Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Мәдени мұра

Автор:   •  Февраль 6, 2021  •  Реферат  •  1,056 Слов (5 Страниц)  •  699 Просмотры

Страница 1 из 5

Олардың бәрі ескі қала қалдықтарының, оның қабырғаларының жақсы сақталынғандығы туралы, медресенің қаусырықтары туралы жазған.Осында жаңалық тапқанда, олар жауап алып, өткен уақыттың көптеген шешілмейтін құпияларын табады. Өзінің ерекше әскери-стратегиялық, сауда-экономикалық және мәдени - тарихи мәнінің себебінен, Сауранды Сырдария бойында және қазақ даласында болған оқиғалар жайында жазған барлық ортағасырлық авторлар атаған. «Сауран қамалы – өте берік бекітілген қорған, оның мықты және күшті қамал болғандығы соншалықты, тағдыр тәлкегі қорғанның түбіне жетіп көрген емес, және көктегі аспанның өзі де әлем жерінің төрттен бірінде мұндай берік қамал көрген емес. Оның биіктігі соншалықты, күннің көзі де одан асып көрген емес. Қамалдың беріктігі соншалықты, оның мұнаралары мен дуалын қирату ешкімнің ойына да кіріп шықпайды». Ертеректегі деректерде Сауранның жеті қатар қорғаныс қабырғасы бар деп айтады. Дешті-Қыпшақ даласы мен егіншілікпен айналысқан өлкенің қақ ортасында орналасқан шаһар дала халқы мен қала тұрғындарын байланыстырған, сауда-саттық орталығы болған. Ұзақ уақыт аралығында шаһар Қазақстанның оңтүстігіндегі сауда мен қолөнерінің ірі орталығы болып, мәдени дамудың бесігіне айналды.

Осында жаңалық тапқанда, олар жауап алып, өткен уақыттың көптеген шешілмейтін құпияларды табады. Өзінің ерекше әскери-стратегиялық, сауда-экономикалық және мәдени-тарихи мәнінің себебінен, Сауранды Сырдария бойында және қазақ даласында болған оқиғалар жайында жазған барлық ортағасырлық авторлар атаған. Сауран жайындағы алғашқы дерек Х ғасырдың бірінші жартысына жатады. Ол жайында Истахри хабарлаған (оның шығармасы Х ғ. аяғында жазылған Сауран жайындағы мәлімет «Худуд-әл-алам» анонимдік географиялық шығармасында (Хғ.), у ибн әл-Асирде (ХІІІғ.), Якуттың «Елдер сөздігінде» (ХІІІғ.), Гетум 1 кіл-армян патшасы Меңгу моңғол ханының ордасына кері қайтарда жасаған сипаттамасында (ХІІІғ.ортасы) бар. ХV-XVI ғғ.жазбаша деректерінде қала жайында көптеген мәлімет бар. Қала туралы бірінші деректер X ғасырдан әйгілі. Сонымен қатар Көмекей әулие атанған Бұқар жырау қала жұртының басқыншы жаумен шайқасқан ерен ерліктері туралы «Тас қамал" атты дастанда шығарған деген дерек те бар..
Кейінірек ол туралы Ибн-аль-Асир мен Якут Қазақстанның оңтүстігіндегі ірі мәдени және сауда-өнеркәсіптік орталық ретінде жазған. Біздің заманымызға дейінгі 128 жылы төтенше тапсырмамен Сыр бойында арнайы келген қытайлық саяхатшы Чжан Цянь тек бір ғана Ферғана өңірінде ірі 70 қала бар деп жазыпты. Авторлар Сауран түркістандық бекіністері арасында ең үздік бекіністерінің бірі болғанын атап, түрлі сипаттағы мәлімет берген: оның климаты, қорғау құрылыстарының құрамы, қаланы көркейту, суландыратын егіншілігі жайында айтылған. Саурандағы өмір XVIII ғасырдың орта шеніне дейін сөнбеген, бұл кезде қала "Түркістанның жанындағы майда қонысқа"  айналған. Олардың бәрі ескі қала қалдықтарының, оның қабырғаларының жақсы сақталынғандығын туралы, медресенің қаусырықтары туралы жазған.Сол кездегі басты археологиялық табылған заттарына биіктігі он метр құрайтын, құмнан салынған Сауран сарайының зерттелуін жатқызуға болады. Орталық бөлігінде табылған заттар, яғни күйіктастың, гипстің сынықтары осында мешіт пен медресенің болғандығын дәлелдейді. XIIIғ. басында ол XIIIғ. ортасында үлкен қала ретінде «Испиджаб сияқты харадж төлемейтін» шекаралық қала болып аталынған. Сауран Шығыс Ренессансы кезінде әлемге белгілі ғұламалар мен көрнекті тұлғаларды тарих төріне шығарды. Өз атауын сақтап қалған Сауранның қалдықтары Түркістан қаласынан солтүстік-шығысқа қарай 25 шақырым жерде жатыр. Тарихшылардың пікірінше, осы себептен бұл жерді мекендеген адамдар айтарлықтай жоғары білімді болған. Дәл Сауранда осы аймақтағы алғаш оқу  орны ашылған. Осыны Қазақстан бойынша теңдесі жоқ, бірегей қаланы сумен қамтамасыз ету технологиясы дәлелдейді
Кезінде Сауран мықты қамал болған, қала бекіністері туралы айта кетуді замандастары өздеріне борыш тұтқан. Мысалы, Хафиз Таныш қаланың қорғаныс биналарының және сумен, азық-түлікпен, қару-жарақпен қамтамасызданылуының арқасында бірнеше ай бойы жау қамауына төтеп бере алатындығын мәліметтейді. Сауранның бекініс жүйесінің ішінде ол мұнаралары және кіріп-шығатын есіктері бар қамал қабырғаларын, қорған дуалын (баре), орын (хандақ) атаған. "Сауран бекінісінің күші мен мықтылығы соншалықты, тіпті құйты тағдыр қолы оның дуалының кенересіне де жетпеген". Саурандағы өмір XVIII ғасырдың орта шеніне дейін сөнбеген, бұл кезде қала "Түркістанның жанындағы майда қонысқа"  айналған. Көне қала қалдықтарының бірінші археологиялық зерттеулерін біздің жүзжылдықтың 40-жылдарында А.Н.Бернштам басқарған Оңтүстік Қазақстан археологиялық экспедициясы жүргізген. Ескерткіштің көрнекі сырт пішіні жобаға түсіріліп, алынған материалдар негізінде кезеңдеме ұсынылған. Қала тарихы жайында айтыс туғызған мәселелердің бірі болған оның қонысталуы мәселесі. Егер XIII-XVIII ғасырларда Сауранның орналасқан жері күмән туғызбаған болса және оған Сауран атты ескі қала қалдығы сәйкес келсе, моңғолдарға дейінгі қаланың қонысы тура тауып көрсетілмеген болатын. Мәселен, көне Сауран қаласының XIII ғасырға дейін өмір сүрген  Агеева Е.И. мен  Пацевич Г.И. оны Сырдарияның сол жағасынан іздеуді ұсынған. К.М.Байпақов моңғолдарға дейінгі Сауранды Мейрам-төбе атты ескі қала қалдығымен тепетеңдестірген. Өз ұсынысының дәлелін ол біздің дәуірдің бірінші-XIII ғасырдағы қабаттары мен ерекше топографиясы бар көне қала қалдығының хронологиясына негізделген.
Тек Қаз. ССР ҒА АЭҒЗИ-нің ескерткіштер жинағы археологиялық экспедициясының ескі Сауран қаласының микроауданында жасаған тиянақты зерттеулері моңғолдарға дейінгі Сауранның орналасқан жері жөніндегі сұраққа сенімді жауап беруге мүмкіндік туғызды.Саурантөбе атты ескі қала қалдығы жатыр. Онда әлденеше рет зерттеушілер болып, қаланы б.д. бірінші-VI пайда жаңа зерттеулер Қаратөбе өмірі кезеңін қайта қарастырып, оны б.д. бірінші-XII ғасырларына жатқызуға мүмкіндік берді. Көне қала орнына ақ ангобаның устінде XI-XII ғасырларға тән мөлдір жалатпасы бар және жасыл, қызыл, қоңыр бояулармен көркем суреттелген су құятын тостаған сынықтарының бай коллекциясы жиналып алынған. Қаратөбе рабадының батыс жағында керамика өнеркәсібінің іздері қалған пештің қалдықтары, күйдірілген саз қоқыстары, жарамсыз өнімдер. Қала топографиясы кемеліне жеткен орта ғасыр қалаларына тән белгілердің бояуымен сипатталады, онда ішкі қамал (цитадель), шахристан және рабад айқын байқалады. Алайда, Қара-Төбе - Сауран тепетеңдестігіне дәлелді айғақ болатын Қаратөбе рабадының айналасында табылған бірнеше қатар қабырғалар қалдықтары. Олардың сыртқы қоршауы орталық қаусырықтардан 1-1,5 шақырым жердегі қашықтықта тұр, сонан соң ішінде тағы аз дегенде 2 қатар қабырға қоршалып келеді. Жазбаша деректердің, Сауран ерекшеліктерін сипаттай отырып, оның бекіністері туралы, соның ішінде 7 қатар қабырғалары туралы мәлімдейтіні жоғарыда айтылып кеткен. Қаратөбе қаласының топографиясында дәл сол қабырғалар қалдықтарының байқалуы мүмкін. VI-XII ғасырлардың Саураны Қаратөбе көне қалашығының орнында болған, ал XIII-XVIII ғасырлардағы Сауран жаңа жерде орналасқан және оған өзіне аттас ескірткіш сәйкес. П.И.Лерхтің негізгі
мақсаты қаланың сыртқы көрінісімен танысып, аздап барлау жұмыстарын жасаумен шектелу болған. Жұмыс күші аз болғандықтан, Лерх биіктігі жеті кез болған бір күмбездің  Соңғы жылдардың зерттеулерінде бұл көне қала қалдықтарының сипаты туралы жаңа мәліметтер алынған, ал археологиялық-топографиялық байқаулар мен жазбаша деректерді салыстыру орта ғасырлардың аяқ шеніндегі Сауранның көрінісін толығырақ елестетуді мүмкін етеді.
Көне қаланың ажрофотосуреттерінің мәнін ашу, топожобаларды талдау - көрнекі зерттеулермен қосыла келе - қаусырықтарды былайша сипаттауға мүмкіндік береді.
Сауранды қорғау әрекеттерін жасау және жоспарлы түрде зерттеу-ғалымдардың, Совет органдарының, бүкіл республика жұртшылығының алдында тұрған актуалды міндеттердің бірі. Ортағасырлық Сауранның ескі орны Қазақстандағы ортағасырлық қала мәдениетінің маңызды ескерткіштерінің бірі болып табылады. Ал сақталу дәрежесі бойынша археология жағынан бірегей болып табылады.

...

Скачать:   txt (15.6 Kb)   pdf (73.3 Kb)   docx (10.9 Kb)  
Продолжить читать еще 4 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club