Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Экзистенциализм

Автор:   •  Май 6, 2023  •  Реферат  •  489 Слов (2 Страниц)  •  175 Просмотры

Страница 1 из 2

Жалпы экзистенциализм ұғымы мен оның қолданыс аясы өте кең және сөп ғылым саласында ұғым ретінде пайдаланылады. ХХ ғасырда бұл ұғым алғаш рет адамның өмірі мен оның бірегейлігін насихаттайтын философиялық ағым ретінде пайда болған еді. Дегенмен көптеген зерттеушілер экзистенциализм ұғымын тек қана философиялық түсінік қана емес, ол мәдени қозғалыс болған деген пікірді ұстанады. Сондықтан бұл ұғым өз кезегінде әдебиет саласында да қолданылады. Әсіресе ХХ ғасырдың ІІ жартысынан бастап бұл ұғым әдебиетте белсенді түрде қолданысқа түсіп, тіпті оның өкілдері де қалыптасып үлгерді. Әдебиеттегі экзистенциалисттік үдерістердің жалпы белгілерін атайтын болсақ, негізінен шығармалар адам болмысы мен оның өмірі үшін қоршаған ортаның еш мағынасыз екендігін дәлелдеуге тырысады. Мұндай әдебиеттегі экзистенциалисттік шығармаларда адам көп жағдайда рухани дағдарысты басынан өткізіп, жалғыздық пен үнемі үрей үстінде бейнеленеді. Тіпті қоршаған орта мен адамдардан қорқып өмір сүретін жағдайға жетіп, үмітін жоғалтқан кейіпте сипатталады. Басты ерекшелігі осында болып табылады. Қазіргі әдебиет ғылым саласында бұл бағыт көп жағдайда қиын және екіүшты құбылыс ретінде түсінідіріледі.

Жапонияның әдебиеті де әлемдік әдебиеттің бір саласы ретінде бұл әлемдік үдерістен тыс қалмады. ХХ ғасырдың 60-70 жылдары Жапонияның әдебиет саласын экзистенциалисттік бағытта өз шығармаларын жазған үлкен толқын пайда болды. Солардың қатарында К. Отохико мен Куро Сэндзи мен Ф. Эсикити сынды жазушылармен қатар, Кэдзабуро Оэ да бар. Кэдзабуро Оэ Жапонияның заманауи жазушыларының бірі болып табылады. Жазушы оннан астам романдар мен повесттер жазумен қатар, әңгімелер мен эсселердің авторы болып табылады. Кэдзабуро Оэнің шығармашылығына тән белгілердің бірі ІІ дүниежүзілік соғыстан кейін адам бойында қалыптасқан жауапкершіліктің жоқтығы сынды қасиеттерді жазумен байланысты. Кэдзабуро Оэ батыс әдебиетінде пайда болған бағыттарды жақсы білді. Сондықтан да болар оның шығармашылығында экзистенциалисттік үрдістерді байқаймыз. Оның шығармашылығында ерекшелік әрине әдеби қауымдастық тарапынан жоғары бағаланды. Тіпті 1994 жылдары Нобель сыйлығына да ие болған еді. Жас кезінен өзінің бірқатар шығармалары арқылы көптеген оқырмандар мен Жапонияның әдебиет саласының қауімдастығы тарапынан жоғары бағаланады. Алайда оның өмірінде күрделі өзгерістер орын алып, рухани дағдарысқа түседі. Ұйқысыздық ауруына шалдығып, тіпті ұйықтатын дәрілерді шамадан тыс қабылдағаны үшін уланып, емханаға да түседі. Міне осы кезден бастап оның экзистенциалисттік үдерістерге сай шығармалар жаза бастайды. Бұл бағытта әсіресе ерекше ықыластық соғыстан кейінгі жастар мәселесіне арналады. Рас ІІ дүниежүзілік соғыстан Жапония жеңілген елдер санатында болып, тіпті АҚШ тарапынан ұйымдастырылған атом жарылысын да бастап өткізеді. Міне жеңілген елдің азаматтарына тән белгілерді бірі – үмітсіздік, ертеңгі күнге деген сенімсіздік сынды мәселелерді жаза бастады. Осы бағытта ол «Кешіккен жастар», «1860 жылғы футбол», «Жеке тәжірибе», «Хиросималық жазбалар» және кейінгі жылдары жазған «Судан келген өлім» мен тағы да басқа шығармалары кеңінен танымал. Олардың ортақ белгісі адамның рухани күйзелісі жағдайындағы болмысы сипатталады. Мысалы «1860 жылғы футбол», «Жеке тәжірибе» атты шығармаларында аурушаң баласы бар адамның көзқарастары, өмірде күйзеліске ұшырауы сынды жағымсыз жайттарды сипаттайды. Бір ескере кететін жайттардың бірі автордың өзінің миында кінәраты бар баласы болған еді. Сол себепті жүріп-тұруы мен физикалық қозғалысы қиындатылған еді. «Жеке тәжірибе» шығармасында осындай аурушаң баласы бар адам тіпті емханада жатқан баласын өлтіріп тастауға әрекеттенгені туралы баяндайды. Демек жапония әдебиеттіндегі экзистенциализм үрдісінің белгісі – адамның рухани күйзелісін сипаттауға бағытталса, ерекшелігі – қоршаған ортамен байланысы қиындатылған адам және адамдардың көзқарасындағы күрделі өзгерістерді сипаттау болып табылады.

...

Скачать:   txt (7.1 Kb)   pdf (45.5 Kb)   docx (8.4 Kb)  
Продолжить читать еще 1 страницу »
Доступно только на Essays.club