Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Әбіш Кекілбаев шығармаларында ұлттық құндылықтардың дәріптелуі

Автор:   •  Май 13, 2019  •  Творческая работа  •  4,523 Слов (19 Страниц)  •  6 Просмотры

Страница 1 из 19

Қызылорда облысы, Қазалы ауданы білім бөлімі

№90 Абай атындағы орта мектеп

Тақырыбы : «Әбіш Кекілбаев шығармаларында ұлттық құндылықтардың дәріптелуі»

Бағыты: туған ел, жер, сүйіспеншілік, рухани жаңғыру

Орындаған: Қызыр Аружан Жәнібекқызы

10 cынып оқушысы

Жетекшісі: Қоңқаева Ақмарал Әбдіразаққызы

қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі

Мазмұны

1. Абстракт (аннотация)

2.Кіріспе

3.Негізгі бөлім

3.1. Ұлттық құндылық - ұлт қорғаны

3.2. Сөз құдіреті мен ұлт құдіретін ұштастыра білген суреткер

3.3 Көкірекке ұлттық сенім ұялатқан туындылар

4. Қорытынды

5. Пайдаланылған әдебиеттер

Абстракт

Зерделеу жоба тақырыбы «Әбіш Кекілбаев шығармаларында ұлттық мәдени құндылықтардың дәріптелуі»

Бұл тақырыпты алуымның мақсаты: « Әбіш Кекілбаев… XX ғасырдағы қазақ қауымының, түркі әлемінің заңғар жазушысы, кешегі Мұхтар, Сәбит, Ғабит сияқты алдыңғы толқын ағаларымыздың мұрагерлерінің бірі, бұл күнгі қазақ әдебиетінің туын ұстаушылардың бірі, бірі болса бірегейі» деп Манаш Қозыбаев баға берген қазақ әдебиетіндегі дара тұлға Әбіш Кекілбаев шығармаларының тереңіне үңілу. Өз шығармалары арқылы ел тарихын ұрпақ жадына орната білген қаламгер туындыларындағы ұлттық құндылықтардағы құдірет күштің оқырман жүрегінен нық орын алуына ықпал жасау. Жазушы шығармашылығына негіз болған басты тақырып - туған тарихты сөз құдіреті арқылы дәріптеу астарындағы ұлтымыздың ұлылығын асқақтататын ұлттық құндылықтар, соның ішінде ұлттық мәдениеттің адам жанына кейде мұң, кейде нұр құятын кемел күш екендігін сезіндіру, болашақ ұрпақтың бойында туған елге деген патриоттық сезім қалыптастыру болып табылады. Тұңғыш Президент - Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласы жарық көргені белгілі. Мәні мен маңызы зор бағдарлама негізінде ұлттық құндылықтарды сақтай отырып, рухани және мәдени мұраларды қайта жаңғыртуға бағытталған мақаладағы негізгі мақсат – өскелең ұрпақ бойына мәдени құндылықтарды дәріптеу арқылы, ұлттық болмыс қалыптастыру. Зерделеу жобасын жазудағы біздің басты мақсатымыз елбасы алдымызға салып берген сара жолмен жүре отырып, ұлт кемеңгерінің ел жастарына артқан үмітін ұштау болып табылады. Осы тұрғыда тылсым сырларға толы ұлттық құндылықтарды дәріптейтін жазушы шығармаларын оқи отырып ой түйе зерделеу мен үшін таптырмас мүмкіндік болды.

Зерттеу барысында автор шығармашылығымен қолда бар әдебиеттер мен ғаламтор арқылы таныса отырып, шығарма мазмұнын терең түсіну үшін автордың жазушылық қырына баға берген түрлі сыни мақалаларды да оқуды жөн санадым. Жалпы жұмыстың маңыздылығын арттыру менен көп ізденуді талап етті. Нәтижесінде өз жобам арқылы тың қорытынды жасау өз жемісін береді деп ойлаймын.

Абстракт

Изучение темы проекта «Популяризация национальных культурных ценностей в произведениях Абиш Кекилбаева»

Цель приобретения этой темы: "Абиш Кекильбаев... один из наследников казахского общества XX века, известного писателя-юриста тюркского мира, вчерашнего Мухтара, Сабита, Габита, один из носителей казахской литературы. Своей национальной истории страны через произведения писателя в памяти поколений твердо знал туындыларындағы құндылықтардағы установить место силы, могущества, содействие в получении сердцах читателей. Основной темой творчества

...

Скачать:   txt (59.9 Kb)   pdf (102.5 Kb)   docx (27.3 Kb)  
Продолжить читать еще 18 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club