Сөз тіркесіне талдау
Автор: assema.arystan • Ноябрь 21, 2022 • Реферат • 497 Слов (2 Страниц) • 459 Просмотры
ӘЛ-ФАРАБИ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ
ФИЛОЛОГИЯ ФАКУЛЬТЕТІ
ҚАЗАҚ ТІЛ БІЛІМІ КАФЕДРАСЫ
[pic 1]
РЕФЕРАТ
Пәні: Қазіргі қазақ тілі синтаксисі
Тақырыбы: №1 СОӨЖ. Сөз тіркесіне талдау
Орындаған: Арыстан Әсема Бахытжанқызы
Тексерген: Иманалиева Ғазиза Қынуарбекқызы
Алматы 2022 ж.
№1 СӨЖ. СӨЗ ТІРКЕСІНЕ ТАЛДАУ
Құрамында тұрақты, түйдекті, атаулы тіркесті 3 сөйлемді үлгі бойынша сөз тіркестеріне, сөйлем мүшелеріне талдау. (БАҚ құралдары, көркем әдебиеттен алынған мысалдар, дереккөздерін көрсету).
Бірінші сөйлем:
Көзі ашық, көкірегі ояу (а) азаматтар (Б) // елге (т) қызмет етеді (б). (Халықтан шыққан қайраткер - Егемен Қазақстан газетінен)
Тұрлаулы мүшелер: | |
Бастауыш: азаматтар (дара) | Баяндауыш: қызмет етеді (күрделі) |
Зат есім, атау септік, көптік жалғаулы | етістік |
азаматтар // қызмет етеді : атау септік формасы арқылы қиыса байланысқан, субъект предикативтік қатынас | |
Тұрлаусыз мүшелер: Сөз тіркестерінің талдану реті тұрлаулы мүшеге жақын тұрған сөйлем мүшесінен басталады. | |
1. көзі ашық, көкірегі ояу // азаматтар: тәсілі аналитикалық, орын тәртібі арқылы қабыса байланысқан, есімді, күрделі сөз тіркесі; анықтауыш қызметіндегі атрибутивтік қатынасқа құрылған, сапалық мәнді | 1. елге // қызмет етеді: тәсілі синтетикалық, барыс септігін меңгерген, етістікті, күрделі сөз тіркесі; толықтауыш қызметіндегі, жанама обьектілік қатынасына құрылған, барыс септік тұлғалы, бағыттық мәнді |
Егер сөйлем мүшесі күрделі болса, тұрақты, атаулы, түйдекті болмаса, өз ішінен сөз тіркестеріне талдаймыз | |
Көзі ашық, көкірегі ояу тәсілі орын тәртібі, салаласа байланысқан сөз тіркесі, ыңғайлас мәнді | Қызмет етеді: түйдекті тіркес, сондықтан өз ішінен сөз тіркесіне талданбайды. |
Көзі ашық, көкірегі ояу : тұрақты тіркес, сондықтан өз ішінен сөз тіркесіне талданбайды. |
Екінші сөйлем:
Қала үстіне біздің самолеттер де келіп қалды (Ғ.Мүсірепов).
Тұрлаулы мүшелер: | |
Бастауыш: самолеттер (дара) | Баяндауыш: келіп қалды (күрделі) |
Зат есім, атау септік, көптік жалғаулы | етістік |
самолеттер // келіп қалды: атау септік формасы арқылы қиыса байланысқан, субъект предикативтік қатынас | |
Тұрлаусыз мүшелер: Сөз тіркестерінің талдану реті тұрлаулы мүшеге жақын тұрған сөйлем мүшесінен басталады. | |
Біздің // самолеттер: тәсілі аналитикалық, орын тәртібі арқылы қабыса байланысқан, есімді сөз тіркесі; анықтауыш қызметіндегі атрибутивтік қатынасқа құрылған. | 1. қала үстіне// келіп қалды: тәсілі синтетикалық, жатыс септігін меңгерген, етістікті, күрделі сөз тіркесі; пысықтауыш қызметіндегі, адвербиалдық қатынасына құрылған, мекендік мағына |
Егер сөйлем мүшесі күрделі болса, тұрақты, атаулы, түйдекті болмаса, өз ішінен сөз тіркестеріне талдаймыз | |
Қала үсті // түйдекті тіркес, өз ішінен сөз тіркестеріне талданбайды. | |
Келіп қалды: екіншісі түйдекті тіркес (аналитикалық етістік) болғандықтан талданбайды. |
...