Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Сүйіспеншілік және шығармашылық педагогикасы

Автор:   •  Июнь 15, 2022  •  Эссе  •  414 Слов (2 Страниц)  •  216 Просмотры

Страница 1 из 2

       Сүйіспеншілік және шығармашылық педагогикасы

Өзін-өзі тану сабағы - балалардың жан дүниесі үшін қажетті пәндердің бірі. «Өзін - өзі тану пәні» арқылы жан - жақты дамыған, рухани адамгершілігі мол, ұлттық құндылықтарымызды құрметтейтін, бір - біріне сүйіспеншілікпен, құрметпен қарайтын, өмір сүруге деген құштарлығы жоғары жеке тұлға тәрбиеленеді. Тәрбие көзі болатын аңыз - әңгімелер, мақал - мәтелдер, нақыл сөздер, ұлылардың ұлағатты сөздері, ақын - жазушылардың еңбектері, түйінді сөздер, жаманнан жирену, жақсыдан үйрену «Өзін - өзі тану» пәнінің өзегі болып табылады.Н.Наушабаев атындағы мектеп-гимназиясында

Өзін-өзі тану: «Сүйіспеншілік және шығармашылық педагогикасы» онкүндігі өтті.Онкүндік аясында әр-түрлі іс-шаралармен бірге «Жүректен-жүрекке», «Мейірімді жүректер ынтымақтастығы» атты қайырымдылық акциялары ұйымдастырылды.

Денсаулығына байланысты үйден оқитын                    1 «Ә» сынып оқушысы Қанат Бейбарыс Абзалұлына қайырымдылық жұмыстары жасалды.Сыйлықтар табысталды.

Өзін-өзі тану пәні мұғалімдері ашық сабақтар өткізіп,

  Оқушылармен үнемі қарым-қатынаста бола отырып,олардың ішкі жан дүниесін түсініп,жандарын жадыратып отыруға тырысып,шығармашылыққа бейімделулеріне,өз ойларын,пікірін ашық айтуға жігерлендірді. Оқушылар сабақта өзі туралы,өзінің ішкі ойларын, көзқарасын, кез-келген іс-әрекетке пікірін,жолдастарына деген жылы сезімдерін еркін білдіре алады.
Адамдар тұлға болып өзіндік жеке бас ерекшеліктерімен бірден дүниеге келмейді.   Ұстаз баланың екінші анасы болып танылғандықтан, оқушы үшін білім ұясындағы ең жақын жан. Біз оқушы үшін сенімді серік, дос бола білуіміз керек. Талабы бар балаға бағыт-бағдар беріп, өз жетістігін көрсетуіне мүмкіндік беруіміз қажет. Оқушының бойындағы шығармашылық қабілетті дұрыс байқап, оны жігерлендіріп, алға ұмтылдыру арқылы оның бойындағы сенімділікті дамытуға болады.Сабақ үстінде әр жеке тұлғаның шығармашылығын бағыттауға,қалыптасуына, жетілуіне, осы заман ағымына лайықты азамат, білімді, ойлы, өмірге құштар болып өсуіне,өзін-өзі жан-жақты тануына   ұстаздың тигізер ықпалы зор.

...

Скачать:   txt (6 Kb)   pdf (58.8 Kb)   docx (301.9 Kb)  
Продолжить читать еще 1 страницу »
Доступно только на Essays.club