Лекции по "Литературе"
Автор: Aruuuuuuuzhan • Февраль 2, 2024 • Курс лекций • 2,607 Слов (11 Страниц) • 100 Просмотры
49. Мұрат айтыстарының жанрлық, көркемдік ерекшеліктеріне талдау жасаңыз.100
Мұрат Мөңкеұлы - төкпе ақын, жырау,айтыскер. Ысқақ Дүйсенбаев Мұрат шығармашылығын өлең-толғаулары, айтыстары, толғау-поэмалары деп үш түрге бөлген.
Мұрвт айтыстағы түре айтысты да, сүре айтысты да жетік меңгерген зар-заман ақыны.Яғни ол бір ауыз өлеңмен шапшаң жауап алмасатын және нағыз ақындарша ұзағынан жыр төгіп, суырыпсалма өлеңге төселген ысылған ақын.
Мұрат ақын айтысының ерекшелігі оның қайымдасу,яғни қайым өлеңдерінің тармақтарын қайыра қолданады,соған өзінің ойын жалғай салады.Бұндағы, осы қайым айтысының формасы қалжың, пікір алмасу, әзіл секілді диалог түрінде қолданылады. Демек, ақынның айтысының осыбір халықтық түрі оның ерекшелігі десек болады.
Ол бұл жолға 15-16 жаста болғанда келген. Дегенменде оның бізге барлық айтысы жеткен жоқ. Бізге жеткен айтыстарының көбінде ақын бір қайырыммен, яғни Мұраттың қарсыласын алғашқы кезекте сөзден тоқтатуымен аяқталған.Ол 17 жасындағы жылқышымен, 20жасында айтысқан Бала Оразбен және 25 жасында Жаскелең, Жантөле, Тыныштықпен айтысы. Бұл айтыстары қызбен айтыс және ақындар айтысы.
Ақынның Бала Оразбен айтысы қайым айтыс үлгісінде болған. Онда төрт жолды, он бір буынды өлеңмен жауап алмасып отырылуы керек. Онда шумақтың алдыңғы екі тармағын қайталап, кейінгі екі тармағы арқылы ақындар бір-біріне жауаап алмасқан.Ал. бұл айтыста буын саны 7-8 болғанымен Мұраттың қарсыласының сөзін қайталап жауап қайыруы қайым айтыстың түрі екенін көрсетеді.
Мұрат ақынның Жантөле атты қызбен айтысы әзіл мен қалжыңға құрылсада әлеуметтік мәселені көтерген. Бұл айтыстың құрылымы бір шумақпен жауаап алмасылған түре айтыс және Бала Оразбен айтыстағындай қайым айтыс түрі. Мұнда Жантөле Сара қыздың кемшілігі бар секілді күйеуінің тақырыбы есебінде жеңілген болатын.
50. Мұрат ақынның «Үш қиян» толғауының тақырыптық идеялық және көркемдік ерекшілігіне талдау жасаңыз. 100
Ысқақ Дүйсенбаев Мұрат шығармашылығын өлең-толғаулары, айтыстары, толғау-поэмалары деп үш түрге бөлген. Соның ішінде толғаулары: :”Үш қиян”, “Қазтуған”,“Сарыарқа”.
Мұраттың ”Үш қиян” толғауының тарихын Х.Досмұхамедұлы жаңа низам заңы еніп,ендігі елді болыс, ауылнай билей бастаған кезде туындаған, оның айтылуы 1864-1873 жылдар аралығы болған дейді. Яғни, бұл толғау отаршылықтың бастау алып, халық жағдайы мен тағдыры, жер дауы мәселесі көтерілген. Онын бұл толғауының ерекшелігін Сәбит Мұқанов: бүнда Мұрат өз заманының қиыншылығымен қатар елдің тарихына көз жүгірткен. Жер тарихында ол жеті жұрт көшкен Еділ, Жайық,Ойылдың тарихына көз жүгіртеді. Онда ақын жермен бірге заманның тарылып бара жатқанын ,оған кінәлі адамзаттың өзі екенін тілге тиек еткен.
Ал, толғаудың көркемдік құралы жағынан талдайтын болсақ. Толғау 31 шумақты, тармағы жағынан әр түрлі, 7-12 буынды аралас тармақтан тұрады.
Толғауда тармақтардың бірдей дауыссыз дыбыстан бастау алуы- аллитерация мен тармақтың бірдей дауысты дыбыстан бастау алуы- ассонанс кездеседі.
Теңеу: 7-шумақта Қырғауылдай қызыл нар…
Эпитеттің кездесуі:қанды қиян, көк Жайық, алтын ала, ақ күміс,шаңды қиян,майлы қиян т.б.
Риторикалық сұрақтың кездесуі: 4 мәрте 2,3,5,26-шумақтарда кездеседі.Мысалы: Біз де бір сондай болармыз,
Артық па едік олардан?!
Қайталаудың әдепкі қайталау түрі яғни анафора 3-шумақта “жеті” сөзі тармақтың басында қайталанылған және кезекті қайталау, яғни эпифора – тармақтардың бір сөзбен аяқталуы көптеп кездеседі. Әсіресе, жер,жағығсу тб сөздердің қайталанып келуі.
Ал,екі нәрсені салыстыру немесе жақындату арқылы тың мағына беретін “Дұшпан — тазы, біз — түлкі» cекілді метафора қолданылған.
Сонымен қатар, тармақта алдыңғы құбылыстан соңғы құбылысты асырата түсуі,яғни градация қолданылған.Мысалы, 3-шумақта:
...