Контрольная работа по "Культурологии"
Автор: Aizhan Muhit • Май 25, 2025 • Контрольная работа • 1,962 Слов (8 Страниц) • 133 Просмотры
1.Мәдениеттің антропологиялық түсінігі. Э. Тайлор, Ф.Боас, К-Л. Стросстың теориялары.
Мәдениет туралы антропологиялық түсіндірме : бұл адамның табиғаттан айырмашылығын көрсететін, тарихи қалыптасқан іс-әрекеттердің, білімдердің, нанымдардың, әдет-ғұрыптардың және әлеуметтік институттардың жиынтығы. Мәдениет анықтамасын беруде алғашқы қадам жасаған ағылшын этнограф Эдуард Бернард Тайлор. Ол мәдениеттің қоғам өміріндегі көптеген көріністерін қамтитын кең ұғымды берген:« «Мәдениет – бұл адам қоғамының мүшесі ретінде алынған білім, сенім, өнер, мораль, заң, әдет-ғұрып және басқа да дағдылар мен қабілеттердің күрделі жиынтығы» деп анықтады.Ол мәдениетті эволюциялық жолмен дамиды деп түсіндірді (жабайылық → варварлық → өркениеттілік).
Франц Ури Бóас (1858-1942), американдық антрополог. Боас Тайлордың эволюционизміне қарсы шығып, тарихи мектептің өкілі болды.Негізгі идеялары:Мәдени релятивизм қағидасын ұсынды: әрбір мәдениет өзінше құнды және оны тек өзінің тарихи-культурологиялық контекстінде ғана түсінуге болады;Жалпы эволюцияға қарсы шығып, әрбір мәдениетті жеке тарихи даму жолымен зерттеу қажет деді;Мәдениеттің экологиялық, географиялық және әлеуметтік факторлармен тығыз байланысын көрсетті.
Леви-Стросс Француз structuralist антропологы, мәдениетті құрылымдық (структуралық) тұрғыдан қарастырған.Негізгі идеялары:Адам санасында әмбебап құрылымдар болады, олар барлық мәдениеттердің негізінде жатыр;Мәдениет құрылымдары — тіл, туыстық жүйелер, мифтер, әдет-ғұрыптар арқылы көрінеді;Мәдени элементтерді бинарлы оппозициялар (жақсы-жаман, әйел-еркек, өмір-өлім) арқылы зерттеу қажеттігін ұсынды;Мифтерді зерттеу арқылы мәдени сананың құрылымдарын ашуға тырысты.
Қысқаша қорытынды:
Мәдениеттің антропологиялық түсінігі бойынша, мәдениет — адамзаттың өмір сүру дағдысы мен қоғамда қалыптасқан рухани және материалдық құндылықтарының жиынтығы.
• Э. Тайлор мәдениетті адамның үйренетін мінез-құлқы мен білімдерінің тұтастығы деп қарап, оны біртұтас эволюциялық жүйе ретінде сипаттады.
• Ф. Боас әрбір мәдениетті өз тарихи контекстінде қарастыру керек екенін айтып, мәдени релятивизм идеясын ұсынды.
• К-Л. Стросс мәдениетті адам санасындағы әмбебап құрылымдарға негізделген деп түсіндіріп, мифтер мен рәміздер арқылы оны құрылымдық тұрғыдан зерттеді.
2. Мәдени код ұғымы. Клотер Рапай және К.Г.Юнгтің теориялары негізінде
• Мәдени код –белгілі бір қоғамда немесе мәдени ортада адамдардың ойлау, сезіну, әрекет ету тәсілдерін анықтайтын белгілер, рәміздер, ұғымдар мен тәжірибелер жүйесі. Бұл кодтар — адамдардың дүниетанымын, мінез-құлқын, тілін, сенімдерін, дәстүрлерін, символдарын және құндылықтарын түсінуге мүмкіндік беред.
🔹 Клотер Рапай— франко-америкалық мәдени антрополог және маркетинг сарапшысы. Ол «мәдени код» ұғымын қазіргі заманға лайықтап, тұтынушылық мінез-құлықты зерттеу арқылы дамытты.
• Мәдени кодты түсіну арқылы адамдардың мінез-құлқын, таңдауын, тұтынуын түсіндіруге болады.
• Әр мәдениет өз ұғымдарын өзінше түсінеді.
• Мәдени кодтар бала кезден қалыптасып, бейсаналықта орнығады.
Рапайдың тұжырымы:«Егер сіз бір халықтың мәдени кодын түсінсеңіз, оның неге солай ойлайтынын, сезінетінін және әрекет ететінін түсінесіз».
🔹 Карл Густав Юнг— швейцариялық психоаналитик, ұжымдық бейсаналық және архетиптер теориясының авторы. Оның идеялары мәдени код ұғымының терең психологиялық негізін құрайды.
• Мәдени код архетиптермен байланысты (ұжымдық бейсаналықта сақталған бейнелер).
• Архетиптер: Ана, Батыр, Көлеңке, Дана т.б.
• Бұл архетиптер мифологияда, әдебиетте, өнерде, дінде көрініс табады.
Юнг пен мәдени код:Мәдени кодтарды терең түсіну үшін адамзаттың бейсаналық рәміздер
...