Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Оқудың әдіснама-дидактикалық жүйелері

Автор:   •  Июль 19, 2023  •  Реферат  •  1,168 Слов (5 Страниц)  •  221 Просмотры

Страница 1 из 5

Ш.Есенов атындағы Каспий мемлекеттік технологиялар және инжиниринг университеті

РЕФЕРАТ

Тақырып: Оқудың әдіснама-дидактикалық жүйелері.

Тапсырған: Берікқызы Зейнеп

Оқудың әдіснама-дидактикалық жүйелері

Оқу мәнін түсіндірудің бірнеше әдіснама-дидактикалық жолдары бар.

Олардың ішінде аса кең танымал болғандары:

1) Гербарттық тәрбиелік оқу бағыты;

2) Дж.Дьюидің оқушы белсенділігіне негізделген оқу бағыты;

3) қазіргі заман демократияшыл дидактика бағыты.

Тәрбиелік оқу бағыты.

Негізін салған неміс философы және педагогы И.Гербарт. Ол Я.А.Коменскийдің дәстүрлі сынып-сабақтық жүйесін сындарлы түсінім тезіне сала отырып, оның кемшіліктерін көрсетті, онымен бірге этика мен психологияның соңғы жетістіктерін арқау еткен жаңа дидактикалық жүйе түзіп, ұсынды.

Гербарттың пікірінше, оқу-тәрбиенің ең жоғары мақсаты - адамгершілікті, моральды, күшті мінезге ие болған тұлға қалыптастыру. Оның ойынша, тәрбиелік оқу келесі этикалық идеяларға сүйенуі тиіс:

- тұлға ұмтылыстарының бағытын, аймағын және күшін анықтаушы кемел жетістігі;

- өз еркін басқалардың еркіне икемдесуі мен бағынуын қамтамасыз ететін тілектестік;

- адамдар арасындағы дау-дамайдың өрістеуіне шек қоятын құқықтар;

- басқалар тарапынан болған көңіл қабарту және өкпені қайтаруды міндетіне алатын әділдік;

- адамның ерік сезімін оның ниеттері мен наным-сенімдеріне икемдестіруге мүмкіндік беретін ішкі рухани еркіндігі.

Бұл жүйенің негізгі ерекшеліктері келесідей: мектептің басты міндеті - оқушылардың ақыл-ес дамуын қамқорлыққа алу. Моральдық тұрғыдан күшті мінез иелерін қалыптастыруға дұрыс педагогикалық жетекшілік, тәрбие және онымен байланысты оқу себепші болады.

Жетекшілік жасаған адамның міндеті балалардың тұрақты іспен шұғылдануын қамтамасыз ету, дене және интеллектуалды дамуына бақылау қою, тәртіпке үйрету. Оқудың тәртіппен тығыз байланысқа келуінен, білімнің оқушы сезімі және ерігімен бірігуінен - тәрбиелік оқудың мәні құралады. Бұл түсінікті ендіре отырып, Гербарт тәрбиені оқудан бөлектеуге болмайтынына, ерік және мінездің ақыл-санамен бірге дамитынына баса назар аударды. Гербарттың дидактикаға ендірген басты жаңалығы - оқу сатыларын бөлектеу болды. Оның дидактикасындағы схема келесідей: түсініктілік - байланыс - жүйе-әдіс.

 Оқу процесі ұғымдардан түсініктерге өту және түсініктерден теориялық сипаттағы ептіліктерге жетү жолымен жүргізіледі. Бұл схемада, байқағанымыздай, практикаға орын қалмаған. Бұл формальды деңгейлер оқу мазмұнынан ажыралып, барша сабақтарда және барлық пәндерге арналған оқу процесінің желісін айқындайды. XIX ғасырдың ортасында кең таралған Гербарт теориясы кейін бірте-бірте маңызын жоя бастады. Осы күнгі бағалармен өлшестіретін болсақ, Гербарт жүйесі мектептің дамуына кері ықпал жасады. Осы теорияның негізінде оқудың мақсаты дайын білімдерді ұсынып, жаттату деген пікірлер тарай бастады; оқу процесіндегі белсенділік тек мұғалімнен ғана күтілді, оқушыларға тыныш, назар салып, мұғалімнің айтқанын орындау міндеттері таңылды, яғни балалар енжар тыңдаушыға айналды. Дегенмен, Гербарт дидактикасынсыз, одан келер ықпал болмағанда, оның тәрбие тәжірибесін сынға салып, қайта қарастырмағанда, бүгінгі теория мен практика мектеп өміріне еш уақытта да енбеген болар еді. Зерделі назар аударсақ, бүгінгі мектептің өзінде де Гербарт қалаған әміршіл дидактиканың элементтерін көптеп кездестіруге болады. Осылайша, өз сыныбына қатаң тәртіп енгізуді ниеттеген қатаң тәртіп енгізуді ниеттеген мұғалім алдымен ойланғаны жөн -бұлай істесем бола ма? Гербарт тәжірибесінде бұл тәсіл қолданылған, бірақ оқудағы шектен тыс қаталдықтан ғұламаның кейінгі шәкірттері бас тартты.

...

Скачать:   txt (17.7 Kb)   pdf (84.5 Kb)   docx (12.2 Kb)  
Продолжить читать еще 4 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club