Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Ұлттық операның раушан гүлі-Роза Жаманова

Автор:   •  Декабрь 3, 2018  •  Реферат  •  6,626 Слов (27 Страниц)  •  868 Просмотры

Страница 1 из 27

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫМӘДЕНИЕТ ЖӘНЕ CПОРТ МИНИСТРЛІГІ

Қазақ Ұллтық Өнер Университеті

Реферат

Тақырыбы:«Ұлттық операның раушан гүлі-Роза Жаманова»

Орындаған:Бахтиярқызы Ақерке

Астана 2018

Жоспар

Кіріспе ...................................................................................................................2

І тарау. Қазақ ұлттық опера тарихындағы Роза Жаманованың өмірі мен шығармашылығы

1.1 Роза Үмбетқызының өмірбаяны.......................................................................5

1.2 Жеке орындаушы ретіндегі шығармашылық жолы және педагогикалық қыры мен шеберлігі.................................................................................................9

1.3 Мемлекеттік Абай атындағы академиялық опера және балет театрындағы қызмет істеген жылдары.......................................................................................13

ІІ тарау. Роза Жаманованың қазақ және шет ел композиторларының операларындағы сомдаған қайталанбас сахналық образдары мен музыкалық-актерлік мұрасы

2.1 Мұқан Төлебаевтың «Біржан Сара» операсындағы Сараның образындағы қайталанбас ұлттық рух пен актерлік шеберлігі..................................................17

2.2 Ең сүйікті операсы Джакомо Пуччинидің «Мадам Баттерфляй» операсындағы Чио-Чио-Сан ролі.........................................................................19

2.3 Роза Үмбетқызының актерлік-музыкалық мұрасы ......................................20

Қорытынды..........................................................................................24

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі............................................................27

Қосымшалар.........................................................................................................28

Кіріспе

Қазақ халқы өзінің тарих қойнауындағы тарихы терең-өнер саласындағы баға жетпес өте бай мұраны өзгеріссіз, сол күйінде келешек ұрпаққа қалдырып отырған. Оның ішінде күйші-жыраулардың сан ғасырдан атадан балаға мирас болып келе жатқан аспаптық музыкасы, ән-жырлары, поэтикалық әдеби шығармалары мен дәстүрлері және тағы да басқа құндылығы өте жоғары дүниелер бар.

«Ән — халық үні, оның шындығы, оның ойы мен сезімі»- деп Жамбыл Жабаев атамыз айтқандай, әншілік өнер қазақ халқының сонау қазақ - қазақ болғалы бері күнделікті өмірімен біте қайнасып келе жатқан ерекше өнер саласы, танымы мен тағылымының, тарихының куәсі. Менің пайымдауымша қазақ музыкасы мен қазақ әндерінің өзіне тән ерекшелігі басқа халық музыкаларында кездесе бермейтін әуен ырғақтары ,әсем –сазды үні, диапазоны, мазмұны, табиғилығы мен шынайылығы бұл өзіне ғана тән құбылыс. Оған француздың атақты жазушысы, ғалым-музыкатанушысы Р.Ролланның мына сөзі дәлел - «Қазақтың отаншылдық жігеріне толы халық музыкасының ешкімге, ештеңеге ұқсамайтын ерекше тартымдылығы сондай, қазақ әнін тыңдағанда күллі дала көз алдыңнан өткендей болады». Ән өнері халқымыздың өткен өмірінің бел-белестерімен тығыз байланыста бола тұра, оның мұңын мұңдап, жырын жырлап, өмірдің барлық сәттерін мәнерлі бояуларымен дәлме-дәл суреттеген, атадан балаға мұра болып келе жатқан - асыл мұра.

Соның ішінде қазақ мәдениетінде опера саласы өзінің ерекшелігімен орын алады. Қазақтың кәсіби опера өнері бірнеше даму кезеңдерден өтті. Ұлттық опера негізі- халық музыкасы негізінде дамыды. Қазақстандағы опера жанры ХХ ғасырдың отызыншы жылдары дүниеге келді. Қазақ опера өнерінің негізін салушылар Құрманбек Жандарбеков, Әміре Қашаубаев, Иса Байзақов, Елубай Өмірзақов, Күләш пен Қанабек Байсейітовтер, Серғали Әбжанов, Үрия

...

Скачать:   txt (81.5 Kb)   pdf (114.8 Kb)   docx (38.7 Kb)  
Продолжить читать еще 26 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club