Ақылдың алты қалпағы
Автор: Жулдыз Катебай • Сентябрь 26, 2021 • Доклад • 364 Слов (2 Страниц) • 1,065 Просмотры
[pic 1]
Коучинг тақырыбы: «АҚЫЛДЫҢ АЛТЫ ҚАЛПАҒЫ» әдісі арқылы оқу әрекетін ұйымдастыру.
Мақсаты: Қатысушыларға сын тұрғысынан ойлаудың ақпараттық құзіреттілігі туралы ұғым беру, тұлғаның ақпаратпен өздігінен жұмыс істеп, талдай алу қабілетін дамыту, берілген ақпаратты сыни тұрғыдан бағалауға, оны өз практикасында қолдана білуге үйрету;
Күтілетін нәтиже: Білім беру мен сабақ үдерісінде оқушыларды мәселелерге сыни көзбен қарауға, проблема бойынша өз көзқарасына рефлексия жасауға, «Ойлаудың алты қалпағы» туралы үйренеді.
Стратегиялар: «Ақылдың алты қалпағы»
Ресурстар: «Алты қалпақ», постерлер, маркерлер, түрлі - түсті стикерлер, сауалнама,
Коучинг сессиясының барысы
Кезеңдері: Коуч пен оған қатысушылардың іс - әрекеті.
«Ұстаздың қолында адам өмірінің келешектегі тұтас тағдыры тұр.» В. Г. Белинский
Амандасу Коуч өз мақсаты туралы шағын түсінік береді.
Топқа бөліну
Қалпақтардың түсіне сай топқа бөліну.
Тренинг Ыстық ықыласпен жылы жүрек сіздер үшін
- қатысушылар түсті қағаздар арқылы ешқандай затты пайдаланбай жүрек қияды
- Енді ішіне ыстық жүректен шыққан әдемі сөздер жазады.
- Енді жүректерді себетке саламыз, араластырып жүректі таңдап алып, тілектер дауыстап оқылады.
- Ең ерекше сөзге қошемет көрсету.
І. Қызығушылықты ояту.
ІІ. Мағынаны тану
Топпен жұмыс
ІІІ. Рефлексия
Ақ қалпақ - эмоциясыз, таза ойлау, дұрыс ойлау. Ақ қалпақ бізге белгілі немесе қажетті ақпаратқа назар аудару үшін пайдаланылады. Әсерсіз, субъективті бағалаусыз тек сандардан, деректерден, ойлардан тұрады. Айтылған пікірді растайтын, жоққа шығаратын қандай дәлелдер мен деректер, ақпараттар бар? Мәселені шешуде жетіспейтін ақпаратты қалай аламыз?
Сары қалпақ - айқындылық пен өмірге сеніммен қарауды бейнелейді. Позитивті ойлау. Болашаққа деген үмітті көзқарас. Қарастырылып отырған құбылыстан позитивті жағын бөліп алып және неліктен позитивті екенін дәлелдеу керек. Нақты не нәрсе жақсы, пайдалы, тиімді, конструкторлық екенін айтып қана қоймай түсіндіру қажет.
Қара қалпақ - сары қалпаққа қарама - қайшы. Ненің қиын, түсініксіз, мәселе тудыратын, негативті екенін анықтап және себебін түсіндіреді.
Қызыл қалпақ - сезімді, болжамды және ішкі түйсікті білдіреді. Бұл сезімталдық қалпағы. Өзінің өзгеріс көңіл - күйін өткен немесе өзге құбылысты сәттермен байланыстырады.
Жасыл қалпақ - бұл шығармашылық ойлау қалпағы. Жаңа тақырыпты өткен кезде келесі сұрақтар: «Жаңа жағдайда жаңа әдіс, факт немесе басқа әдіс - тәсілдерді қалай қолдануға болады?» «Өзгеше болу үшін не істеу керек?», «Осындай немесе басқа аспектіні, жаңалықты енгізу үшін не істеу керек?» қою арқылы жаңа жетістіктер тауып қолдануға мүмкіндік береді.
Көк қалпақ - ойлау үдерісін басқару үшін қолданылады.
Бұл философиялық, пысықтау қалпағы. Көк қалпақты таңдаған топ міндетті түрде барлық жұмыс уақыттарын әр түрлі екі бөлікке бөлулері керек: біріншіден - басқа топтарды аралап, олардың көзқарасын қабылдап, екіншіден - өз тобына қайта оралып, жинаған материалды пысықтайды, қорытады.
...