Қазақстан республикасында инклюзивті білім беруді дамытудың тұжырымдамалық тәсілдерін жүзеге асыру жолдары
Автор: Мен Мен • Ноябрь 11, 2021 • Реферат • 2,547 Слов (11 Страниц) • 1,263 Просмотры
Реферат:
«Қазақстан республикасында инклюзивті білім беруді дамытудың тұжырымдамалық тәсілдерін жүзеге асыру жолдары»
2021
Мазмұны:
Кіріспе
1.Инклюзивтібілімберудідамытудыңтұжырымдамалықтәсілдерініңстратегиялықбағыттары.
2.Инклюзивті білім беруді дамытудың тұжырымдамалық тәсілдерін іске асырудың тетіктері.
3.Тұжырымдамалық тәсілдерден күтілетін нәтижелер және іске асыру кезеңдері .
4.Қорытынды.
Пайдаланған әдебиеттер
Кіріспе
Қазақстан Республикасы
Білім және ғылым министрінің
2015 жылғы 01 маусымдағы
№ 348 бұйрығыменбекітілген
Қазақстан Республикасында инклюзивті білім беруді дамытудың тұжырымдамалық тәсілдері.Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстан-2050» Стратегиясықалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты халқына Жолдауында білімберуді дамыту мемлекеттік саясаттың басым бағыттарының бірі болыптанылады.Білім беру саласындағы мемлекеттік саясаттың негізгі қағидаттарынабаршаның сапалы білім алуға құқықтарының теңдігі; әрбір адамның зияткерлікдамуы, психикалық-физиологиялық және жеке ерекшеліктері ескеріле отырып, халықтың барлық деңгейдегі білімге қолжетімділігі жатады («Білім туралы» ҚРЗаңының, 3-бабының, 1, 2-тармақтары). Инклюзивті білім беру баршаның сапалы білімге қол жетімділігінқамтамасыз етуге бағытталған білім беру жүйесін тарату процестерінің біріболып табылады. Ол балалардың дене, психикалық, зияткерлік, мәдени-этникалық, тілдік және басқа да ерекшеліктеріне қарамастан, сапалы білім беруортасына айрықша білім алу қажеттіліктері бар балаларды қосуды, барлықкедергілерді жоюды, олардың сапалы білім алуы үшін және олардың әлеуметтікбейімделуін, социумге кірігуін көздейді. Өткен жүзжылдықтың аяғынан бастап инклюзивті білім беруді дамытуәлемнің көптеген: АҚШ, Ұлыбритания, Дания, Испания, Финляндия, Германия, Италия, Австралия және т.б. елдерінде білім беру саясатының жетекшібағдарына айналды. Осы елдерде балалардың дамуы мен әлеуметтік бейімделуіүшін тиісті психологиялық-педагогикалық жағдай жасалған жалпы білім беруұйымдарында психикалық және дене бұзылыстары бар, дамуында арттақалушылығы бар балалар қалыпты дамыған құрдастарымен бірге табысты білімалуда.Инклюзивті білім беруді дамытудың тұжырымдамалық тәсілдері адамқұқығы саласындағы негіз болатын халықаралық құжаттарға сәйкес әзірленгенжәне әлемдік үрдістерді, білім беру саласындағы әлемдік практиканыңжетістіктерін және қазақстандық білім беру жүйесін дамытудың басым міндеттерін ескеріп әзірленген.
1. Инклюзивті білім беруді енгізу
Бүгінгі таңда инклюзивті білім беру басымдық танытуда Қазақстанда басқасанаттағы оқушылармен бірге білім алуды және тең қолжетімділікті көздейтінмүмкіндіктері шектеулі адамдарға қатысты.2015 жылы туылғаннан 18 жасқа дейінгі 141 952 мүмкіндіктері шектеулібалалар немесе жалпы бала санының 2,8%-ы анықталды. Оның ішінде мектеп жасында - 94 266 бала. Анықталған мүмкіндіктері шектеулі балалар 7-12% әлемдік көрсеткішпен салыстырғанда 2,8%-ды құрайды. Қазіргі уақытта 27% мүмкіндіктері шектеулі балаларды инклюзивті оқытуүшін 30,5% мектепте жағдай жасалған. Жоғары оқу орындарындағы мүмкіндіктері шектеулі студенттер саны 570-ті құрайды. Оның ішінде 1-топ мүгедектігімен - 16 адам, 2-топта – 88 адам, 3-топта 466 адам бар.Жоғары білім алуға мүгедектердің құқығын қамтамасыз ету бойынша ҚРҮкіметінің 2012 жылғы 28 ақпандағы №26 қаулысына сəйкес жоғары оқуорнына қабылдау квотасы бекітілген (2012 жылдан бастап мүгедектерге арналған квота көлемі 1%, бұрын – 0,5%). Қазіргі кезде Қазақстанда инклюзивті білім беру жүйесін құрудың белгілібір модельдері мен жинақталған тәжірибесі бар.
...