Қазақ тілін дәстүрлі оқыту: артықшылықтар мен кемшіліктері
Автор: marzhanadilbek • Апрель 16, 2022 • Реферат • 718 Слов (3 Страниц) • 1,329 Просмотры
Қазақ тілін дәстүрлі оқыту: артықшылықтар мен кемшіліктері
Тіл ұлттың қазынасы екендігі айтпаса да, түсінікті. Сондықтан, тілді оқыту барысында үлкен жауапкершілікті сезіне алу- мұғалім шеберлігінің көрінісі.Ал біздің ұлттық тіліміз, ана тіліміз,туған тіліміз ол-қазақ тілі. Қазақ тілін оқушыларға меңгертуде білім беру жүйесі түрлі әдістерді қолданды.Соның бірі де,бірегейі-дәстүрлі оқыту. Дәстүрлі оқыту үрдісінде оқушыға қарағанда, мұғалімге көп басымдылық беріледі.Бұл дегеніміз не?Мұғалім жаңа тақырыпты өзі түсіндіреді. Жаңа ақпарат оқушыларға толыққанда жетуі үшін жанын салып, қырық бес минуттың тең жартысын арнай алады.Әйтеуір, мұғалім оқушылар үшін айтушы,сөйлеуші,яки хабаршы қызметін атқарады.Бүгінгі таңда, оқушыларға қазақ тілін жаңартылған білім мазмұны арқылы меңгертуде. Бұрынырақта, дәстүрлі оқыту өзекті болған.Сол үшін,әуелі дәстүрлі оқытудың артықшылықтарына тоқталып өтсем.
Оқытудың бұл формасында жаңартылған білім мазмұнындағыдай топтық жұмыс болмағандықтан, оқушы өзінің алған білімін шынайы түрде өзі белгілеп,мұғалімнің тапсырмасы кезінде әділ бағаланатын. Жаңартылған білім мазмұны топтық жұмыс орындатып, сыныпты біраз әуре сарсаңға салып, оқушылар бір-біріне бағынбай дауласып қала беретін жағдай көп орын алады.Ал дәстүрлі оқытуда топтық жұмыс болмағандықтан, сыныптың ауызбіршілігіне де сызат түспейді.Тағы да дәстүрлі оқытудың ең маңызды, ең керемет артықшылығы - жаңа грамматикалық тақырыппен қосарласа лексикалық тақырыптың болмауы.Мысалы,мұғалім 5 сынып оқушыларына қазақ тілі пәнінен бүгінгі жаңа тақырып «Зат есім» деп емін-еркін айта алады. Ал жаңартылған білім мазмұнында бұндай мүмкіншілік жоқ. Міндетті түрде,жаңа тақырып «Зат есім» деп айта алмайсыз.Ол кезде жанындағы лексикалық тақырыбы қалып кетеді. Лексикалық тақырып дегені, «Менің хоббиім» , «Мен және достарым» сияқты үлгіде берілуі тиіс. Мұғалім грамматикалық тақырып «Зат есіммен» қоса, лексикалық тақырыптың мәнінде толық меңгертіп шығуы қажет. Сабақ беру уақыты қырық бес минуттың ішінде, «Зат есімді» үйретеді ме, жоқ әлде «Хоббидің» маңыздылығын дәлелдеп береді ме? Міне, дәл осы тұста, дәстүрлі оқытудың нақты қазақ тілін меңгертудегі артықшылықтарын көре аламын.
Кез келген оқыту процессінің артықшылықтары мен кемшіліктері қатар жүретіндігі баршамызға мәлім.Дәстүрлі оқытудың басты кемшілігі -мұғалімге сабақты түсіндіру үшін басымдылық беріліп, оқушының жеке ой-пікірі ескерілмей қалуы.Мұғалім баяншының қызметін атқаратын дәстүрлі оқытуда оқушылар мұқият тыңдауға дағдыланды.Барлық ақпаратты оқытушы егжей-тегжейлі түсіндіріп берді.Осы тұста «білім-ақпарат»принципі ғана іске асып келген.Неліктен?Бізге ондай білімнің берер пайдасы қаншалықты тиімді?Есте сақтау барлығында бірдей деңгейде тең емес.Бұл қабілет қаншалықты деңгейде игерілсе,оны әп-сәтте естен шығаруда сондай деңгейде болуы ықтимал.Оқушы тек есте сақтаса болғаны,ойлану,теорияны практикада іске асыруға ешқандай іс-әрекет болмайды.Тіпті алыстан,ат арбалатпай-ақ,қарапайым барлығымызға түсінікті ҰБТ-ны алып қарасақ болмай ма?Оқушының 11 жылдық білімін,есте сақтау қабілетімен өлшеп қойған жоқ па?Осылай оқушының өзіндік пікірі мен ойы әрдайым шетте қалып қоя берді.Сайып келгенде,дәстүрлі оқытуда «білім» дегеніміз-есте сақтау деген терминді ұстанып келгеніміз бе?Дәл осы тұста дәстүрлі оқытудың кемшілігі айқын көрінетіні дәлел.Сосын 5 сынып оқушыларына «Зат есім» тақырыбын меңгерту барысында,оқушы жеке жұмыс жасай отырып,зат есімге мысалдар келтіруде қиындықтар туындады делік. Сол кезде ол кімнен,қалай,не сұрау керектігіне қысылып отырады. Егер мұғалімнен сұрайтын болса, сыныптағы басқа қатарластары меңгеріп отырған қарапайым нәрсені білмей қалғандығы кемшілік сияқты болып, оқушы психологиясына кері әсерін тигізетін. Ал жаңартылған білім мазмұны барысында, оқушылар тапсырманы ұжымдаса орындайтын болғандықтан, сыныптасынан білмегенін ашық сұрап, түсініп алады. Психологиялық тұрғыдан,оқушы білмегенін құрдасынан сұраған кезде, есінде көбірек сақталып қалады.Ал бұл жағдай дәстүрлі оқытуда қарастырылмаған.Сонымен қатар,дәстүрлі оқытудағы бағалау жүйесі тым ескі бағдарда болды.Оқушының білімін жан-жақты әрі шынайы саралауға бағалық жүйе ешқандай мүмкіндік бере алмады.Ал жаңартылған білім беру жүйесінде іске асырылып жүрген критериалды бағалаудың мүмкіндіктері мен тиімді жақтары орасан зор.Белгілі бір критерийлерге сүйене отырып,оқушының білімін нақты шкаламен өлшеуге мүмкіндік береді.Оқушылар тек білімді игеріп қана қоймай,функционалды сауаттылығын дамытады.Ал бұл тәсіл дәстүрлі оқытуда ескерілмеген болатын.Дәстүрлі оқытуда тағы да еленбей,қолданысқа енбеген -инновациялық интербелсенді оқыту әдісі.Интербелсенді оқыту әдісінің негізгі қағидасы-білім алушылар өзіндік жеке ой-пікірлерін жеткізе алады,ойлана алады және іздегеніне өзі қол жеткізіп,жауап таба алады. Дәстүрлі оқытудың тағы бір кемшілігі оқушы сабақ аяқталған соң, сабақтан алған әсерін мұғалімге айта алмайды. Мысалы,жаңартылған білім мазмұны барысында оқушылар күнделікті сабақтан соң, міндетті түрде мұғалім олардан рефлексия сұрайды.Рефлексия-оқушының сабақтан алған әсері. Рефлексияның қаншама түрлері бар. Мұның бір жақсысы, сыныптасымен дұрыс қарым-қатынас құра алмай,көңіл күйі болмаған оқушы шындығын айтып,өз стикерін жабыстырады.Ал бұл -мұғалімге үлкен жеңілдік. Мұғалім оқушылардың стикердегі ойларын оқу арқылы олардың қарым-қатынасын дұрыс бағытқа бұра алады.Тіпті, өзінің сабақ беру тәсілі оқушыларға өтімсіз болса, оны өзгертіп басқаша әдіспен жұмыс жасауға кіріседі. Сонымен қатар, дәстүрлі оқытуда кері байланыс жоқ.Рефлексия сабақ барысында қалыптасқан эмоция болса, кері байланыс оқушының сабақ кезінде қабылдаған жаңа ақпаратын, бұрыннан білетін мәлімет және нені түсіне алмай қалғандығын анықтайды.
...