Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Тәуелсіздік тірегім

Автор:   •  Ноябрь 23, 2021  •  Статья  •  665 Слов (3 Страниц)  •  213 Просмотры

Страница 1 из 3

«ТӘУЕЛСІЗДІК ТІРЕГІМ».

Жанболатова Аида Жанболатқызы ағылшын тілі пәні мұғалімі, педагог-модератор.

Тәуелсіз Қазақстан – өз туы, әнұраны, елтаңбасы, Заңы бар,өз тілі, діні, іргесі қаланған жас та болса бас қаласы – Нұр-сұлтан, Елбасы-Н.Ә.Назарбаев, экономикасы дамыған,жер қазба байлықтары қолында бар ел. Енді сұрақ осы байлық, бақыт, ең әуелі Тәуелсіздік қалай келді? Не түрткі? Кім себепші?Олай болса тарихқа үңіліп қарасақ. Ерте ғасырлардағы Түрік қағанатының, одан кейінгі Алтын Орда, Ақ Орда мемлекеттерінің негізгі мұрагері саналатын Қазақ хандығы XIV ғасырдың екінші жартысында жеке мемлекет болып құрылды. Әбілқайыр хандығынан бөлініп, көш бастап, халықты соңынан ерте білген Шыңғыс ханның ұрпақтары Керей мен Жәнібек сұлтандар еді. XVII ғасырдың орта тұсында басталған Жоңғар шапқыншылығы қарыштап келе жатқан Қазақ хандығының ары қарай дамуын бірнеше ғасырға тежеді. 

Ал осыдан ары қарай, Ресей патшалығының отарлау саясаты. Қазақтар Ресей құрамына бір күнде қосыла салған жоқ. Ол да бір ғасырға жуық уақытқа созылған, қанды шайқастары көп, ұрысқа толы үрдіс болды. Қай қайсысы болсын орыс патшалығының құрамына өз еркімен қосылмады. Отарлау саясаты халықты қырғынға ұшыратты. Жер жерде түрлі көтерілістер болып тұрды. Солардың ішінде Сырым Датұлының, Исатай Тайманұлы мен Махамбет Өтемісұлының, Жанқожа Нұрмұхамедұлының, Кенесары Қасымұлының Ұлт азаттық көтерілістерін қалай айтпасқа.

Уақыт өте келе КСРО мемлекеті құрылып, оның құрамына бұрын патшалық құрамында болған Қазақстан да кірді. Осылайша қазақ халқы бір империяның қол астынан шықпай жатып, екінші империяның қол астына өтті. Бірақ бұл кезеңде де тәуелсіздік үшін күрес тоқтаған жоқ. Ол Әлихан Бөкейхан бастаған алашордалықтардың жүргізген саясаты арқылы жүзеге асты.  Қараңыздаршы осы оқиғаға дейін әлі ішінде айтылмай, жазылмай кеткен қаншама тәуелсіздік жолында қаза тапқан, азап тартқан қазақ белсенділері бар. Олар туралы қаншама кітаптар , деректер, аңыз-әңгімелер бар. Қазақты түбегейлі әлсірету үшін қолдан ашаршылық ұйымдастырып, халқымыздың тең жартысын қырды. Бірақ қазақ осы қиындықтың бәріне төзіп қана қоймай, орнынан қайта тұруға да шамасы бар екенін 1986 жылдың желтоқсанында болған көтеріліс арқылы дәлелдеді. Менің ойымша осы 1986 жылғы оқиға тәуелсіздікке жетудің ащы дәмін сездірген сияқты.  Ол жас жігіттер ар-намыс пен елдік рух жолында теңдікті талап еткен тегеурінді күш-қайнарының тоғысқан шағы еді. Ел мен ұлттың тәуелсіздік құқығын қорғау үшін бас көтерген желтоқсандық жігіттер мен қыздардың бұл қадамы шын мәнінде ерлік еді. Міне, осы қанды оқиғадан кейін бес жыл өткен соң, Қазақстан тәуелсіздік туын тікті.

...

Скачать:   txt (9.1 Kb)   pdf (78.9 Kb)   docx (146.5 Kb)  
Продолжить читать еще 2 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club