Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Әділеттің ақ жолы

Автор:   •  Апрель 22, 2022  •  Эссе  •  998 Слов (4 Страниц)  •  321 Просмотры

Страница 1 из 4

“ӘДІЛЕТТІҢ АҚ ЖОЛЫ”-

БІРЕУДІҢ ҚАТЕСІ ҮШІН БІРЕУ КҮЙІП

                                           Бұл өмір – бізге мәлім өткел сынды,

                                           Өтем деп сол өлкелді көп тер сіңді.

                                                   Жазғырып Жаратқанды жылаймыз-ау,

                                              Жүргендей қатар кешіп от пен суды.

Адам өмірінде қуанышты сәттерімен  қайғысы да қатар жүреді. Қысылтаяң сәтте бағыт бағдар беруші, жол көрсетуші адамды іздейтініміз анық. Осындай кезеңдерді еңсеңімізді тіктеп, дұрыс таңдау жасай алуымыз үшін, сол жолдан өзінің парасат пайымымен даналығымен, шыдамдылығымен өтіп бәрін жеңген адамдарды  тыңдап олардан сабақ алуымыз керекпіз. Қазіргі бізге ұсынылып отырған тұңғыш президентіміз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың "Әділеттің ақ жол" кітабында біз осы нұсқада пайдаланғанымыз жөн. Бұл кітап тек қана жол көрсетуші ғана емес, сонымен қатар ізгілікке бастаудың жолы. Әрбір тарауы адам өмірінің көрінісін суреттейді. Кітапта ортаға проблема тасталып содан шығудың жолдарында көрсеткен. Президентіміз өзіндік жоспарларымен де  бүкпесіз бөліскен. Өз өмірінен мысал келтіре отырып, тақырыпты нақты жан - жақты аша білген. Еліміздің саяси экономикалық жағдайында назардан тыс қалдырмаған.

  Өмір. Бұл сан тараулы жолдардан, сан қилы тағдырдан тұратын үлкен жол. Бұл жолда арпалыста, дағдарыста, сатқындықта, қателікте, өкініште орын алады. Осының барлығын шешіп бір жүйеге келтіре алсақ, бұл жолда адаспайтынымыз анық. Ақиқаттың ақ жолын таразылай алсақ, қателіктерден де сабақ аларымыз хақ. Өмір адамға бәрін көрсетеді, үйретеді. Кейде қателік жасап алып, жауап беретін кезде тағдырдың жазғанын көрерміз, тағдырымызға жазулысы осы шығар деген сөздерді жиі естіп жатамыз. Бірақ мен бұл сөздермен келіспеймін, себебі адам өмірде қандай қателік жасады соның қарымын алады. Өмір айналмалы жүйе. Бұл айналымда істегенің алдыңа келіп, істегеніңді мойныңмен көтеру керек сәттерді жиі кездесіп жатады. Бұл әуелі адамдардың құдірет күш иесі Жаратқанның орнатқан әділеттілігі, содан соң осы әділеттіліктен туындаған өте күрделі жүйе. Өмір – жүйесі. Бірақ қазіргі уақытта өз қателігін мойындап, одан сабақ алатын адамдар азайып кетті. Істегенін істемедім деп, әділет таразысынан қашып жатады. Қашады, қашады, қашып құтыла алмайды. Құтылмайды да. Бәрібір бір күні екі есе жауап беруге тура келеді. Өзі жауап бермесе де баласы, баласы болмаса ұрпағы түптің түбінде жауап беретін болады.

   Кейде адам баласы болған соң әртүрліні ойлап, сабырсыздық  танытып жатамыз. Адамдар жамандық жасап, соның қарымын алмай жатса өмір – әділетсіз, әділеттілік бұл өмірде жоқ, тіпті жаратқанның күшіне де шек келтіретін кездеріміз болады. Сабырсыздыққа, ашуға бой алдырып тіпті өзіміз жазалағымыз келетін кездер де болады. Күш көрсетеміз. Қорқытамыз. Адамдықтан асып, аюанның ісін жасап, кейін өкінетін кездерімізде болып жатады. Осы кезде есіме түсіп тұрған мына сөзді қосып кеткім келіп тұр. Ашу – дұшпан, ақыл – дос, ақылыңа ақыл қос. Бекер айтылмаған. Босқа қалмауы керек. Әркім өзіне түйіп, түртіп алуы керек. Ашу, ызаға беріліп, көзіміз қанталап алдымыздағыны көрмей, жан – жағымызды байқамай, өзімізше ойлап Кек дегенді шығарып аламыз. Мұның бастауы қайда жатыр. Тереңіне үңіліп, түбін бойлайтын болсақ, бұл қателіктерден шығатын үлкен өкініш.

...

Скачать:   txt (10.8 Kb)   pdf (67.2 Kb)   docx (9.8 Kb)  
Продолжить читать еще 3 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club