Дерек Джонстонның «Философияның қысқаша тарихы. Сократтан Дерридаға дейін» оқулығын оқып шығу, коллоквиум тапсыру
Автор: Kuralay Bibala • Апрель 14, 2021 • Реферат • 817 Слов (4 Страниц) • 1,122 Просмотры
2- тапсырма
Дерек Джонстонның «Философияның қысқаша тарихы. Сократтан Дерридаға дейін» оқулығын оқып шығу, коллоквиум тапсыру
«Кітап дегеніміз – алдыңғы ұрпақтың артқы ұрпаққа қалдырған рухани өсиеті. Кітап оқудан тиылсақ, ой ойлаудан да тиылар едік» - деген еді Ғабит Мүсірепов.
Елбасымызның «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласында алты үлкен жоба аталды. Сол жобалардың бірі – «Жаңа гуманитарлық білім: қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» . Жаңа оқулықтар арқылы жалпы гуманитарлық білімнің мазмұны мен сапасы мүлде жаңа деңгейге шығуы тиіс. Жаңа гуманитарлық білім дегенде Елбасы мақаласында гуманитарлық ғылымдардың жеті бағыты аталды. Ол философия, әлеуметтану, мәдениеттану, тарих, филология, саясаттану және психология. Елбасымыз мақаласында былай жазған: «Біз тарих, саясаттану, әлеуметтану, философия, психология, мәдениеттану және филология ғылымдары бойынша студенттерге толыққанды білім беруге қажетті барлық жағдайды жасауға тиіспіз». Оқу үдерісіне гуманитарлық бағыты бойынша аударылған кітаптар енгізіліп жатыр. Гуманитарлық ғылымдардың құрамында философия ғылымының орны ерекше. Философия тек қана онтологиялық, гносеологиялық мәселелерді көтеріп қана қоймай, қоғамдағы азаматтық ұстаным, моралдық құндылық, ар-ождан негіздерін қалайды. Адамның өзіне, айналасына, елге деген көзқарасын қалыптастырады.
Сол кітаптардың бірі ұстазымыз Сагатова Асем Сериковна танысып оқып шығуға берген кітап: Д Джонстонның «Философияның қысқаша тарихы: Сократтан Дериддаға дейін». Дерек Джонстонның «Философияның қысқаша тарихы: Сократтан Дериддаға дейін» атты еңбегінде философиялық ойдың даму тарихына айрықша үлес қосқан танымал 15 ойшылдың шығармашылығы топтастырылған. Автор Батыс дәстүріндегі көрнекті философтардың негізгі еңбектері мен теорияларын оқырмандарға кезең-кезеңмен таныстыруды көздейді. Кітап тарауларында философтардың өмір сүрген дәуіріне шолу жасалып, сөз болатын шығармалардың негізгі идеяларын талдаған. Сондай-ақ, жинақта философтардың өмір деректері мен басты еңбектерінің тізімі, сол дәуірдегі ғылыми жаңалықтар мен тарихи оқиғалар, философиялық, әдеби және көркем туындылар да қамтылған. Әр шығармаға арналып оның түйінді идеясын білдіретін ықшам анықтамалар да дайындалған. Тақырыптар хронологиялық ретпен баяндалса да, материал кез келген тараудан бастап түсініп оқи беруге лайықталып, әрқайсысы жеке бітіммен құрастырылған екен. Жинақта әрқилы тарихи кезеңде өмір сүрген осы көрнекті философтардың қысқаша ғұмырнамасы да берілген.Сондай-ақ олардың шығармаларындағы негізгі тақырыптар да барынша қамтылған. Мәселен, Сократ пен Платон от пен күн туралы, Аристотельдің ақылды пайымдауын, Эпикур мен Зенонның жақсы өмірдің сыры жайында, Р. Декарттың жүйелі күмәндану-философиялық әдістің бір түрі ретінде қарастырғанын, Дж. Локк және Монтескьенің либерал мемлекет туралы көзқарастарын, Спиноза тұжырымын, Д. Юмның эмпирикалық растауын, неміс классикалық философиясының өкілі И. Канттың ақылға сын атты еңбегін, К. Маркстың тарих үдерісін, Ф. Ницшенің билікке құштарлығын, М. Хайдеггердің біз болмысты ұмыттық атты көзқарастарын, Жан-Поль Сартр экзистенциалистің азабы туралы пайымдауын, Жак Дерриданың нақты дүниені деконструктурациялау туралы көзқарастары мен еңбектерін қарастырып,ұлы философтарды толғандырған мәселенің идеяларын түсініп, кітап мазмұнына сәйкес философияның не екенін емес, аталып өткен философтардың не істегенін, не туралы ойланғанын сипаттайды.
...