Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Қарайым тілі

Автор:   •  Май 1, 2025  •  Реферат  •  3,126 Слов (13 Страниц)  •  177 Просмотры

Страница 1 из 13

Қарайым тілі

   Қарайымдар-қарайлар – ұлт атауы. Қарайым халқы қазір Литвада, Қырымда, Польшада, Украинада Москва, Ленинградта өмір сүреді. Қазір ТМД елдеріндегі карайымдардың жалпы саны – 3 341, алыс шетелдерде – 2 803 адам [1, 283 б.]. Бүгінгі күні əдеби тілі жойылған. Қырым, Галис
 жəне Тракай диалектісі бар, орыс тілі кең қолданылады. Ұрпақтары Хазар қағанаты құрамындағы Қырым тұрғындарының түрік тілдісіне жатады. ХІҮ ғасырдың аяғында олардың бір бөлігі Литов княздігінен, Қырымнан əкетіліп, Тракай поселкесіне жəне Литва шекарасына оларды қорғау үшін орнықтырды. Қарайымдардың бір бөлігі Батыс Украина жəне Польшаға қоныстандырылды. Қырымның Россияға қосылуынан кейін қарайымдарды əр жерге көшіру одан əрі жүргізілді.
  Орыс мəдениетімен қарым-қатынасы басталды. Көбінесе қалада тұрады, мəдениеті мен тұрмысы жақын көрші халықтардан көп айырмашылығы жоқ. Ассимиляцияға ұшырауына байланысты қарайымдардың саны қысқара түсуде, фольклоры сақталған. Тілі алтайлық түрік тобының қыпшақ-қарайым негізінде – түркі тілдері Батыс хун бұтағының қыпшақ тобы, қыпшақ-половец тобына жататын жалғамалы тіл. Саны жағынанөте аз жəне бытыраңқы орналасқандықтан, өз ана тілін ұмыта бастаған.
   Қарайымдардың жəне оның тілінің біздің елде зерттеле бастауы үстіміздегі ғасырдың 30 жылдарынан басталады. 1964 жылы орыс тілінде жарық көрген «Қарайым тілі грамматикасы» атты еңбегінде К.Мұсаев бұл тілдің құрылысына жан-жақты тоқталған. Қыпшақ тайпасынан шыққанқарайымдар Хазар империясы кезінде, VIII-X ғасырларда, Қырымда тайпалық одақ ретінде өмір сүрген. VIII ғасырда қарайымдар йудаизмнің Қараизм тармағын құраған. Кейінірек қарайымдар үш негізгі топқа бөлініпкетеді. 1-топ Қырымда қалады. 2-топ Галицияға қарай қоныс аударады. Ол жер – қазіргі Украина аймағы. Ал үшінші ең үлкен топ XIV ғасырда қазіргі Литваның Тракай деген ауданына қарай көшеді. XVII ғасырдың аяқ шенінде шығыс орталық Европада 30-дан астам қарайым қауымдастығы болған. Бірақ одан кейін бір ғасыр өтер-өтпестен эпидемиялық аурулар, қан төгісті соғыстар кесірінен олардың саны күрт азаяды. Соған қарамастан, олар жасайтын елдерде қарайымдар діни қауымдастық мəртебесіне ие болып келген.

   Қарайымдар – оларды ивриттер «оқығандар» деп атады. Бұл этноним VIII ғ. Бағдатта еврейлер сектасында пайда болған. XIII ғ. Қырымға келіп орнығып, қарайымдар деп аталған. Олардың арғы аталары Византия империясынан шыққан. Көпшілігі Чуфут қаласына келіп орналасып өздерін «еврейлер шыңы» деп атаған. Осы жерде XIV ғ. олардың қауымы болған. Сөйтіп, сол жерде XIX ғ. аяғына дейін өмір сүрген.

    ТМД елдерінде қарайымдар өз алдына жеке өмір сүрген этнос саналады. Олардың дүниеге келуін əртүрлі жорамалдайды.

   Қарайымдардың діні – карашайзм. Бұл халықтың тарихы өте күрделі жəне қайғылы.

    Біздің жыл санау дəуіріміздің VII ғ. еврейлер арасында діни бөлініс пайда болды. Еврейлердің көпшілігі Талмудты (оның жиынтығы 20 том) кəдуілгі – священниктер жазған кітап деп бағалады. Оны библия деуге болады. Олар Талмудтың заңын өте қатал деп қарап, оған бағынғысы келмеген.

Осы дінді жақтаушылар өздерін антитендтер немесе қарайымдар деп атады. Қарайым деген сөз «құдай заңына бағынушылар» деген ұғымды білдіреді. Олар өздеріне қарсыларды «рабаниттер» деп атады. Яғни Талмуд оқуына қарсылар деген сөз. Сөйтіп, өздерін нағыз құдайшыл «раббилер» санады.

Вавилондықтардың қудалауынан қорыққан қарайымдар Палестинаға жер ауды. Иерусалимде өздерінің діни ордасы синагогтарын орнатты. Өздерінің «заңдар кітабын» шығарды. Сол кітаптан бүгінгі дəуірге аздаған үзінділер келіп жетті.

Қарайымдар иудейлердің діни заңдарына басқаша түсінікпен қарайды. Олар сенбі күндерді ерекше құрметтейді. Библияның мəтінін қатаң сақтайды. Сенбі күні қараңғы түскенше от жақпайды. Сенбі күнгі түнді қараңғылықта өткізеді. Сол күні (сенбі – суббо- 204 та) ыстық тамақ ішпейді, үйлерінен шықпайды, ешқандай жұмыс істемейді. Тіпті ауру адамға да қарамайды.

...

Скачать:   txt (44.3 Kb)   pdf (483.4 Kb)   docx (1 Mb)  
Продолжить читать еще 12 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club