Астана туралы өлең
Автор: zhuk01 • Октябрь 9, 2018 • Творческая работа • 1,681 Слов (7 Страниц) • 833 Просмотры
Ал,әдебиетте қыран бейнесі өзгермелі,түрлі баламада көрінеді. Халықтық ұғымда ерен күш иесі,батырлықтың символы ретінде «қыран», «бүркіт». «сұңқар» әдеби шығармаларда кең ұғымды беріледі. Мысалы,Қасым Аманжолов поэзтясында «самолет» секілді нақты атауға «сұңқарды» тіркеп, «самолеттей сұңқар» дейді. Даму,ілгері жылжуда қозғалысты көрсетуге алынған. Ақында сонымен қатар,бейнеленіп отырған образды бөлшектей қолдану да байқалады. Мәселен «Жамбыл» өлеңінің екінші шумағында ақынның сырт бейнесін сипаттауда «саусағы шеңгеліндей қыран құстың немесе лирикалық қаһарманның кеудесін кернеген патриоттық сезімін,ерлігін бейнлеуде «қанатын бір қыран құстың» деген жолдар алынған. Яғни,тұтас бейне-қыранның тегеурінін,алғырлығын көрсететін қасиеттерін жеке-жеке алған.Әрі олар «шеңгелі», «қанаты» деп дара көрсетілгенімен,қыранның қасиет-өзгешелігін беруде нұқсан келіп тұрған жоқ. Тағы бір тосын бейнелеуді Ә.Тәжібаев поэзиясынан кездестірдік:
Күн еңкейді ұяға
Қадалып тұрмын көз алмай.
Бұл не?
Күн бе кәдімгі?
Жоқ,әлде қызыл қыран ба? [52,199]
Бұл жерде күн-қыран бейнесінде берілген. Екеуі екі басқа құбылыс екені рас, бірақ логикалық қиысыны жоқ деп айта алмайсыз. Қызыл шапақтың-күннің батып бара жатқаны-қос қанатын жайып,ұясына дамылдауға беттеген қыранды елестетеді.
Міне,мұндай құбылыстар әдебиеттің фольклордан нәр алып,онымен тұтастықта қоян-қолтық дамығанын дәлелдейді, әрі фолькордың үлгі-өнегесін неғұрлым жетілдіре,өзіндік ерекшелігін байыта пайдаланады.
С.Мұқанов әдебиет зерттеушісі ретінде әдебиет мәселелрін қозғаған еңбектерінде үнемі фольклор мұраларының мәні туралы айтып,әрі оларды жинап-зерттеуге,жарыққа шығаруға тікелей қатысып отырған.
30-жылдардың алғашқы кезеңінде қазақ ауыз әдебиетінің,жеке ғалымдардың бірі-Сәбит Мұқанов болды. Оның «Қазақ әдебиеті һәм Ыбырай ақын (1924), «Халық қазынасын дұрыс пайдаланайық» (1939), «Батырлар жырының әдебиеттегі орны (1939), «Халық ауыз әдебиеті және Доскей» (1940), «Ақындар» (1943) мақалалары жарық көрді.
Зерттеуші кеңестік дәуірдегі қазақ фольклорының жанрлары және олардың даму тарихы,ерекшеліктері туралы арнайы зерттеулер жазбаса да,шығармашылығы,оның ішінде Шашубай,Нұрпейіс,Ыбырай,Доскей,Жамбыл хақында толымды ғылыми мақалалар жазды.
Көлемді «Халық мұрасы» (1924) еңбегінде көркем өнерді жан азығы деп атап,батырлар жыры,ғашықтық жырлары,қиссалар мен айтыстар туралы ой толғайды. Мәселен,батырлар жыры жөнінде с.Сейфулиннің,М.Әуезовтың,М.Ғабдулиннің,тағы басқаларының дәлелді,мәнді еңбектері бар екендігін атай отырып,кейбір түйінді пікірлерін ұсынады:біріншіден,эпос аталатын батырлар жыры көп халықта бар;екіншіден,қазақтың көлемді эпостары,көбінесе,өлең жырларынан жасалады;үшіншіден,қазақ эпостарының бірталайы (мысалы, «Едіге», «Қобыланды», «Шора», «Баян», т.б.) қазақ халқының өмірінде болған нақтылы оқиғалардан алынған. Одан әрі зерттеуші эпостарда басты орынды батыр,оның сенімді сүйген жары,тұлпар алатындығын,әйелдер образы мейлінше шебер жасалатындығын,қазақ тілінің бар байлығы ең алдымен эпостарда көрінетіндігіне назар аударады. Сол сияқты,лиро-эпостардан «Қозы Көрпеш-Баян Сұлу», «Қыз Жібек», «Айман-
Шолпан» секілді белгілі жырларға,олардың зерттелуіне,нұсқаларына,сюжеттеріне,кейіпкерлеріне талдау жасаумен бірге,өзі естіген,онша таныла қоймаған «Мақпал», «Сұлушаш», «Балқия-Жиенбай» жырларынан мағлұмат береді.
С.Мұқановтың осындай дәйекті,жан-жақты қамтылған зерттеуі қиссалар мен айтыстарға да арналған. Еңбектің алғы сөзінде «Мен бұл кітаптың әр тарауының мазмұнына сәйкес қазақтың ауыз әдебиетін кеңінен пайдаландым. Себебі,қазақ өмірін тануда,оның ауызша және жазбаша әдебиетінің орны ерекше екенін еске алып,бұл еңбекте оларға орын көбірек беріледі.Бұл шығарма тура мағынасындағы тарих емес,тек автордың ой толғаулары ғана» [25,8], деп ескерткеніндей,зерттеуші мұнда халқының мәдениет өнері,тілі,тұрмысы,көрші халықтармен қарым-қатвнасы туралы ой бөліседі,кейінгі зерттеушілерге бағыт береді.
...