Көркем аударма және көркемдік таным. Қазақ әдебиеті өкілдерінің бір шығармасы негізіндеаударма сипатына талдау жүргізу
Автор: arailym_kkn • Декабрь 13, 2018 • Реферат • 1,790 Слов (8 Страниц) • 1,530 Просмотры
Көркем аударма және көркемдік таным. Қазақ әдебиеті өкілдерінің бір шығармасы негізіндеаударма сипатына талдау жүргізу. Түпнұсқа мен аударма мәтінді салыстыра талдау.
Пушкиннің «Евгений Онегин» романынан үзінді «Татьянаның Онегинге жазған хаты»
Көркем аударма 21 ғасырда кең тараған саланың бірі деп қарастырсақ болады. Себебі, әлемдік деңгейдегі бестселлерлерді оқып көрудің жаңа мүмкіндігі. Теңіз бен талай елдерді асып, шекараны бұзып, жазылып жатқан туындыларды аударма негізінде оқи аламыз. Халықтың әдебиеті бай болған сайын, оның әдеби тілі де – бай, алуан бояулы, бейнелі, әдемі де әрлі, нақышты да нәрлі. Тіл байлығы шебер жасалған аудармадан айқындалады. Көркем туындыны аудармада шынайы түрде, ұлттық сөздік қордың бар мүмкіндігімен және мол байлығымен қайта жасап шығу нәтижесінде ол екінші бір халықтың әдебиетіне тәржімалық шығарма болып қосылып қана қоймайды, нағыз түпнұсқаның қызметін атқарады. Оқи отырып, тек бір ғана ұлттық дүниемен қалып қоймай, әлеммен танысасыз, көкжиегіңіз кеңейді.
Көркем аударма дегеніміз – кез келген шығарманы, мәтінді түпнұсақадағы сезімді сақтай отырып, яғни аударылған шығарманы оқырманға дәл түпнұсқадағыдай сезімнің, әсердің жеткізілуін негізге ала отырып аудару. Аударудың да өз тәсілдері бар. Мәселен, дәлме-дәл аудару (сөзбе-сөз) және еркін аудару (ішкі мазмұнын сақтай отырып аудару). Көбіне шығармалар аударылғанмен түпнұсқадағы күйді бере алмай жатады. Шетел асқан аудармалар сәтсіз болса, баспасы тоқтылады. Осы кезекте оқырманның рөлін байқай аламыз. «Сырт көз сыншы» әрине, дегенмен мағыналы, мазмұнды аударылған еңбектер өз оқырманын табады. 19 ғасырда аударылса да, Абайдың «Татьянаның Онегинге жазған хаты» өз реңкін жоймады. Меніңше, Абай ақынның аударудағы көркемдігі сол, Абайдың төл туындысындай қабылдайсың. «Татьянаның Онегинге жазған хаты» мұның 1889 жылы Абай тудырған нұсқасы – 79 жол, түпнұсқада – 76жол.
В. Белинский ««Евгений Онегин» - орыс өмірінің энцоклопедиясы» деп айтқанындай, қазақ ақынына орыс өмірін сезіне жазуы да бір шеберлік. Осы аударманы талдап көрелік.
Амал жоқ — қайттым білдірмей,
Япырмау, қайтіп айтамын?
Қоймады дертің күйдірмей,
Не салсаң да тартамын.
Талапсыз, бақсыз мен сорлы
Еріксіз аттап ұяттан,
Қорлыққа көндім бұл құрлы,
Байқалар халім бұл хаттан.
Әлімше мен де ұялып,
Білдірмен дедім өлсем де,
Шыдар ем күйіп мен жанып,
Айында бірер көрсем де.
Болмады көріп қалуға,
Есітіп біраз сөзіңді.
Шыдар ем бір ай жатуға
Ұзақ түн жұмбай көзімді.
Қызықтан қашып бұл жерге
Көңліңіз суып келіпсіз.
Мәнісін сұрап білуге
Тілдесе алмаймын еріксіз.
Келмесең егер сен бізге,
Сау болмас па ем, әлбетте?
Болмасам ашна мен сізге,
Түспес ем мұндай бейнетке.
Асау жүрек қайнамай,
Жуасыр ма еді кезінде?
Елден бір жақсы сайламай,
Бармас па ем ерге өзім де?
Өзгеге ешбір дүниеден
Еркімен тимес бұл жүрек.
Әзелде тағдыр иеден,
Қожам — сенсің, не керек.
Тіршілігім — құрбандық,
Шыдамай сені көргенше,
Тәңірімнен келген бұл жарлық,
Ием — сенсің өлгенше.
Әуелде кірдің түсіме,
Ортақтасып өміріме.
Толғау салып ішіме,
Сол күнде-ақ жақтың көңліме.
Қүдайдан болғай деп емі,
Құдайыны мол бердім.
Көрген жерде-ақ мен сені,
«Осы екен ғой — сол», — дедім.
Жатқан сайын ұйқыға
Дұға оқушы ем, шошынып.
¥натып мені құлқыңа,
Жүруші едің қосылып.
Түсімде мені жұбантып,
Жылы сөзбен сөйлесіп,
Кетуші едің қуантып,
Қалушы еді көңіл өсіп.
Шыныңды айт, кімсің тербеткен,
Иембісің сақтаушы?
Әлде азғырып әуре еткен
Жаумысың теуіп таптаушы?
...