Көне түркі әдебиеті. (ҮІ-ІХ ғасырлар)
Автор: Bobekomirzakova • Февраль 9, 2022 • Реферат • 1,386 Слов (6 Страниц) • 1,177 Просмотры
Дәріс №1.Тәңірлік дәуір әдебиеті
Тақырып №1. Көне түркі әдебиеті. (ҮІ-ІХ ғасырлар)
Мақсаты: Ежелгі қаз. әдебиетінің тарихын дұрыс жүйелеу туралы
түсінік беру. Сондай-ақ, Орхон жазуындағы жәдігерліктер талдау жасау.
Негізгі терминдер мен ұғымдар: Көркем әдебиет, эстетикалық мәні, кемелдену сатылары, әдеби ағымдар, әдеби жанрлар, даму кезеңдері
Қарастырылатын негізгі мәселелер:
- Орхон жазуындағы жәдігерліктер
- "Күлтегін " жыры және оның көркемдік ерекшеліктері
Әдебиет тарихын кезеңдерге бөліп зерттеу ісі, біріншіден, қоғ-ң жалпы даму заңдылықтарына, екіншіден, әдебиет дамуының тек өзіне ғана тән белгі-сипаттарына негізделуі тиіс.
Сонымен, ежелгі қаз. әдебиетінің тарихын дұрыс жүйелеу үшін ең алдымен, мынадай екі мәселені мықтап ескеру шарт. 1) Адамзат қоғ-ң жалпы даму заңд-н, соның ішінде қаз. халқ-ң қалыптасып, дамуының тарихи кезеңдеріне ықпал еткен қоғ-қ-әлеум-к факторларды жете білу керек. 2) Көркем әдебиеттің қоғ-қ-эстетикалық мәні мен қызметінің кемелдену сатыларын, сан қилы әдеби ағымдардың пайда болу себептерін, әдеби жанрлар мен әдеби тілдердің даму кезеңдерін т.б. танып-білу қажет.
Сол себептен тюрколог-ғалымдар бүкіл түркі тілдес халықтардың сан ғасырлық әдебиет тарихын енгізінен екі кезеңге бөліп қарастырады. Бірінші кезең – тәңірлік дәуір әдебиеті, ал екіншісі ислам дәуірі әдебиеті болып табылады.
Тәңірлік дәуір әдебиетінің өзін үш дәуірге бөліп қарастырған жөн:
- Ежелгі түркілердің арғы тегі саналатын сақтардыңқаһармандық дастандары. (б.з.б. 9-3ғ.) «Алып ЕР тоңға» дастаны, «Шу» дастаны.
- Бізге ғұндар дәуірінен жеткен батырлық жырлар. (б.ғ.б. 2ғ. б.з. 5ғ.) «Оғыз қаған», «Атилла», «Көк бөрі», «Ергенекон» дастандары.
- Түрік қағанаты (8ғ.) «Күлтегін», «Тоныкөк», «Білге қаған».
Қыпшақ даласына ислам діні тарағаннан кейінгі дәуірі әдебиетінен бізге жеткен мұраларды да үш топқа бөліп қарастырамыз.
- Қайта өрлеу дәуірі (12-15ғ.) әдебиеті. н/се ислам дәуірі әдебиеті. Бұлар негізінен этикалық-дидактикалық сарындағы поэзиялық туындылар болып келеді. Оған Ж.Баласағұнның «ҚҰтты білік», А.Иүгінікидің «Ақикат сыйы», Қ.А.Йассауидің «Ақыл кітабы» т.б. енеді.
- Алтын Орда дәуірі (12-15ғ. әдебиеті). Бұған көне түркі тілінің оғыз-қыпшақ вариантында өмір сүрген туындылар енеді. Олар: Хорезмидің «Мұхаббат-наме», Құтбтың «Хұсрау-Шырын», Сайф Сараидің «Түркі тіліндегі Гүлістан», Дүрбектің «Жүсіп пен Зылиха» т.б. дастандар.
- Тарихи тақ-қа жазылған көркем шежірелер. Бұған Әбілғазы Бахадүрханның «Түрік шежіресін», Қадырғали Жалаиридің «Шежірелер жинағын», Бабырдың «Бабыр-намесін», Х.Дулатидің «Тарх-и-рашиди» атты еңбектерін жатқызуға болады.
Ежелгі әдеби жәдігерліктердің зерттелуі. Еліміз егемендік алғанға дейінгі кезеңде ежелгі әдеби жәдігерліктер жүйелі түрде зерттелген емес. Тек жекелеген түркітанушы және шығыстанушы ғалымдар ғана ежелгі әдеби жәдігерліктерді іздестіру, көне қолжазбалардың мәтінін сараптау, басқа тілдерге тәржіма жасау, баспасөзде жариялау істерімен айналысты. 19-20 ғасырдың бас кезінде бірқатар әдеби жәдігерліктер, атап айтқанда, көне түркі әдеби тілінің оғыз-қыпшақ, көне өзбек, қыпшақ-оғыз, көне түрікмен т.б. варианттарында жазылған туындылар табылып, олар әдеби, тарихи, тілдік тұрғыдан жан-жақты зерттеле бастады. Кейбірі еуропа және орыс тілдеріне тәржіма жасалды.
Бұл іске әсіресе Генрих Клапрот, Герман Вамбери, Жауберт Амадес, Вильгельм Томсен сияқты еуропа ғалымдары мол үлес қосты. Сондай-ақ орыстың В.В.Бартольд, В.В.Радлов, С.Е.Малов, Е.Э.Бертельс, А.Н.Кононов, Н.А.Баскаков,И.В.Стеблева сияқты зерттеушілері де құнды еңбектер жазды. Ежелгі түркі әдеби жәдігерліктерін өз халықтарының фольклоры мен жазба әдебиеті тұрғысынан зерттеу ісіне өзбек, әзірбайжан, түрікмен, татар, түрік халықтарының ғалымдары атсалысқаны белгілі.
Қазақ әдебиеті мен тіл тарихын зерттеушілер де көне әдеби мұраларды зерттеу барысында бірқатар игілікті істер тындырды. Бұл іске, әсіресе, М.Әуезов, Ә.Марғұлан, Б.Кенжебаев, Х.Сүйіншалиев, Ә.Қоңыратбаев, Р.Бердібай, М.Жолдасбеков зор үлес қосты, Ал олардың игі істерін кейінгі буын ғалымдары –С.Қасқабасов, Ш.Ыбыраев, ӘДербісәлі, А.Егеубай, А.Қыраубаева т.б. жалғастыра түсті. Ежелгі мұраларды тілдік тұрғыдан С.Аманжолов, Ғ.Айдар, Р.Сыздықова, Қ.Өмірәлиев, М.Томанов, А.Аманжолов т.б. сияқты тілші-мамандар зерттегені белгілі.
...