Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Мәдениет пен өркениет

Автор:   •  Январь 26, 2021  •  Эссе  •  330 Слов (2 Страниц)  •  1,919 Просмотры

Страница 1 из 2

                             Қарағанды медицина университеті

         Қазақстан тарихы және әлеуметтік саяси пәндер кафедрасы

Мәдениет пен өркениет

 (эссе)

Орындаған:Дүйсен Аяжан

 ЖМ 2-003

Тексерген: Мирзабекова А.Ш.

                                     Қарағанды 2021

            Мәдениет - шиеленіскен хаостағы жұқа алма қабығы ғана. Өркениет-мәдениеттің өзгешеленген кезеңі, мәдениетте шоғырландырылған  органикалық өмірлік бастаманы ығыстыратын техникалық-механикалық элементтердің патшалығы.

        Әр заманның, әр өлкенің қалыптастырған мәдениетінің өзіне сай ерекшеліктері бар.Қайсы бір мәдениет болмасын өзінің терең мағынасы мен құндылықтары бар. Мәдениетті материалдық және рухани құндылықтардың тарихи қалыптасқан жүйесі деп қарастыруға болады. Мәдениет адамның әлемінің туындысы, адамның рухани байлығының жемісі болып табылады. Мәдениет арқылы адамзат баласының адамдылығы, оның көркем мінезі мен бейнесі көрініс табады деп ойлаймын.  Ал ұзақ уақыт бойы қалыптасқан мәдениеттің жемісі, ол-өркениет.Мәдениет пен өркениетті тығыз байланысты ұғымдар деп қарастыра аламын. Неге десеңіз, мәдениет пен өркениет бір дара жолдың серіктері іспетті. Яғни , мәдениет дами келе өзінің шыңына жетеді. Ал өркениет сол мәдениеттің шыңынан қалыптасқан, мәдениеттің бір бөлігі деп айта аламын. Елдің түпкі мәдениеті қалыптаспаса, болашақта оның өркениеті дамымайтыны осыдан-ақ көрініп тұрғандай. Қазіргі әлемде өркениеті дамыған елдердің тарихына зер сала қарайтын болсақ, олардың орта ғасырлық мәдениеті өзге елдерден әлдеқайда жоғары деңгейде дамығандығын айта аламын. Әрине заман талабына сай кейбір мәдениеттер жойылса, ал ендібір мәдениеттер дамып отырады. Яғни, бір мәдениетте шоғырланған өмірлік бастамалар орнын келесі бір дағдылар алмасуы мүмкін.

...

Скачать:   txt (4.1 Kb)   pdf (66.5 Kb)   docx (8 Kb)  
Продолжить читать еще 1 страницу »
Доступно только на Essays.club