Мұқағали Мақатаев - 80 жыл Поэзияны сұңқар сезім шыңына қондырған ақын
Автор: orynbasarkusaiyn • Февраль 20, 2019 • Биография • 3,019 Слов (13 Страниц) • 974 Просмотры
Мұқағали Мақатаев - 80 жыл
Поэзияны сұңқар сезім шыңына қондырған ақын.
«Қарасаз, қара шалғын өлеңде өстім,
Жыр жазсам соған жұртым елеңдестім
Өлсе өлер Мұқағали Мақатаев
Өлтіре алмас алайда өлеңді ешкім»
ХХ ғасырдың 60 – жылдарындағы қазақ поэзиясы туралы сөз бола қалғанда, қалың оқырманды мезі қылған «кеңестік шындықтан» бойын аулақтатып, адам болмысының қат-қабат сезім әлемін өрнектеуге бағыт алған сыршыл лирика ауызға алынады. Осы кезеңде Жұмекен мен Сағи, Қадыр мен Тұманбай, Төлеген мен Меңдекеш, Фариза сынды ай маңдайлы ақындардың үні асқақтай естілді. Ұлттық поэзиямыздағы Мағжаннан бастау алатын сыршыл да нәзік иірімді, Ілияс пен Қасымдағы асқақ екпінді шебер үйлестіріп, қазақ өлеңінің кеңістігіне өзіндік поэтикалық тыныс әкелген, дәстүр қалыптастырған Мұқағали Мақатаев шын мәніндегі жаңа құбылыс болғандығы ақиқат.
Өмір мәңгілік емес Ажал атты аждаһаның құрығынан әлемді дүр сілкінткен баһадүр хандар мен қолбасшылар да дана, көсемдер мен билеушілер де, елді аузына қаратқан ұлы ақын, жазушылар да құтыла алмаған. Талайына небәрі 45 жыл ғана ғұмыр жазған ақиық ақын Мұқағали Мақатаев өзінің дәмінің таусыларын сезіп көрегендікпен жоғарыдағы жыр жолдарын төгілткен екен. Иә, бір күндік сәуледей ағып өткен қысқа ғұмырында қазақтың ұлы ақыны М.Мақатаев ұрпақтарға ұлан-ғайыр мұра қалдырып кетті. Бүгінгі таңда, егер ақын ортамызда жүрсе, ақынның өзі айтқандай, «өмірді жырлап», бізге өлең өлкесінде тағы бір жаңа қырынан танылары анық.
Мұқағали Мақатаев 1931 жылы 9 ақпанда Алматы облысының Нарынқол ауданындағы Қарасаз ауылында дүниеге келген. Әкесі Сүлеймен соғыста қаза тауып, анасы мен әжесінің тәрбиесінде өсті. Балалық шағынан-ақ ерте есейіп, еңбекке ерте араласты. Орта мектепті бітірген соң ауылдың хатшысы, қызыл отаудың меңгерушісі, комсомол қызметінде болды. Қарасаздағы бастауыш мектепте орыс тілінің мұғалімі, Қазақ радиосында диктор, Қызыл отау меңгерушісі, Нарынқол аудандық «Советтік шекара» газетінің жауапты хатшысы, «Социалистік Қазақстан», «Мәдениет және тұрмыс», «Жұлдыз» журналдарында әдеби қызметкер және Жазушылар Одағына поэзия бөлімінің кеңесшісі қызметтерін атқарды. Ақын өмірден өткенімен артында қалған өмірлік жары Лашын және ұлы мен қыздары сонымен қатар, ақынның туған ауданында бір орта мектеп, Алматы қаласында көше және гимназия оның есімімен аталады.
Қазақстан Жазушылар Одағы жылдың ең жақсы жас ақынына арнап Мұқағали Мақатаев атындағы сыйлық тағайындады. Қарасазда ақынның мұражайы бар. «Атамұра» баспасы шығарған 1999 ж. «Аманат» жыр кітабы үшін ҚР Мемлекеттік сыйлығы берілді, «Ғасыр ақыны» атағы берілді. 60 жылдық мерейтойы қарсаңында ақынның туған жерінде мұражайы ашылды.
Бүгінгі поэзиямыздың нәр алар қайнар көзі – көне дәуірден жеткен мұралар екені тайға таңба басқандай анық нәрсе. Мақатаев жырларына үңілгенде ұлттық поэзиямызға тән басты ерекшелікті – табиғат пен адам болмысын тұтастырған көркемдік өрнекті көреміз. Киелі қара өлеңді пір тұтқан ақын жүрегінің әр лүпілі сол өлеңге деген ерекше іңкәрлікке толы.
Ақынмын деп мен қалай айта аламын,
Халқымның өз айтқанын қайталадым.
Күпі киген қазақтың қара өлеңін
Шекпен жауып өзіне қайтарамын, - деп толғанған ақын шабытының қайнар көзі - қара өлең.
Табиғатпен сырласып, уақытпен мұңдасқан Мұқағалидай нар ақынның жүрек лүпіліне малынған қаламынан қаңқылдап қараша қаз, сұңқылдап аққу, желбіреп сарғайған жапырақ,
...