Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Мұхтар Әуезовтің «Көксерек» кітабына

Автор:   •  Октябрь 3, 2021  •  Эссе  •  560 Слов (3 Страниц)  •  4,880 Просмотры

Страница 1 из 3

Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті

Тарих-құқық негіздері, 1 курс, 1 топ

Қоғамбаева Назерке

Мұхтар Әуезовтің «Көксерек» кітабына

Мазмұндама

«Көксерек» - саналы тіршілік иесі адам мен табиғаттың тағысы қасқыр арасындағы қарым-қатынасты бейнелейтін шығарма. Кітаптың сюжетіне сүйеніп деректі фильмдер де түсірілген. Мен кітаптың аудионұсқасын тыңдап, жақсы әсер алдым.

Оқиға Қараадырдың қарағанды сайын мекен еткен екі қасқырды сипаттаудан басталды. Бұрын мұнда ескі үш ін болатын, осы жылы тағы біреуі қосылып, итмұрынды алқапта ақ қасқыр мен көк шолақ күнелтті. Бір уақыт тасыр-тұсыр дыбыс естіледі де, ін аузына бір қозы топ ете түсті. Екі қасқыр қас қағымда қозыны қызыл қанға бояп, талап тастады. Содан соң ақ қасқыр жеген етін қайта құсып, ін ішіндегі күшіктерді тамақтандырды. Ертесіне бұл маңға екі аяқтылар, яғни адамдар келді. Олар бес күшікті сол жерде атып тастап, біреуінің тірсегін кесіп тастады, ал кенжесін ауылға ала кетті. Екі қасқыр жалғыз күшігін алып, қаша жөнелді. Осыдан кейін ауылдан маза кетті, мал таланып, қасқыр шаба берді. Ауыл тұтқынына айналған кішкентай күшік ауылға келгесін екі күннен кейін көзін ашты. Оны бауырына басқан Құрмаш «Көксерек» деп ат қойып алды. Көксерек ауыл иттерінен көресіні көріп өсті. Бірақ қанша таланып жатса да, бір рет болсын даусын шығарған емес. Тек жанына қатты батқанда, езуін жиыра салады. Құрмаш жанында болғанда ол таяқтың астында қалмайтын. Бірақ өскен сайын иесі де одан көз жазып қала берді.

Құрмаш оған екі мезгіл тамағын бергеннен бе, әбден ашқарақ болып алды. Тіпті асы уақытылы берілмеген кездері сарай ішінен өзі ұрлап жеуді бастады. Әжесінен талай рет таяқ жесе де, Құрмаш дұрыс-бұрысты түсіндіруге тырысса да, Көксерек адал мен арам асты ажырата алмады. Уақыт өте берді, Көксерек биік болып денесі іріленіп, нағыз қасқырға ұқсап келеді. Құрмаштың әкесі өлтіріп, терісін алайық дегенге Құрмаш көнбеді.

Бір күні ауылға қасқыр шапты, бір топ ит артынан қуса да, жеткізбеді. Олардың артынан Көксерек те кетті. Үйге қайтып оралмады. Құрмаш қашып кетті деуге қимай, барлық қарағанды сайдан іздеп шықты. Кенет екі күннен кейін Көксерек өзі қайтып келді, ашыққан, қалжыраған күйде болды. Құрмаш пен әжесі оны қуана қарсы алды. Бірақ үш күннен кейін Көксерек тағы да жоқ боп кетті. Бұнысы шынымен болды, ауылға қайтып келмеді.

...

Скачать:   txt (7 Kb)   pdf (51.5 Kb)   docx (8.8 Kb)  
Продолжить читать еще 2 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club