Көркемдік кеңістіктегі Махамбет ақынның көркем бейнесі
Автор: Nurssss • Октябрь 20, 2023 • Контрольная работа • 1,812 Слов (8 Страниц) • 179 Просмотры
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті
Филология институты
Академик С.Қирабаев атындағы қазақ тілі мен әдебиеті кафедрасы
[pic 1]
СӨЖ
Мамандық:6B01701 Қазақ тілі мен әдебиеті
Пән:XIX ғасыр қазақ әдебиеті және оны оқыту
Топ:311
Орындаған:Абильжанова Аңсар Қабылдаған:Аширов Жәнібек
Көркемдік кеңістіктегі Махамбет ақынның көркем бейнесі
Махамбет қазақ әдебиетінің классигі
Ішкі Бөкей ордасы,яғни Батыс Қазақстандағы Орда ауданында,Нарын құмы,Бекетай деген жерде 1804 жылы қазақтың жауынгер-жыршысы,батырымыз Махамбет Өтемісұлы туылған болатын.Батыр XIX ғасыр әдебиетінің ақыны,шешен,сазгері.Осы ғасыр әдебиетін асқақтатып, табиғатынан берілген талантымен әдебиеттің мәртебесін көтерген,халқы үшін бас көтерген жалынды тұлға.Махамбет Өтемісұлы азаттық пен теңдікті аңсаған жалпы халық көтерілісінің рухтаушы, жыршысы ретіндегі атымен тарихта мәңгі қалған жанның бірі.
Махамбет поэзиясының көркемдігі
Махамбет Өтемісұлының өлеңдері мен жалпы шығармашылығының басым бөлігі 1836-1837 жылдардың кезінде болған ұлт-азаттық қозғалыстың негізінде болған. Ат үстінде жүріп,майдан сахнасында туындаған жырлары кез-келген жанның рухын көкке көтеріп,сөздері жігерлендірмей қоймаған.Оның гауһардай қымбат,судай таза,айнадай шынайы толғаулары -Махамбеттің төзімді,турашыл,әділ қасиеттерінен ,азаматтық тұлғасынан,еліне,жеріне деген ыстық ықыласы мен философиялық кғөзқарасынан туындаған деп айтсақ болады.
“Махамбеттің ішкі-жан сарайы-суретхана секілді” (А.Қ Егеубаев .IIIтом.”Махамбет”.Алматы.Ғылым ғылыми баспа орталығы.2003).Осы тұста Махамбеттің рух беретін пікірлері мен ойлары ,жалпы өз ішінен шыққан сөздері арқылы оның ерекше суреттенулерінің көркемдігін байқай аламыз:
“Көп садақтың ішінде,
Көбе бұзар жебе бар”
(“Ұл туса”)
“Ағыны күшті ақ дария”
“Қарқыны күшті көк семсер”
(“Арғымақтың баласы”)
“Алты құлаш ақ найза”
“Еңсесі биік боз орда”
(“Күн қайда”)
Фразеологизмдер
Махамбет ақынның шығармашылығында дыбыстық және мағыналық тұсынан да шебер жалғаса қабысқан фразеологизмдер де көптеп кезедседі.Мысалға алар болсақ:
“Тебінгісін тесе атқан,
Тізгінінен кес атқан.”
(“Соғыс”)
“Еділ үшін егестік,
Жайық үшін жандастық,
Қиғаш үшін қырылдық,
Тептер үшін тебістік.”
(“Махамбеттің Баймағамбет сұлтанға айтқан сөзі”)
“Еңсегелім екі елі,
Егіз қоян шекелі,
Жараған теке мүшелі”
(“Еңсегілім екі елі”)
Бұл өлең жолдары ұлттық-психологиялық мағынасы бар фразиологиялық тіркесімдер болып есептелінеді.
Сонымен қатар,метафоралық-образдық мәні бар,мәнді де мағыналы сөз-символардын Махамбет батырдың өлеңдеріне тән деп білеміз.Азаттық жолындағы үлкен мақсаты бар,ұлы көтерілістің бастаушысы,батырлардың жалындысы болған ақын:
“Жауырыны жазық,мойны ұзын,
Оқ тартарға қолы ұзын,
Дұшпанына келгенде тартынбай сөйлер асылмын.”
.......
“Жауды көріп қуанған,
Мен Өтемістің баласы
Махамбет атты батырмын.”-деген үзінділерде ,батырлық бейнесін сипаттайды.Өз болмысын,өз ойын айқын көрсетеді.Ақынның осы негіздегі ерекшелігі өз ойын өлеңде айта кеткендей тартынбай жеткізіп,өзін айрықша ашық түрде баяндауында болып тұр.
Қазақ лирикасындағы Махамбет тақырыбы
Жалып XX ғасыр, кеңестің дәуір кезінде Махамбет Өтемісұлы жайында көбірек зерттеле, жырлана бастаған кезең болатын. Бұл орайдағы қарастырылу жолында проза саласында, повестер, бірнеше романдар, әңгімелер, сонымен қатар 3-4 драмалық туындылар жазылып, он шақты өлеңдер мен поэмалар туындаған болатын. Осындай зерттеулердің ең алғашқысы ол-Жұбан Молдағалиевтің зерттеу,қарастырулары болды. XX ғасырдың екінші жартысында қазақ поэзиясында "Махамбет батыр, ақынға" арналған көлемді өлеңі жарық көрді. Негізгі өлеңнің тақырыбы "Махамбет қабірінің басында" деп аталады. Тақырыбында айтып тұрғандай, Махамбеттің қабірінің басынан азаматтық және толғаныс сезімін сезінген. Мәселен, мына үзіндіде:
...