Қазақ-түркі халықтарының арасындағы әдеби байланыстары
Автор: akerketulkibaeva • Октябрь 20, 2019 • Реферат • 256 Слов (2 Страниц) • 703 Просмотры
Қазақ-түркі халықтарының арасындағы әдеби байланыстары.
Қазақ әдебиетінің ел тағырына ұқсас аумалы-төпелі кезеңдері, өзіндік даму тарихы мен болмыс-бітімі, қыр-сыры бар десек, соған бйланысты айқындалатын бағыт-бағдары да болғаны рас. Және ол үрдістің пайда болып, қалыптасуында басқа ұлттар әдебиетімен қарым-қатынастың жетекші рөл атқарғанын байқаймыз. Әсіресе, мұны ХХ ғасыр басындағы әдебитарихи процестен аңғару қиын емес.
ХХ ғасыр басынағы түркі халықтарының өзара қарым-қатынасында кітап басу ісі белгілі бір дәреежеде үлкен рөл атқарды. Бұған, біріншіен, тағы да сол қоғамдық-әлеуметтік жағдай түрткі болды. Олай дейтініміз, екі ғасыр аралығында түркі қоғамында жүріп жатқан оң өзгерістер тарихи-мәдени процеске өз әсерін тигізгені мәлім. Соның соны сипатын сол тұстағы баспасөз ісінің өркендеуінен байқау қиын емес.
Баспасөздің шығу уақыты, кітап өнімінің көлемі және мазмұны, халықтың мәдениеті, тарихи жетілу деңгейі туралы айту жалпы, гуманизи мен мәдениеттің көрсеткіші болып табылады. Халықтың өткені мен бүгінгісі және келешегінің куәсі ұлттық баспасөз тарихына қызығушылық тууымен тығыз байланысты.
Ұлттық тәуелсіздік, әлеуметтік қанау, үздіксіз басқыншылық жағдайында ғасырлар бойы күрес үстінде түркі жұрты еі ғасыр аралығында (ХІХ-ХХ ғ.ғ.) баспасөз бостандығына ие болуы Ресей нұсқаларын түркі халықтарының арасында татарлар бірінші болып кітап бастырумен айналысты. Сондай-ақ, татар қайраткерлері қазақ, қырғыз, ұйғыр және тағы басқалардың ұлттық кітап басу ісінің қалыптасуына көмек қолын ұсынды.
Қазақ кітаптарының Ресей аймағындағы қалаларда басылып, жарық көруі тарихшы-әдебиетшілердің әр түрлі деңгейдегі мен мөлшерсіз ғылыми әрі танымдық танымал еңбектерінде көрініс тапты. Әсіресе, ол Ә.Жиреншиннің мақалалары мен кітаптарында айрықша әспеттелді. Мәселен, Ә.Жиреншиннің «Қазақ кітаптарының тарихынан» атты еңбегінде Қазан төңкерісіне дейін қазақ тілінде арық көрген кітаптар жайына сөз етеді.
...