Математикалық және экономикалық есептерді шешуде MsExcel бағдарламасын қолдану
Автор: zhannur1989 • Май 12, 2019 • Реферат • 7,642 Слов (31 Страниц) • 1,084 Просмотры
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ | 4 | |
1 | ТЕОРИЯЛЫҚ БӨЛІМ | 6 |
1.1 | МОДЕЛЬДЕУ ТҮСІНІГІНІҢ НЕГІЗІ | 6 |
1.1.1 | «МОДЕЛЬ» ТҮСІНІГІНІҢ АНЫҚТАМАСЫ | 6 |
1.1.2 | МОДЕЛЬДЕУ МАҚСАТЫ | 9 |
1.1.3 | МОДЕЛЬ ҚҰРУДЫҢ НЕГІЗГІ ЭТАПТАРЫ | 10 |
1.2 | MS EXCEL НЕГІЗДЕРІМЕН ТАНЫСТЫРУ | 12 |
1.2.1 | EXCEL МЕНЮМЕН ЖҰМЫС АТҚАРУ | 12 |
1.2.2 | MS EXCEL-ДЕ МӘЛІМЕТТЕРДІ ЕНГІЗУ | 14 |
1.2.3 | ЭЛЕКТРОНДЫ КЕСТЕЛЕРДЕГІ МӘЛІМЕТТЕРДІ ӨҢДЕУ | 20 |
2 | БАҒДАРЛАМАНЫ ЖАСАҚТАУ БӨЛІМІ | 24 |
2.1 | MS EXCEL-ДЕ МАТЕМАТИКАЛЫҚ ЖӘНЕ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ЕСЕПТЕРДІ МОДЕЛЬДЕУ | 24 |
2.1.1 | МАТЕМАТИКАЛЫҚ ФУНКЦИЯЛАРДЫ ҚОЛДАНУ | 24 |
2.1.2 | MS EXCEL-ДЕ МӘЛІМЕТТІ ҚОРҒАУ | 25 |
2.2 | MS EXCEL-ДЕ МАТЕМАТИКАЛЫҚ ЖӘНЕ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ЕСЕПТЕРДІ МОДЕЛЬДЕУ | 28 |
2.2.1 | САНДЫҚ ДИФФЕРЕНЦИАЛДАУ | 29 |
2.2.2 | АНЫҚТАЛҒАН ИНТЕГРАЛДЫ САНДЫҚ ЖУЫҚТАУ | 30 |
2.2.3 | СЫЗЫҚТЫҚ ТЕҢДЕУЛЕР ЖҮЙЕСІН ШЕШУ | 32 |
2.2.4 | ЭКОНОМИКАЛЫҚ ЕСЕПТЕРДІ ШЫҒАРУ | 34 |
2.3 | MS EXCEL-Ң ГРАФИКАЛЫҚ ГРАФИКАЛЫҚ МҮМКІНДІКТЕРДІ МАТЕМАТИКА ЕСЕПТЕРІН ШЕШУДЕ ҚОЛДАНУ | 36 |
ҚОРЫТЫНДЫ | 41 | |
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР | 43 |
КІРІСПЕ
Еліміздің даму стратегиялық бағдарламасында білім ордаларында ауылдық жерден бастап, компьютерлендіру мақсаты қойылып отыр.Осы мақсатқа байланысты білім беру жүйесінде білім ордаларында әрбір пәнді оқытуда компьютерді пайдалану проблемалары туындайды.
Сонымен қатар компьтерлік технологияны математика саласында пайдалану ерекше болып отыр. Компьютерлендіру програма құру арқылы оқыту негізінде уақыт үнемдеу арқылы білім беруді жеделдеттіреді. Ең бастысы, ой энергиясын аз жұмсап, есепті шығарудың дұрыстығының сенімділігін арттыру. Мұғалімнің негізгі мақсаты оқушының алған білімінің тереңде, тиянақты болуын қадағалау. Оқытуда қолданылған барлық әдістер мен тәсілдер осы мақсатты жүзеге асыруға бағытталуы тиіс.Ғылым ғасырының табалдырығын аттағалы компьютер қазіргі таңда өмірдің барлық саласына енуде.Сонымен қатар мектептерді жаппай компьютерлендіру тек информатика пәнінде ғана емес, жалпы барлық пәндерде,әсіресе математика пәніне компьютерді қолдану ерекше маңызды.
MS Excel программасы – жоспарлы-экономикалық, есептік-статистикалық, ғылыми-техникалық және басқа міндеттердің біраз ауқымын шешуге арналған өте жақсы және қолданылуы қарапайым электронды кестелерді өңдеу пакеті, бұларды сандық, мәтіндік немесе графикалық ақпарат біраз жүйелі, қайталанатын құрылыммен кестелік түрде ұсынылған.
Электронды кесте кәдімгі кесте сияқты қиылысында ұяшықтар орналасқан жолдар мен бағандардан тұрады. Алайда, кәдімгіге қарағанда, электронды кесте сандық, мәтіндік және графикалық ақпаратты көрнекі түрде ұсыну үшін ғана арналмаған. Электронды кестенің кәдімгіден негізгі айырмашылығы әр түрлі есептік формулаларды ұяшықтарда орналастыру мүмкіндігінде,сонымен қатар кестелік түрде ұсынылған мәліметтерді өңдеуді молынан автоматтандыруда болып отыр.
...