Авторлық бағдарлама
Автор: tanai • Март 6, 2018 • Творческая работа • 4,308 Слов (18 Страниц) • 4,974 Просмотры
Қазақстан Республикалық Білім және ғылым министрлігі
Шиелі ауданының білім бөлімі
Бекітемін: Келісемін:
Мектеп директоры: Мектеп оқу ісі жөніндегі
Ермаханова Г. Орынбасары:
Ибадуллаева М
Авторлық бағдарлама
Тақырыбы: «Дыбыстар құпиясы»
Сыныбы: 5
Орындаған:
№157 Б.Пәрімбетов атындағы
қазақ орта мектебінің
Қазақ тілі және әдебиеті пәні мұғалімі
Алданазарова Фарида Нүритдинқызы
Алғабас ауылы
2016-2017 оқу жылы
Автор туралы мәлімет
Аты-жөні: Алданазарова Фарида Нүритдинқызы
Білімі: Жоғары, Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік
университеті
Қызметі: қазақ тілі және әдебиет пәні мұғалімі
Педагогикалық еңбек өтілі: 9 жыл
РЕЦЕНЗИЯ
Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Алданазарова Фарида Нүритдинқызы мектебіміздегі шығармашылықпен жұмыс істейтін мұғалімдердің бірі. Мұғалімнің 5-сыныбына арнап жазған «Дыбыстар құпиясы» атты авторлық бағдарламасын оқып, танысу барысында біздің мектеп әкімшілігі бірауыздан төмендегідей шешім қабылдады:
-бағдарлама құрылымы оқушылардың жас ерекшелігіне сәйкес;
-балаларды көру, есте сақтау қабілеті мен сөздерді сауатты жаза білуіне үйретеді;
-тіл дыбыстарының түрлері, жүйеленуі, жасалуы жайлы меңгертеді;
-өз ойларын еркін және толық жеткізе білуге, ауызекі сөйлесе білуге дағдыландырады;
-өз бетінше ізденуге, зерттеуге ықпал жасайды;
-оқушылардың әдеби тілде сөйлеу арқылы коммуникативтік мүмкіндіктерін дамытады;
-оқушыларды мейірімділікке, ізеттілікке, қайырымдылыққа тәрбиелейді.
Жоғарыда аталған қорытындыға келе отырып №157 Б.Пәрімбетов атындағы қазақ орта мектептің әкімшілігі оқу-әдістемелік кешенді жасау мен рәсімдеу кезінде мұғалім Алданазарова Фарида Нүритдинқызы «Оқулықтар мен оқу-әдістемелік кешеннің құрамы мен оқу бағдарламаларын әзірлеуге сараптауға қойылатын дидактикалық талаптар» атты нормативтік құжатты басшылыққа ала отырып жасағанына толығымен келіседі.
Мектеп директоры: Ермаханова Г.
Мектеп директорының
оқу ісі жөніндегі орынбасары: Ибадуллаева М.
Түсінік хат
Оқушыларға теориялық білімді берумен бірге алған білімдерін тиянақтаудың маңызы зор. Ойын толық жеткізіп, әдеби тілде сөйлеу, сауатты жаза білу де мектеп бағдарламасында басты орын алады.
Бағдарламада негізінен оқушылар теориялық білімдерін практикамен ұштастыру көзделді. Сол мақсатта теорияны еске түсіре отырып, тіл ғылымының лексика, фонетика салалары бойынша сөз мағыналары, топтары, тіл дыбыстарының түрлері, жүйеленуі, жасалуы жайлы меңгерген материалдарын терең талдау, жаттығу жұмыстары, тест жұмыстары, қайталау сабақтары жүргізіледі. Оқушылардың шығармашылық белсенділігі мен өзіндік ізденістердің дамуына ықпал ететін жұмыс түрлері де қарастырылады.
...