Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Татар әдебиеті

Автор:   •  Февраль 27, 2023  •  Реферат  •  2,275 Слов (10 Страниц)  •  189 Просмотры

Страница 1 из 10

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі

Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университеті

МОБӨЖ

ТАҚЫРЫБЫ: Татар әдебиеті.

ОРЫНДАҒАН: Оспанова М.Б

7М01701 «Қазақ тілі мен әдебиеті»

ТЕКСЕРГЕН:Сабырбаева Р.Қ.

аға оқытушы, ф.ғ.к.,

СЕМЕЙ – 2023ж

Жоспар:

  1. Татар әдебиеті туралы түсінік.
  1. Татар халық ауыз әдебиеті үлгілері.
  1. Ғабдолла Тоқай-татар реалистік әдебиетінің негізін қалаушылардың бірі.

                                   

        

         Татар  халқының  жазба  әдебиеті  көне дәуірлерден  басталады. Шығыс  классикалық  поэзиясының  дәстүрлі  сюжеттеріне  татар  ақындары  да көптеген  дастандар  жазған . Солардың  бірі –ХІІІ  ғасырдың  бас  кезінде  өмір  сүрген  Ғали  ақынның  «Жүсіп  пен Зылиха » дастаны. Сондай-ақ авторлары  бізге  беймәлім « Кесікбас»  және  «Сопыларға  өсет»  деп  аталатын  діни –дидактикалық  сарындағы  шығармалар.

          Махмұт  Бұлғаридің  «Жұмаққа  жол» (ХІV ғасыр), Мұхамедияр  ақынның  «Жомарттың  сыйы» (ХV ғасыр)  атты  жыр-дастандары  кезінде  халық  арасында  мәшһүр  болған.

         Татар  әдебиетінде  ХVІІ – ХVІІІ  ғасырларда  сопылық  бағыттағы  және дидактикалық  сарындағы  көркем  туындылар  басым  болды. Бұл  кездегі  татар  әдебиетінің  көрнекті  өкілдері:  Мавля  Құли  (ХVІІ ғасыр),  Утыз  Имяни (1754-1834), Шамсетдин  Заки (1825-1865).

         Исмоил   Ағанидің (ХVІІІ ғасыр)  «Үндістан  мен  Арабстанға  саяхат»  деген  шығармасы  татар  әдебиетіне   жаңа  түр  -«саяхатнамалар»  жазу дәстүрін  әкеледі.

        Ал,  енді  ХІХ  ғасырдағы  татар  әдбиетінде  ағартушы – демократиялық  бағыт  мейлінше  кең  дамыды.   Бұл  әдеби  бағыттың  көрнекті  өкілдері  Әбунасыр  Курсави  (1776-1818),  Қаюм  Насыри  (1825-1902),  т.б.  болды. Дәл  осы  дәуірде  өмір  сүрген  Загир  Бигеев  (1870-1902),  Ғабдірахман  Иляси  (1856-1896),  Фатих  Халиди  (1851-1923)  шығармаларында  адамгершілік,  ізгілік,  инабаттылық,  имандылық,  т.б.  гуманистік  идеялар  бейнеленген.  Әсіресе,  Қаюм  Насыридің  новеллалары, Загир  Бигеевтің  «Сұлу  Қадиша»  романы,  Ғабрахман  Илясидің  «Бақытсыз»  деген  атпен  шыққан  пьесалар  жинағы  татар   әдебиетіне  кең  өріс  ашып,  тың  тыныс  әкелді. Қаюм Насыри - татар прозасының негізін салушы, татар балалар әдебиетінің ірге тасын қалаушы, халық әдебиеті нұсқаларын жинаушы. Қаюм Насыридың «Бос уақыт» (1860); «Қырық уәзір» (1868), «Әбуғалисина» (1872), «Әдебиет жөніндегі әңгімелер» (1884) атты еңбектері татар әдебиетінің дамуына мол үлес болып қосылды. «Қабуснама» (1886), «Қазақ татарларының наным-сенімдері мен ырым-салттары» (1880), «Қазан татарларының халық әдебиетінің үлгілері» (1896) деген шығармалары кезінде орыс тілінде жарық көрді.

ҒАБДОЛЛА ТОҚАЙ

Ғабдолла Тоқай — татар реалистік әдебистінің негізін қалаушылардың бірі, атақты ақын, дарынды публицист. Тоқай әдебиет әлемінде татар халқының бостандығы мен тәуелсіздігі жолындағы жалынды күрескер ретінде келді. Ақынның «Бостандық туралы», (1905), «Арамтамақтарға» (1906), «Мемлекеттік Думаға» (1906) деген жырлары кезінде татар зиялыларына ой салған елеулі құбылыс болды.

         Ол қоғам қайраткері, публицист ретінде Қазан қаласындағы алғашқы сатиралық баспасөз органы — «Яшен», («Жасын») журналын шығарған (1908), сондай-ақ ол демократиялық бағыт ұстанған жастардың «Әл-Ислах» газетінде (1905 — 1909), «Ялт-йолт» («Жалт-жүлт») журналында қызмет істеді. Ақынның қоғам өміріндегі кемшіліктерді өлтіре сынаған өлеңдері негізінен осы аталған газетте жарияланған. Мұнда ол татар халқын оқу-білімге үндеді, адам бойындағы жаман мінез-құлықты сынады. Бұған ақынның лирикалық, сатиралық өлеңдері, хикаялары мен поэмалары дәлел.

...

Скачать:   txt (11.7 Kb)   pdf (104.6 Kb)   docx (12.9 Kb)  
Продолжить читать еще 9 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club