Лескикология тарихи
Автор: Маржан Мысырқызы • Сентябрь 28, 2021 • Доклад • 3,935 Слов (16 Страниц) • 321 Просмотры
Лескикология тарихи лексикология және қазіргі заман лексикологиясы немесе сипаттама лексикология болып екіге бөлінеді.
Тарихи лексикология: салыстырмалы лексикология, тарихи-салыстырмалы лексикология, ономасиология, этимология болып бөлінеді.
Салыстырмалы лексикология дегеніміз ‒ қазір өмір сүріп отырған тірі тілдерді, түркі тілдерін бір-бірімен салыстырып, өзара фонетикалық, семантикалық, лексикалық, морфологиялық, синтаксистік айырмашылықтарын табу.
Тарихи-салыстырмалы лексикология дегеніміз ‒ қазіргі тілдерді салыстыра отырып, оның үстіне бүкіл түркі тілдерінде сақталып қалған көне түркі жазба ескерткіштерін бір-бірімен және қазіргі тілдермен салыстырады. Бұрын қалай қолданылған, қазір қалай деген принциптердің басын ашып, ғылыми айналымға түсіреді, түсіндіреді.
Ономосиология – (Ономо)сөз. Ономосиологияның ерекше бір саласы – ономастика жалқы есімдерді зерттейді. Белгілі бір атаудың неліктен солай аталды деген сұраққа жауап іздейді. Мысалы, күн. Неліктен солай аталып тұр. Көп жағдайда бұл сұраққа жауап қайтару мүмкін емес. Ономастика өз ішінен екіге бөлінеді: антропонимика – кісі аттарын зерттеу нысаны болса, екіншісі – топонимика географиялық атауларды зерттеу нысаны етіп алады. Ең оңайы адам аттары мен жер-су атауларын анықтайтын осы сала.
Этимиология
Сөздің пайда болған кездегі әдепкі формасы, әдепкі мағынасы уақыт өте келе өзгеріп кетеді. Этимиология – сөздің әдепкі формасы мен мағынасы қандай болған деген сұраққа жауап береді: абысын-ажын.
Қазіргі заман лексикологиясын (сипаттама лексикологияны) төртке бөліп қарастырамыз.
Семасиология – сөз және оның мағынасы туралы ғылым деген сөз. Семасиологияда сөз және сөздің мағынасы, қалыптасуы, дамуы яғни көп мағыналылығы, сөз мағынасының ауысуы (синекдоха, метонимия, метафора, қызмет бірлігі бойынша ауысу) жайында әңгімеленеді.
Ұғым – заттардың, құбылыстардың, іс-әрекеттердің жалпы және мәнді белгілері.
Ұғымның пайда болу, қалыптасу сатылары төртеу: түйсік(өз төңірегін бағдарлаудың алғашқы формасы), қабылдау(заттар мен құбылыстардың бүкіл белгілерінің біртұтас бейнеленуі), елестету(заттар мен құбылыстардың бүкіл белгілерінің біртұтас бейнеленуі), ойлау(шындық өмірдегі заттар мен құбылыстардың, іс-әрекеттердің арасындағы нақты байланыстар мен қатынастарды ашатын психикалық процесс)
Жеке тұрғанда пайда болатын мағынасын сөздік мағына (Есік- заттық – сөздік мағына), қарым-қатынасқа түскенде туындайтын мағыналарын тілдік мағына (Есік ашық тұр- грамматикалық-тілдік мағына).
Сөздік мағына екіге бөлінеді:
1) лексикалық мағына(Сөздің өзге сөздермен карым-қатынасқа түспей, жеке-дара тұрғанда тікелей түсінілетін логикалық-заттық ұғымы);
2) лексика-грамматикалық мағына (Түбір арқылы берілетін, лексикалық мағынамен жарыса қолданылатын, дерексізденген мағына).
Тілдік мағына екіге бөлінеді:
1) парадигмалық(сабақтастық) мағына(Тең дәрежелі тіл элементтерінің арасындағы байланыс);
2) синтагмалық (тіркесімдік) мағына ( әр текті тіл элементтері арасында ұшырасатын, сөздердің логикалық-ұғымдық, семантикалық тіркесімділік қабілетін анықтаушы тілдік мағынаның бірі).
Синтагмаға тірек бола алатын сөз тіл білімінде өзекті сөз деп аталады.
Сөздің ақиқат дүниемен, ондағы заттармен, құбылыстармен байланысып жататын мағынасын тіл білімінде денотаттық (заттық) мағына деп атайды.
Ол екіге бөлінеді: 1) материалды денотат (адам санасында өмір сүретін ұғымның негізін жасайтын шындық өмірдегі заттар мен құбылыстар);
2) идеалды денотат(ұғымдық мағына) (сөздің мағынасы арқылы білдірілетін шындық өмірдегі заттар мен құбылыстар).
Сигнификативті мағына - абстракті, дерексіз ойлау негізінде пайда болған субъект бейне. Сондықтан мұны қазақ тілінде пайымдық мағына деп атауға да болады.
...