Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

ПАхмет Иассауидің даналық ойларының Ж.Баласағұн мен Абай шығармаларымен үндестігі

Автор:   •  Май 5, 2023  •  Контрольная работа  •  991 Слов (4 Страниц)  •  415 Просмотры

Страница 1 из 4

16. ПАхмет Иассауидің даналық ойларының Ж.Баласағұн мен Абай шығармаларымен  үндестігі

Қ.А.Иассауи — өз дәуірінің әдеби-мәдени өмірінде өшпес із қалдырып,өзі айтқандай: «Ақиқатқа апаратын жол бастаушы – Білімнің иесі»- бола алды.Қ.А.Иассауи өзінің бүкіл жарқын қабілетімен күш жігерін түркі халқына, келешек жас өскелең ұрпақтың тәлім-тәрбиесіне жұмсаған ғұлама.Ясауидің ілімі күні бүгінге дейін өз маңызын жоймай келуде. Абай кезінде ұлы Қожа Ахмет Иассауи  салып кеткен жолды қайта жаңғыртушы болды.

Адам қанша жерден діндар, тақуа болса да оған ең алдымен иман керек. Бұған Абай Құнанбаевтың: «Имансыздың сыртын қанша жусаң да, іші оңбайды», – деген сөзі дәлел. Қожа Ахмет Ясауи бабамыз да:«Ең алдымен иманды түзеу арқылы адамды, сосын ортаны,содан кейін заманды түзетуге болады», – деп, иманды алғашқы орынға қояды.Иманы, ары, адамгершілігі бар адам ешқашан да опасыздық жасамақ емес.Отанды сүю шынайы иманнан көрініс табады.

Қожа Ахмет Иассауи шығармашылығы түркі-мұсылман әлеміне кеңінен танылып,хикмет жазу дәстүрге айналды.Абайдың мына өлеңіне назар аударсақ,көтерілген тақырып Иассауи  хикметтерімен үндесіп келеді:

Алланың өзіде рас,сөзі де рас,

Рас сөз ешуақытта жалған боламас.

Көп кітап келді Алладан, оның төрті,

Алланы танытуға сөз айырмас…

Руза,намаз,зекет,хаж – талассыз іс,

Жақсы болсаң,жақсы тұт бәрін тегіс…

Иассауидің даналығы мен Абайдың өлең жолдарының сөз орамдары өзара ұқсас болып келеді.Мәселен,Абайдың «Патша құдай,сыйындым» өлеңінде  жолдар Ясауидің 6 – хикметіне сәйкес келеді.

Иассауидің  өлең жолдарында «Сыйынып,патша құдай, келдім саған» деп берілсе,Абай өлеңінде бастауыш пен баяндауыштың орнын ауыстыра отырып,»Патша құдай,сыйындым» деп берілген.

Кезінде Қожа Ахмет Иассауи да дүние үшін, мал үшін дінін сатқан жалған сопылардың қылықтарын аямай сынаған еді.

Абай да өз өлеңінде Аллаға жасаған құлшылығың қабыл болуы үшін алдымен іштегі жаман ойдан арылуға кеңес береді, ондай болмаған жағдайда Хақтың назары түспейтіндігін айтады. Абай мен Иассауи  хикметтері бір-бірімен үндес, екі ұлы ақынның ғибраты бір-бірін толықтырып тұрғандай. Екеуі де риясыз құлшылық пен шынайы адалдықпен, таза еңбекпен тап­қан малдың адамға пайдалы болмағын айтады. Абай Алланы жырлағанда сопы­лық әдебиетке жақындайды. Ясауи хик­меттерінің Абайдың ақындық дәс­түріне әсері болғандығы аңғары­лып тұрады. Жалпы Абай өзіне дейінгі қазақ ақындары жырлаған ғашықтық, сопылық әдебиетті назарға ұстайды. Қожа Ахмет Ясауидің 80-хикметі де Абайдың осы өлеңімен үндес, жа­лықпай, талмай халыққа, үмбетке көмек етуге үндейді.

17.Ахмет Иүгінекидің «Хибатул-Хақайық» («Ақиқат сыйы») шығармасындағы  мінез-құлық мәселесі

Ахмед Иүгінеки :Хибатул-хақайық», яғни «Ақиқат сыйы» атты дидактикалық сарындағы дастан.

Ақиқат сыйы» дастаны негізінен «Білімнің пайдасы мен надандықтың зияны жайында» деп аталатын жырдан басталады:

Айтайын білім жайын, құнты бар бол, Ей, достым, білімдіге ынтазар бол. Ашылар білімменен бақыт жолы, Білім ал жолға түсіп бақыт толы. Дастанның бұдан кейінгі тараулары «Тілді тыйып үстау — әдептіліктің шарты», «Тіл жайында», «Дүниенің өзгеріп тұратыны жайында», «Жомарттық пен сараңдық жайында», «Игі мінез бен жарамсыз қылық жайында» , т. б. деп аталады.Сонымен, «Ақиқат сыйы» дастанының авторы оқушысын білімді, инабатты, мейірімді, әдепті сөйлейтін, жомарт, адал жан болуға үндейді. Жарамсыз мінез- қылықтан сақтандырады. Сондықтан дастанда негізінен адамның мінез-құлық қағидалары, адамгершілік, этика, әдептілік, т. б. моральдық мәселелер әңгіме болып, ақын осылар жайында өз оқушысына ғибрат сөздер айтады.Әдепті,, мағыналы сөйлей білуге, өтірік-өсек айтпауға, сыр сақтай білуге, босқа көп сөйлеп, мылжың болмауға шақырады. Ахмед Иүгінеки адамгершіліктің тағы бір көрінісі — әділ болып, қашанда шындықты айту екенін нақты деректер келтіре отырып дәлелдейді. Шын сөз — бал секілді, жанға жайлы, дертке шипа болып келеді. Сондай-ақ ақын сыр ашпау, құпияны сақтай білу жөнінде де уағыз-ғибрат айтады. Ақын жомарт жандарды зор ықыласпен, жан- жүрегімен беріле жырлайды.

...

Скачать:   txt (14.1 Kb)   pdf (98.9 Kb)   docx (11.5 Kb)  
Продолжить читать еще 3 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club