Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Өрнекті сөздің шебері

Автор:   •  Январь 19, 2023  •  Статья  •  502 Слов (3 Страниц)  •  193 Просмотры

Страница 1 из 3

Өрнекті сөздің шебері

Жазушының тілінде де, ділінде де мін жоқ. Қашанда сергек, қашанда сезімтал,

бәйгенің алдынан ғана келетін  тұлпарларға ұқсатам мен Әбішті. Ал аспанға қарасам,

оның жұлдызын оңай танимын. Оның жұлдызы сол Әуезов, сол Шолохов, сол Айтматов, сол Нұрпейісов жұлдыздарымен қатар тұр.  Ол да жарық жұлдыз,  мәңгі жанатын жұлдыз.

                                                       Тұманбай Молдағалиев.

     Қазақ дейтін тұғыры биік, тарихы мол халықтың бойында батылдығы басым, рухты азаматтары елі үшін еңбек еткенін сонау тарих беттерінен білеміз. Сол ұлы тұлғалардың қатарына, Әбіш Кекілбаев атамызды зор мақтанышпен жатқызған болар едім. Қазақ әдебиетінің әлем кеңістігіне танылуына зор үлес қосып, даму жолында қажырлы еңбек сіңірген Әбіш Кекілбаевтың дара жолы – мен үшін тағылым мектебі.

     Балалық арманын мақсатына айналдыра білген жазушы талмай еңбектеніп, зор ізденісте ғұмыр кешті.  Оның нәтижесі Әбіштің   «Шандоз», «Аңыздың ақыры», «Үркер», «Елең-Алаң»  шығармаларынан айқын көрініс табады. Әр туындысы "ардан" ғана тұратын қоғам қайраткерінің осы шығармалары үшін қаншама уақытын сарп етіп, айтар астары мен  мағынасына терең көңіл аударғаны  белгілі. Оның шығармалары осынысымен өзгелерден ерекшеленеді.

    Тәңірі жаратқан сұлу ғажайып күшке жан бітіру кемеңгер суреткерлердің ғана қолынан келеді. Әбіш Кекілбаевтың шығармаларын оқи отырып, ол кісінің сөз саптауын бірден тануға болады. Айтар сөзінің мәйегін қай кезде төгетінін, қай тұста ұстамдылық танытатынын, қай тұста басты кейіпкеріне еркіндік беретінін оқырман ретінде анық сезіп отырасың.

...

Скачать:   txt (5.3 Kb)   pdf (56.8 Kb)   docx (9.1 Kb)  
Продолжить читать еще 2 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club