Финляндия страна белых лилий кітабына
Автор: Slanbek • Март 6, 2020 • Анализ книги • 524 Слов (3 Страниц) • 642 Просмотры
Ізгілік Сланбек
ҚазҰУ, физика мамандығы, 1 курс
Григорий Петровтың Финляндия страна белых лилий кітабына
Мазмұндама
Мәскеудегі үлкен императорлық театрда шатырға дейін жететін сызат пайда болды. Сызат іргетастан басталып шатырға дейін жалғасты. Оны ағаш бөренемен тіреп тұрғызып қойды. Бірақ та тіреу ұзақ уақыт тұрмай ағаш бөренелер шіри бастады. Іргетастағы бөренелерді граниттік блоктармен алмастырылып әлі күнге дейін тұр.
Карлейльдің 《 Герои и героическое в истории》еңбегінде халықтың балшық оларды тек мүсіншілер, яғни Цезарь, Наполеон, Сократ секілді ұлы тұлғалар ғана бір бейне, форма бере алады.
Пайдалы қазбалары жоқ, халықтың жағдайы төмен дамыған, жиі жаңбыр жауып әрдайым тұман болып тұратын мемлекет. Ең жақсы жән көрнекті мысал ретінде Еуропаның солтүстігінде орналасқан – Финляндия. Финдіктер сүйікті отанын Суоми деп атайды.
Швецияның отарында кейіннен Ресейдің құрамында болған финдіктердің басты байлығы – мектеа болып табылады. Финляндияда орыстардың уралдың кені немесе сібірлік алтын кендері жоқ. Табиғат бұл елді пайдалы қазбалармен байытқан жоқ. Мектепте жойылса, елде жойылады.
Финляндиядағы мектептердегі сабақтар ерекше ретпен құралған. Екі сағат таңертең сегізден онға дейін, екі сағат түстен кейін екіден төртке дейін.
Снелман финдіктердің арасындағы жас интеллигенттердің бірі болды. Ол қыста шаңғыда, жазда өзендерде кемемен немесе жаяу ауылдарды аралап жүрді. Ауылдарда ол жаңа талантты адамдармен танысып, ауылтұрғындарына нұсқау және ақыл берді. Барлық Финляндиядан мұғалімдерді жинап оларға елдің мықты данышпандары лекция оқып, сол білімді оқушыларына беріп жалғастыратындай. Көптеген мұғалімдер Снельманнан шабыт алды. Оның көмекшісі болғысы келді. Өздері жеке және көп оқып, дами түсті. Барлық ел бойынша жүзге жуық Снельмандар пайда болды.
Шведтердің отарының кезінде казармалар өте нашар жағдайда болған еді. Казармада жағымсыз иістер пайда болып, әскери адамдар нашар киініп және дұрыс тамақтанбайтын еді. Дұрыс тамақтанбанғаннан әртүрлі ауруларға шалдығатын еді. Снельманның нұсқауымен казармадағы жағдай толығымен өзгертілді. Казармалар жиі желдетіліп тазалық жасалып тұратын болды. Бос уақыттарда ғимараттардың айналасында гүлдер отырғызылды. Терезелерде перделер ілініп, едендерге кілем жайылды. Солдаттар аптасына бір рет моншаға апаралып тұрады.
...