Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Қазақ халқының тұрмыс салт жырлары

Автор:   •  Апрель 17, 2018  •  Реферат  •  3,013 Слов (13 Страниц)  •  2,795 Просмотры

Страница 1 из 13

Үйлену ғұрпына қатысты фольклордың зерттелуі ХІХ ғасырдың екінші жартысынан В.Радловтың зерттеулерінен басталады. Ғалым «Алтын сандық» еңбегінің «Ұзатылған қыздың өлеңі» тарауына үйлену ғұрып фольклорының «Жар-жар», «Беташар», «Сыңсу» үлгілерін енгізген.

Сол сияқты Ш.Уәлиханов та еңбектерінде үйлену салтына қатысты наным-сенім, ырымдарға тоқталған. Ол «Қырғыздардағы шамандықтың қалдығы» атты этнографиялық еңбегінде «от» үйдің киесі, сол себепті жаңа түскен келін үлкен үйдің отына тағзым етуі тиіс дей келіп: «Бұл салт жаңа түскен келіннің отқа тағзым етуі неке қию үрдісінде жасалады. Қалыңдық босағаны аттай сала тізе бүгіп сәлем береді. Салт бойынша қалыңдықтың жанындағы әйелдер қолдарын отқа қыздырып, қалыңдықтың бетін сипайды», – деп қазақ қызы келін болғанда жасалатын жоралғыларды суреттейді [1, 58-б].

Қазақтың тұңғыш ағартушы-педагогы Ы.Алтынсарин Орынбор қазақтарының «құда түсу», «қыз ұзату», «той жасау» дәстүрлеріне шолу жасаған. Ол этнографиялық еңбегінде үйлену салтында жасалатын «сүт ақы», «ілу», «кемпір өлді», «ит ырылдатар», сияқты ырымдар мен жоралғылармен бірге «Неке қию», «Сыңсу», «Беташар» секілді үйлену кезінде айтылатын өлеңдерге де тоқталып: «Неке қию» екі куәнің алдында қалыңдықтан күйеуге өз ризашылығымен шығуы жөнінде жауап алады. Неке қиылған соң қыз жақ қызға беретін бұйымдарын көрсетеді де, осы бұйымдарды түйеге артып жігіт еліне аттандырады. Қыз ата-анасымен, бауырларымен соңғы рет құшақтасып қоштасады да арты «сыңсуға» ұласады. Сонымен қатар «Беташарда» айтылатын өлеңдер ретімен орындалып, келіншекті өз отауына кіргізеді. Жас келін бетін пердемен жауып жүреді. Бетіндегі бүркенішін бір, екі ай, тіпті одан да ұзақ уақыт өткеннен кейін ғана алған» – деп пікір білдірген [2, 288-б].

Кеңес дәуіріндегі зерттеулерге тоқталсақ, Б.Уахатов «Қазақтың тұрмыс-салт типологиясы» деген атаумен жарық көрген еңбегінде үйлену салты бойынша әр елдің ұқсастықтарын қарастырған екен. Ғалым: «Түрік-монғол халықтарының қыз беріп, келін түсіру ғұрпының өзара жақындығын айтпағанның өзінде, орыс, украин сияқты славяндардың құда түсу салтында да бізге жақын ұқсастықтары бар», – деген. Ол қазақ секілді қырғыз, қарақалпақ, татар, башқұрт, алтай халықтарының үйлену тойларында толып жатқан ырым-жырымдарына осы еңбегінде мысалдар келтірген [3, 160-б]. Ғалымның 1974 жылы жарық көрген «Қазақтың халық өлеңдері» деген монографиясында отбасы ғұрып фольклорын «Әдеп-ғұрыппен байланысты өлеңдері» деп атап, «Балалар өлеңдері», «Үйлену салт өлеңдері», «Мұң-шер өлеңдері» деген үш салаға бөлген. Ал үйлену салт өлеңдерін «Той бастар», «Жар-жар», «Сыңсу», «Беташар», «Той тарқатар» деп саралаған [4, 264-б].

Фольклортанушы ғалым Ә.Қоңыратбаев «Қазақ фольклорының тарихы» еңбегіннің «Тұрмыс-салт жырлары» деген тарауында тұрмыс-салт жырларын: 1) бақташылық жырлары (төрт-түлік мал); 2) діни-ғұрыптық жырлар (жарапазан, бәдік); 3) үйлену жырлары (той бастар, жар-жар, сыңсу, беташар); 4) ұлыс жырлар; 5) бөбек жырлар; 6) жарапазан жырлары деп бірнеше түрге жіктеген. Ал үйлену салтына қатысты орындалатын өлеңдерді «Той бастар», «Жар-жар», «Сыңсу», «Жұбату», «Беташар» деп бөлген [5, 288-б].

М.Ғабдуллин «Қазақ халқының ауыз әдебиеті» еңбегінде «айттыру» дәстүрін 3 түрге бөлген. Олар: «Белқұда» немесе «Ежеқабыл» бойынша ата-аналар балаларды дүниеге келмей тұрып атастырған. Екіншісі – «Бесік құда» балаларды бесікте жатқанында-ақ атастырады. Үшіншісі – «Қарсы құда» қызы, қарындасы бар кісілер бір-бірімен құда болуға серттеседі [6, 315-бет].

1990 жылдан бастап тәуелсіз ел болып, етек-жеңімізді жиған соң ата-баба дәстүріне ден қойып, фольклор, ғұрып фольклоры зерттеу нысанына мықтап алынды. Осы жылдары фольклорға, оның ішінде ғұрып фольклорына қатысты көптеген материалдар баспа беттерінде жарық көріп, зерттеу еңбектер молынан жазылды.

Осы кезде жарыққа шыққан М.Қазыбековтің «Наурыз

...

Скачать:   txt (41.6 Kb)   pdf (73.4 Kb)   docx (24.3 Kb)  
Продолжить читать еще 12 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club