Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Жомарт жүрек,жанымда жүр жақсы адам

Автор:   •  Ноябрь 15, 2021  •  Эссе  •  597 Слов (3 Страниц)  •  1,580 Просмотры

Страница 1 из 3

         " Жомарт жүрек,жанымда жүр жақсы адам"

Жақсылық-күн нұры секілді,айналаға нұрын шашып , жарқырап тұрады , кейде бұлт астына жасырынып жоғалып , кейде аямай нұрын төгеді. Қазақ халқында "жақсылық" сөзі жиі кездеседі.Себебі ,ата-бабамыз кедей-кепшіктен көмегін аямай , жетім-жесірдің көз жасына қалмай , жүректеріне мұң ұялатпаған. Сол заманан келе жатқан "жақсылық жасау" атадан балаға дарып,қазіргі заманға дейін өз құндылығымен қасиетін жоғалтпай ұрпақтан ұрпаққа жалғасып келе жатыр.  

"Жақсылық"-бұл сөздің астарында көптеген ізгі іспен,басқа жанға деген   қолғабыс пен үлкен көмек жатыр.Жақсылық сөзін естігенде әуелі адам ойына басына қиындық түскен жанға бар жан тәнімен көмек қолын созып жатқан жанды  елестетуге болады.  

Жақсылық-бұл адамгершілік қасиетінің бір бөлігі.Жақсылық жасаған адамның жүзінен нұр төгіліп,айналасына шуағын шашып,жүрген ортасын бақытқа бөлеп жүреді.

Жақсылық жасай білу адам ойының түзулігі мен шынайлығы ұштасқан ерекше қасиеттердің бірі."Жақсылық" дегенде адам ойына мейрімді,жүзі жылы,ақжарқын,пейілі кең жандар еріксіз еске түсетіні айдан анық.Жақсылық жасаған жанның жүрегі жылулық пен кең пейілділікке толы. Оны адамың іс-әрекеті мен бет жүзінен-ақ байқауға болады.Жақсы адам -бұл бойы жақсылық пен мейірімділікке толып тұрған ерекше жан иесі.                

  Жақсылық жасау-өз еркімен,шын жүрекпен жасалатын ізгі істер. Жақсылықты көп жасаған жанға сол жақсылығы жүз есе болып қайтары сөзсіз. Жақсылық жасау адам баласына берілген тамаша ізгі қасиеттің бірі.Жақсылық жасап жүретін жан өзін бақытты сезінеді және әрқашан қуанышты болып жүреді.          

   Бірақ өмір болған соң жақсы мен жаман қатар жүретіні анық.Қазіргі заманда жамандық жасаудың да бар екені өкінішті.Соған қарамастан адамға қол үшін созатын жандар күннен күнге көптеп кездесуде , бұл қуантарлық жағдай .

    Барлық адам туылғанда беикүнә,періште кейпінде дүние есігін ашады.Сол адамның табиғаты мен айналасындағы адамдарға тікелей байланысты.Кейбір жақсылыққа құмар жандардың табиғатыда ерекше.Адамның табиғаты сол-өзіне жақсылық жасап,жақсы мәміледе болған адамға жамандық жасауға ұялады."Жақсылыққа жақсылық әр кісінің ісі,жамадыққа жақсылық-ер кісінің ісі"-деп М.Әуезов айтқан екен.Яғни еш сұраусыз-ақ ізгілікке ізгілікпен жауап қайтару көптің қасиеті.

Өмір сан қилы жолдан тұрады.Сол жолдан  адасып шалыс басып,жақсылық жасаудан қол үзіп жамандыққа мойын бұратын адамдарда кездесіп жатады.Бұл адамзат тағдыры үшін үлкен қасіреттердің бірі.Ал кейбір жамандық жасап,тас жүрекке айналған жандар,бір рет болсын жақсылық  көргеннен кейін ойын өзгертіп жатады.Бұдан жақсылық жасау тас болып қатқан жүректі нұрға толтырып,жылыулық сыйлайтын көруге болады.Яғни, мейрімсіз мұз болып қатқан жүректе "Жақсылқ"атты гүл бүршік жаратыны анық.Сол жақсылық гүлінінің өсіп жетіліуіне әуелі адам баласы жақсылық жасай алатына шүбәсіз сенімі  мен санасына ерік бергені абзал.Осылайша,жақсылық гүлі мәңгілік жүрек түбінде кіршіксіз өз қалпында сақталмақ.Жақсылық жасай алу жүрек тыныштығын сыйлайтын ғажайып сезім десем қателеспегенім болар.Ойлап қарасақ,жақсылық жасау түкте қиын емес.Ең бастысы ниет болса болғаны.Жақсылық атаулыға шын көңілмен,риясыз пейілмен, қаитарым күтпей жасалған,өзгелерді қуантатын,басқаларға пайдалы болатын амалдардың бәріде кіреді.Ең үлкен қуаныш жақсылық жасаушыда,жүрегі жұмсарып ерекше сезімге бөленеді "Жақсы-жұрттың мақтаны,жұпар гүл -жердің мақтаны" деген халық мақалы бекер айтылмаса керек.Жақсы кісіні ел мақтап жақсылығын көзі кеткесін де айтып жүреді.Кейінгі ұрпаққа үлгі етіп айтып отырады.

...

Скачать:   txt (8.4 Kb)   pdf (40.1 Kb)   docx (9.4 Kb)  
Продолжить читать еще 2 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club