Цицерон және оның саяси концепциясы
Автор: Dinar27 • Ноябрь 4, 2018 • Реферат • 2,077 Слов (9 Страниц) • 2,326 Просмотры
Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі
С. Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан Мемлекеттік Университеті
Экономика және құқық факультеті
РЕФЕРАТ
Тақырыбы: Цицерон және оның саяси концепциясы
Орындаған: Құқықтану факультетінің студенті Қайнарқызы Б.
Тексерген: Магзумов Марат Тусупжанович
Өскемен
2018
МАЗМҰНЫ
I. Кіріспе
II. Негізгі бөлім
1.Концепция ұғымына анықтама
2.Цицеронның өмірбаянына қысқаша шолу
3.Цицеронның қанатты сөздері
4.Цицеронның саяси концепциясы
5.Саясаттағы сәтсіздігі
III.Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер
КІРІСПЕ
Тақырып өзектілігі
Концепция дегеніміз белгілі бір құбылыстарға бір-бірінен шығып отыратын өзара байланысты көзқарастар жүйесі немесе бір нәрсеге деген негізгі жалпы ой. Марк Тулий Цицерон (б.з.д. 106-43 жж.)—атақты рим шешені, заңгер, мемлекеттік қайраткер және ойшыл. Цицеронның мемлекект туралы ілімі. Цицронның өмірі мен қызметінің соңы. Цицеронның табиғат құқығы туралы ойлары.
Мақсаты мен міндеттері
- Концепция терминінің мағынасын түсіндіру
- Цицерон дегеніміз кім?
- Цицеронның мемлекет туралы ілімі
- Цицеронның табиғат құқығы туралы ойлары
Реферат жұмысының құрылымы: реферат жұмысы кіріспе, бес 00бөлім, қорытынды бөлімді және пайдаланған әдебиеттер тізімін қамтиды.
Зерттеудің әдісі: Жиналған материалдарды іріктеу, талдау және жүйелеу әдістері қолданылды.
Концепция ұғымына анықтама
Концепция дегеніміз белгілі бір құбылыстарға бір-бірінен шығып отыратын өзара байланысты көзқарастар жүйесі немесе бір нәрсеге деген негізгі жалпы ой. Ожиков бойынша «Концепция - белгілі бір затқа деген негізгі ой, көзқарастар жүйесі». Энциклопедиялық сөздікте концепция ( латынның «conceptio» - түсіну, жүйе дегенді білдіреді) іс-әрекеттің түрлі бағыттарын, белгілі бір құбылыстарды түсіну тәсілі.
Ол:
- өзара байланысты және бір-бірінен туындайтын нәрселердің жиынтығы;
- кез-келген құбылысты түсіндірудің белгілі бір әдісі; негізгі көзқарас, оларды қамтудың негізгі идеясы;
- әлемдегі, табиғатта, қоғамда құбылыстар туралы пікір қалыптастыру жүйесі;
- ғылыми, көркем, техникалық, саяси және өзге де қызметте жетекші ниет, сындарлы принцип;
- проблемаларды шешу жүйесі;
- кез-келген құбылыстарды түсіну, айқындау және интерпретациялау тәсілі, тек оған тән тұжырымдар мен тұжырымдар жасайды;
Цицеронның өмірбаяның қысқаша шолу
Цицерон Марк Туллий біздің заманымызға дейінгі 106 жылдың 3 қаңтарында дүниеге келді. Туған жері қазіргі Чивитавекки қаласының маңындағы Арпинум аймағы. Ата-анасы байқуатты адамдар болды. Соның себебінен, Цицерон 15 жасында Римге оқуға аттанады. Кілең сен тұр мен атайын дейтіндей дүлдүлдердің арасына тап болса да, жас бала еш қысылмай, өзінің ораторлық қабілетін жұртқа ерте мойындатты. Қалың жұрттың алдында алғаш рет б.з.д. 81—80 жылдары сөз сөйлеп, елді тәнті етті. Оның бұл монологы сол кездің билеушісі Сулланың қатігездіне қатысты болды. Ал б.з.д. 70 жылы сулландық алаяқ Верреске қарсы сот процесінде сөз сөйлеп, жеңіске жетті. Саяси сахнаға шамамен б.з.д. 66 жылдары шықты. Б.з.д. 63 жылы Римнің бірінші сенаторы мен консул қызметін атқарды.Бірінші труимвират орын алғаннан кейін Цицеронның рөлі қоғам арасында сәл төмендеді. Тіпті б.з.д. 58-57 жылдары қуғын сүргін де көрген еді. Цезар мен Помпей арасындаға азаматтық соғыста екі тарапты татуластырғысы келіп, барынша тырысса да, ол әрекетінен ештеңе шықпады. Ақыры екі жақ бір-бірін қырып-жойып, түбі Цезарь жеңіске жетті. Бұдан кейін Цицерон саяси алаңнан алыстап, өзімен-өзі өмір сүруге талпынды. Алайда б.з.д. 44 жылы Цезарь өлтірілгеннен кейін, республикандықтардың көсемі, сенат басшысы болып қайта оралды. Алайда тыныш өмір баста ұзақ тұрақтамады. Б.з.д. 43 жылы екінші труимвират басталды. Бұл қырғын көтерілісті бастаған М. Антоний, Октавиан Август, Лепид деген кісілер еді. Ақыры осы алапаттың нәтижесінде дарынды оратор репрессияға ұшырап, алғашқылардың бірі болып өлтірілді. Бұл б.з.д. 43 жылдың 7 ақпаны еді (қазіргі Гаэта қаласының маңы). Марк Туллийдің артынан түрлі үзінділерді есептемегенде, 58 саяси монологы, риторикадан, саясаттан, практикалық философиядан, теориялық философиядан жалпы саны 19 трактаты қалды («Мемлекет туралы», «Заңдар туралы», «Тускуландық сұхбаттар», «Міндет пен парыз туралы», «Жамандық пен жақсылықтық шегі туралы», «Құдай туралы»). Сонымен қатар 800-ден аса хаттары мен қанатты сөздері сақталған.
...