Жүрегімнің түбіне терең бойла
Автор: Ayanask123 • Февраль 1, 2023 • Эссе • 285 Слов (2 Страниц) • 296 Просмотры
Жүрегімнің түбіне терең бойла….
Абай-дана, Абай-дара тұлға. Қазақ халқының маңдайына біткен кемеңгер әлемдік ойдың иесі. Хакім Абайдың шығармашылық мұрасы-халқымыздың ғасырлар бойы ұрпақтан-ұрпаққа жалғасатын, уақыт өткен сайын маңызын жоғалтпайтын тың дүние. Сөз бен әуенді тоғыстыра біліп, одан өзіне рухани азық алып, күллі әлемді тәнті еткен тұтас бір халықтың темірқазығы десек қателеспеспіз.
Қазақ әдебиеті саласында талай жарқын ақындарымыз өзіндік өлмес туындыларын тарту етсе де, Абай жұлдызының биік тұратындығы неліктен?!
Ақын өлеңдері мен қара сөздерінде ұлт болмысы, бітімі, тұрмысы, тіршілігі, дүниетанымы, мінезі, жаны, тілі, рухы көрініс тауып, көркем идеяларды барынша дәріптейді. Абай ақындық шығармаларында қазақ халқының әлеуметтік, қоғамдық мәселелерін арқау етеді. Ал, шығармашылығының ішінде шоқтығы биік туындылары-ғақлиялар. Олардың айрықша ерекшелігі тілдің көркемдігі, философиялық тереңдігі, тәрбиелік мәні. Ұлы ақын ұлтының кемшілігін қатты сынаса да, тек бір ғана ойды – қазағын, халқын төрге жетелеуді мақсат етті. Абай дүниеде жоқ феномен.
Қулық сауу, көз сүзу, тілену — өнерсіз иттің ісі. Ал мұндай теріс мінезден арылу үшін Абай қандай кеңес береді — еңбегіңдә сау дейді. Ал еңбекті сауу үшін бос күлкіден , жарамсыз қылықтан , мақтаншақтықтан арылғанда ғана өнерсіз итіктен кетесің деп кеңес береді.
Абай сөздері сәби бойына ана сүтімен бірге дариды. Ана сүті ағзаға қорек болса, Абай сөздері санамызға қорек. Хакім Абай өзінің қара сөздерінде шығарманың ажарына ғана назар аударып қоймай, оның тереңдігіне, логикалық мәніне зер салған. Дана ақынның философиялық көзқарасы инабаттылыққа , парасаттылыққа тәрбиелейтін сүре жол. Көптеген шығармашылығымен ақын қазақ бұқарасына ақыл, өсиетін уағыздай , адамгершілікке , өнер - білімге, еңбекке үндейді. Халқының ауыр тағдырын , өмір-тұрмысын ерекше шеберлікпен , нанымды көрсете отырып, Абай халықты қоғамдық осы мұраттарға жетуге ынталандырады.
...