығыста және орталықта таралған.

5.        Қазақстан халқының этникалық құрамы

Қазақстан әлемдегі көп ұлтты мемлекеттердің бірі. Онда тегі, тілі, мәдениеті әр түрлі, бірак тарихи тағдыры ортақ 130 ұлт пен ұлыстың өкілі (этностар) тұрады.

Олар:

1) еліміздің негізгі халқы қазақтар;

2) бұрынғы КСРО республикаларында тұратын адамдар тобы

(орыстар, украиндар, белорустар мен молдавандар);

3) алыс шет елдерде тұратын адамдар тобы (немістер, поляктар, еврейлер, корейлер, гректер).

6.        Қазақстандағы демографиялық саясаттың оң және теріс жақтары

...

Скачать:   txt (22.5 Kb)   pdf (127.8 Kb)   docx (48.8 Kb)  
Продолжить читать еще 7 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club