Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Жақсы кітап - ақылды адамның әңгімесімен бірдей

Автор:   •  Январь 21, 2020  •  Эссе  •  375 Слов (2 Страниц)  •  2,060 Просмотры

Страница 1 из 2

Жақсы кітап - ақылды адамның әңгімесімен бірдей

Әрбір адам жарық дүние есігін ашқан сәтінен бастап айналасына ерекше қызығушылықпен қарайды. Сондықтан сәби кішкентай күнінен қолына түскен нәрсенің дәмін татып, ата-анасына былдырлап сұрақ жаудыртып, бәрін білуге ұмтылады. Адамның саналығының да мәні осыда. Ол ақтық демі қалғанша ізденіс үстінде болады. Кез келген адам адам өзін қызықтыратын сұрақтарға жауап табу үшін көбіне кітапқа жүгінеді. Себебі айналасындағы адамдар әрдайым жауабын қанағаттандыра бермейді. Осы себептен жақсы кітапты оқуды ақылды адаммен тілдесуге теңейді. Ал енді осы тәмсілдің мағынасына толықтай тоқталып көрейік.

Біріншіден, кітап әрдайым көмекке келеді. "Кітап жансыз, бірақ шынайы дос" деп француз жазушысы Гюго айтқандай, кей кездері кітап достан артық болуы мүмкін. Себебі қиналған сәтте, өкінішке орай, жақын адамдар да көмек беруге қауқарсыз болып қалады. Осы кезде ақыл-кеңес сұрау үшін кітаптың көмегіне жүгінуге болады. Ол ешқашан сізді жалғыздықта қалдырмайды және кез келген сұрағыңызға жауап береді. Тек тиісті кітапты таба білсеңіз болғаны.

Екіншіден, "Бар білімнің қайнар көзі - кітапта" деп елбасымыз айтқандай, кітап түсінген адамға кез келген қазынадан қымбат. Кітап - адамды рухани байытатын құрал, мәдениеттің бастауы. Кезіндегі атақты ғұлама ғалымымыз әл-Фараби Аристотельдің бір кітабын қырық рет оқып шығуының өзінде үлкен мән бар. Бұл бабамыздың ақылсыздығын емес, даналығын көрсетеді. Себебі кітапты жай ғана оқып қана қоймай, оның түпкі мағынасын ұғына білу керек. Сонда ғана кітап адамға рухани азық бола алады.

Үшіншіден, "Олар (кітаптар)

...

Скачать:   txt (4.9 Kb)   pdf (32.3 Kb)   docx (8.3 Kb)  
Продолжить читать еще 1 страницу »
Доступно только на Essays.club