Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Лекции по "Литературе"

Автор:   •  Декабрь 21, 2023  •  Курс лекций  •  50,411 Слов (202 Страниц)  •  150 Просмотры

Страница 1 из 202
  1. Әдеби тіл дегеніміз не? Ол жайындағы көзқарастар. Әдеби тілдің шартты белгілері.

Әдеби тіл-өңделіп сұрыпталған белгілі тілдік нормаларға түскен,ұлттық статусқа ие  жалпы халықаралық тілдің ең жоғарғы формасы.

Шартты белгілер Р.Сыздық бойынша:

1)әдеби тіл-өңделген,сұрыпталған,нормаланған тіл болу керек

2)әдеби тіл-қоғамның қолданылу практикасында сыннан өткен тіл болу керек,баршаға ортақ болуы тиіс

3)қызметі жағынан халықтың өмірінде ұйымдастырушы,қоғам мүшелерінің бас қосушы,жалпыға ортақтық қасиеті болу керек

4)сапалық құрамы жағынан ауызекі сөйлеу тілінен жоғары тұруы тиіс

С.Исаев 5 шартты ұсынады:

Әдеби тіл белгілі бір халықтың белгілі бір дәуір кезеңдеріндегі қоғамдық,рухани дүниесінің ,мәдениетінің өндіріс құралы болуы әрі оны жеткізудің амалы бола алуы.

Осыны ескере Р.Сыздық әдеби тілді 3 топқа бөледі:

1)ауызша әдеби тіл(15-18ғ)

2)жазба алдындағы тіл(17ғ 1 жарт)

3)жазба әдеби тіл (19ғ 2 жарт)

2. ХХ ғ. басындағы қазақ әдеби тіліндегі грамматикалық ауытқулар, оның себебі.

3. Қазақ әдеби тілі лексикасының баю жолдары.

4. Қазақ әдеби тілі – жалпы халықтық тіл, мемлекеттік тіл.

Əдеби тіл қашан жəне қалай қалыптасқанына қарамастан, жалпыхалықтық тілдің сұрыпталған, сымбатталған түрі  болып та-былады да, бір жағынан, сол жалпыхалықтық   тілдің бір құрамы ретінде өмір сүріп отырса, екінші жағынан, жалпыхалықтық тілдің əдеби тілге енбейтін бөліктерімен (қарапайым сөйлеу тілі, диалектизмдер мен кəсіби сөздер, жаргондар мен варваризм-дер, т.б.) əртүрлі қарым-қатынаста болады. Сөйтіп əдеби тіл, бір жағынан, жалпыхалықтық тілдің бір бөлігі болып табылса, екінші жағынан, жалпыхалықтық тілдің басқа түрлеріне қарама-қарсы болып, қарама-қайшылықтардың  бірлігімен күрес заңы деп аталатын диалектика заңдылығының негізінде тіл табиғатында өмір сүріп, дамып отыратынын байқаймыз. Сондықтан да əдеби тілдің жалпыхалықтық тілмен қарым-қатынасы, одан алатын орны, жал-пыхалықтық тілдің басқа салалары мен қарым-қатынасы əркез, əр кезеңде бірдей, біркелкі болмақ емес, өзгеріп, дамып, құбылып та отырады.Жалпыхалықтық тіл өзі қызмет ететін халық өкілдерінің арасындағы қатынас құралы болуды барлық саладажүзеге асырады: қоғамдық өмірде, рухани байлығын жарыққа шығаруда, мəдениет өндірісінің құралы ретінде, сондай-ақ белгілі территорияғағ ана, іс-əрекетке ғана байланысты аздаған адамдар арасында, тұрмыста да өмір сүре алады. Ал əдеби тіл оның ең жоғарғы формасы, өңделіп, сұрыпталып, нормалану қасиетін басынан өткізген, сондықтан да кейінгі кезде «оны мəдени өрлеудің, қоғамның барлық іс-əрекетінің, ғылымның, техниканың, экономиканың, саясаттың, оқу-ағарту, мəдени жұмыстардың құралы»1деп  танып жүр. Сондықтан да əдеби тілдің жүйелілігі сол тілде сөйлейтін халық өкілдерінің бəріне таныс, нормасы ортақ болып келеді де, олардың тіл заңдылықтары негізінде сақталынып отырылуы қадағаланады. Əрине, əдеби тілдің нормалары қатып, сіресіп қалған, өзгермейтін құбылыс емес. Əдеби тіл, бір жағынан, замандар бойы қалыптасқан тұрақты нормаларын сақтап қалуға, бұздырмауға тырысып отырса, екінші жағынан, ішкі даму процесі негізінде, сыртқы қо-ғамдық-əлеуметтік өзгерістерге лайық икемділіг іарту үшін жаңа ұғым, мағыная образ беруде норманың шеңберін бұзып, нормадан ауытқып та кетеді. Əрине, ондай ауытқулар жөнсіз, қалай болса солай емес, белгілі шекті болады. Оны бұзушы индивидумның интуициясы көпшілік оқырман сезіміне жағымды əсер ете алса ғана ол ауытқу сəтті болып, қажеттіктен туған болып табылады. Халық тілінің екінші бір бөлігі болып табылатын ауызекі сөйлеуге байланысты қарапайым сөздер, белгілі бір территорияға байланысты жергілікті тіл ерекшеліктері (диалектизмдер), белгілі кəсіпке байланысты белгілі мөлшердегі адамдарға ғана түсінікті кəсіби сөздер, халықтың белгілі тобына ғана қатысты жаргондар, жөнсіз қолданылған бəтен тілден енген кірме сөздер  –  вар-варизмдер əдеби тілге қарама-қайшы құбылыс болып келсе де, олардың қоғамдық өмірде өмір сүруінде байланыс бар, бір-бірімен қатынасып отырады, кейде тіпті олар əдеби тілге еніп нормаланып, əдеби тілді байытуға байланысты қызмет атқарады. Олардың əдеби тілмен қарым-қатынасқа түсіп, жалпыхалықтық көріні салатын орны  –  көбіне-көп көркем шығарма. Көркем шығарма тілінде қарапайым сөздерде, диалектілік ерекшеліктерде, кəсіби сөздерде, жаргондар мен варваризмдерде жиі кездесіп отырады. Əсіресе персонаж тілінде орынды қолданылған ондай тілдік элементтер  көркем туындының нəрін келтіріп, оған образдық мəн беріп тұрады.

...

Скачать:   txt (670.2 Kb)   pdf (1.3 Mb)   docx (530.3 Kb)  
Продолжить читать еще 201 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club