Оралхан Бөкей прозасындағы аңыздық-мифтік желінің мәні
Автор: Бағдана Разыбек • Июнь 7, 2023 • Курсовая работа • 5,693 Слов (23 Страниц) • 273 Просмотры
Мазмұны
Кіріспе____________________________________________________3
I. Көркем әдебиеттегі мифологизм
1.1 Қазіргі қазақ прозасындағы мифтің поэтикалық қызметі_______7
II. Оралхан Бөкей прозасындағы аңыздық-мифтік желінің мәні
2.1 Оралхан Бөкей шығармаларындағы мифологиялық сарын_____10
2.2 Мифтік құбылушылықтың сипаты_________________________13
2.3 «Қар қызы» повесіндегі символ мен мифтік бейнелер_________18
Қорытынды______________________________________________19
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі___________________________20
Кіріспе
Зерттеудің өзектілігі. Қазіргі қазақ әдебиеттану ғылымында соңғы кездері мифтер мен аңыздардың көркемдік қызметіне жан-жақты талдау жасалынып, ғылыми тұрғыдан зерттеліне бастады. Әлем әдебитінен бастау алған мифтік шығармашылық шығарманың көркемдік құндылықтарын ерекше бір реалистік тұрғыда суреттеп – шығарманың танымдық қаситетін арттыра түсті. Бүгінгі қаламгерлердің дүниетанымдық негіздері мен көркем ойлау жүйесіндегі мифтік сарындардың алатын орны анықталды. Біз басты нысана етіп алып отырған Оралхан Бөкей прозасындағы мифологизм мәселесі әдебиеттегі мифологиялық сұрақтарды қамтып, қаламгер шығармашылығында мифологизм негіздеріне үңіле отырып, жан-жақты талдау жүргізілуімен маңызды. Жазушы прозасындағы мифологизм мәселелерін ғылыми тұрғыдан қарастырып, ерекшелік сипатын осы бағытта талдап, сипаттау көкейкесті мәселелердің біріне айналуда. Осы тұста жалпы миф пен әдебиеттегі мифологизм туралы теориялық, зерттеу еңбектері басшылыққа алынады. Тақырып өзектілігі де Оралхан Бөкей прозасын негізге ала отырып қазақ әдебиетіндегі мифологизм мәселесін қарасытыруымен сипатталады.
Зерттеудің мақсаты мен міндеттері. Бұл жұмыстың мақсаты – Оралхан Бөкей шығармаларындағы мифтің поэтикасын және көркемдік-идеялық қолданысына назар аударып, мифологиялық көріністерді көркем мысалдар арқылы дәлелдеу.
Бұл мақсатты іске асыру үшін алдымызға мынадай міндеттер қойылды:
– Мифтің көркем әдебиетпен ара-қатынасын анықтау;
– Автордың нақты шығармалардағы мифтік желілерді келтіру арқылы оның көркемдік қызметін талдау;
– Мифтік желілердің адам психологиясын бейнелеудегі ерекшеліктерін шығармалар арқылы көрсету.
Курстық жұмыстың құрылымы: Курстық жұмыс кіріспеден, екі тараудан, қорытынды мен пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.
I. Көркем әдебиеттегі мифологизм
1.1 Қазіргі қазақ прозасындағы мифтің поэтикалық қызметі
Миф – әлімсақтан бері адамзат әулетімен бірге туып, әлі күнге дейін өмір сүріп келе жатқан асыл ілім. Аса қымбат рухани құндылық. Иә, миф өлген жоқ. Әлем әдебиетінің сан ғасырлық тәжірибесінде аңыз әпсаналарды ішінара идеялық тұрғыда пайдалану әуелден бар тәсіл. Бұл орайда миф пен мифология деген ұғымдар туралы ғылыми көзқарастың өзін екі түрге бөледі.
Біріншісі – мифтерді, оны зерттеу тиіс мифологияны ауыз әдебиеттің бір саласы (жанры) деп қарау, сол көзқарас негізінде мифологияға әдеби тұрғыдан бағам жасап, әдеби тұрғыдан оның қалыптасуы жөнінде, көркемдік, тілдік т.б. үрдістері, сипаттары (ерекшеліктері) жөнінде тұжырым жасау. Белгілі бір деңгейде бұл дұрыс та болып шығады. Бірақ мұндай зерттеулердің нәтижелерінің қоғам үшін еш қайыры болмайтындығын да ескеруіміз керек.
Екіншісі – мифті ауыз әдебиеті ауқымынан шығып кететін, өз алдына дербес ғылыми пән деп қарастыру. Бұл жағдайда осы ғылыми пәнді, саланы дамытудың өзіндік теориялық, әдістемелік, терминологиялық жүйесін қалыптастыру қажет болады. Ең бастысы – мифке тек ауыз әдебиетінің бір көрдемше жанры деп емес, кез келген сауалымызға жауап бере алатын аса маңызды негіздердің бірі деп қараудың орнығуы.
...