Перфекционизм және прокрастинация
Автор: Alina Khafizova • Апрель 14, 2022 • Реферат • 448 Слов (2 Страниц) • 341 Просмотры
Сабақ тақырыбы: Перфекционизм және прокрастинация
1 Ойтүрткі сұрақтары. 1) Прокрастинация және перфекционизм сөздеріне қазақша балама табыңыз: синоним немесе парафраз жасаңыз. 2) Уақытты қалай жеткізесіз? Уақытыңызды қалай пайдаланасыз?
2 Мәтіналды сұрақтар. Перфекционизм ұғымы сізге қаншалықты таныс? Ол туралы не айта аласыз? Уинстон Черчилльдің перфекционизм дегеніміз – мүгедектік деген пікіріне қалай қарайсыз?
ОҚЫЛЫМ. Адамның мінсіз болуға ұмтылысы неге алып келуі мүмкін? Бұл әлде ішкі күйзеліс пе? Ғылым тілінде мұны перфекционизм деп атайды. Перфекционизм қазір сәнге айналып бара жатыр, себебі қазір адамдардың көпшілігі қай салада болмасын биік жетістіктерге жеткісі келеді. Ал психологтардың бұл туралы пікірі басқаша...
Перфекционизм (perfect – жетілген, мінсіз) – адамның өзіне қоятын талаптары, жетістіктерге ұмтылу, жоғары талаптарға сай, мінсіз болуға талпыну.
Перфекционизм адамдарды әрдайым дамуға, оқуға, бір орында тұрып қалмауға итермелейді. Перфекционизмнің басқа жағы – өзінің де, басқалардың да қателерін кешірмейді. Аздаған қатесі үшін өзін іштей кінәлайды және басқаларға да жоғары талап қояды. Кейбіреулер бұны үздік оқушы комплексі деп атайды.
Перфекционистердің ата-аналары олардың жақсы тәртібі, үздік бағалары үшін ерекше сүйіспеншілік көрсетіп, аялап өсіреді. Нәтижесінде П үнемі ең жоғары нәтижелерге жетуге ұмтылады, олар басқа адамның сүйіспеншілігі мен құрметіне тек қана осылай ие болуға болады деп санайды.
Перфекционизмнің пайдасы: адамды бір орында тұрмауға, үнемі алға ұмтылуға, бойындағы жалқаулығын жеңіп жұмыс істеуге итермелейді. Белгілі спортышлар, әртістер, ғалымдардың бойында осындай қасиет бар. Мәселен, Александр Македонский осындай адам болған. Егер ол 32 жасында қаза болып кетпесе, қазіргі саяси картаның басқаша да болуы мүмкін еді.
Перфекционизмнің зияны: Перфекционист бәрінің мінсіз болғанын қалайтындықтан, кемшілікті қабылдай алмайды. Соның ішінде, бірінші кезекте өзінің кемшілігін мойындамайды. Кішкене қателік жіберсе, сол үшін өз-өзін жазғырып, "қателесуге құқым жоқ" деп есептейді. Оның өз айналасындағы адамдарға деген талабы да дәл осындай болады.
...