Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Білім – табысқа апарар жол

Автор:   •  Июнь 8, 2022  •  Эссе  •  311 Слов (2 Страниц)  •  650 Просмотры

Страница 1 из 2

                                      《 Білім – табысқа апарар жол 》

   Білім – табысқа апарар жол. Білім – асыл қазына. Біз білім арқылы көптеген алыс белестерді бағындыра аламыз. Білім адамдарды қандай жетістіктерге жеткізеді және биік жетістіктерге қалай жетеміз. Білімнің біздің өмірімізден алатын орны өте ерекше. Бақытты әрі табысты өмірдің кілті білімде.

   Шынымен де, білім өміріміздің бір тірегі. Тіпті оқу – білімсіз қазір өмір жоқ. 《 Білекті бірді жығады, білімді мыңды жығады 》- дегендей, адам физикалық тұрғыдан қаншалықты мықты болса да, оқыған, рухани тұрғыдан бай, ақылды адам ғана көптеген белестерді бағындырып, кез – келген істе жеңіске жете алады. Яғни, оқу арқылы ғана өзіміздің өмірлік мақсаттарымызға жетіп, табысты тұлға боламыз.

   Иә, оқу арқылы өмір белестерін бағындырамыз. Тек оқу ғана табысқа апарады. 《 Оқу білім бұлағы, білім өмір шырағы 》- деп айтқандай, білім негізін оқу арқылы қалап, білімді боламыз. Ал өмірдің сәнді әрі мәнді, жарық бағыты бізге қарау үшін білімді болу қажет. Яғни, бойымыз білім нәрімен толық сусындаса ғана барлық өмір асуларын бағындырамыз.

   Білімнің берер жемісі көп екені шындық. 《 Білім гауһар, бағасы жоқ, надандық кесел, дауасы жоқ 》- айтқандай, білім өте қымбат, яғни материалдық тұрғыдан емес, рухани тұрғыдан. Ол асыл тас секілді, яғни әр адам үшін өте маңызды болып табылады. 《 Қолда бар алтынның қадірін біл 》- деп айтқандай, мүмкіндік бар кезде оқып, білімге құштар болайық және Абай атамыз айтқандай, оны көңілде тұтып, ешқашан айырылмайық.

   Бар білім – ғылымды үйренгенмен, оны сақтай білу керек. Абай атамыз өз сөзінде 《 ғылымды, ақылды сақтайтұғын мінез деген сауыты болады, сол мінез бұзылмасын 》- дегендей, ешкімнің артынан ермей, әрдайым өз сөзімізде тұрып, мінезімізді берік сақтауымыз қажет. Сонда ғана жетістіктер бізді қарсы алады.

   Тоқсан ауыз сөздің түйіні, тек білім ғана табысқа апарар жол. Әрбір адам биік шыңдарға жеткісі келеді, ал ол үшін бар ғылымды бойымызға сіңіру керек. Сол себепті де барлығымыз бар уақытымызды оқу – білімге арнап, білімді азамат болайық.

...

Скачать:   txt (3.6 Kb)   pdf (43.9 Kb)   docx (7.4 Kb)  
Продолжить читать еще 1 страницу »
Доступно только на Essays.club