"Ер-елінің қорғаны" тәрбие сағаты
Автор: BIBA1986 • Март 16, 2019 • Практическая работа • 3,382 Слов (14 Страниц) • 3,760 Просмотры
«Ер-елінің қорғаны»
Мақсаты:
Оқушылардың ой - өрісін, тіл байлығын, ойлау қабілеттерін дамыту.
Отан алдындағы парызы мен қарызы туралы білім беру. Балаларды туған жеріне деген сүйіспеншілікке баулу, ағаларымыздың еңбегін ардақтап, мейірімділікке, сый құрметке тәрбиелеу.
Безендіру: Сынып іші көктем мерекесіне байланысты безендірілген шарлар және де музыкалық аппараттар.
Барысы:
Мұғалім:
- Армысыздар, келген көпшілік қауым! Бүгін ардақты азаматтарымыздың
7-мамыр Отан қорғаушылар мерекесі құтты болсын!
Нағыз жігіт – қорған болар халқына,
Нағыз жігіт – берік болар антына,
Нағыз жігіт – жалғастырып дәстүрді дей келе ұлдарымызды ортаға шақырамыз.
І топ: Азамат, Талғат, Акылбек, Нұрболсын, Айқын.
ІІ топ:Ерасыл, Бексұлтан, Мадияр, Чингиз, Амирхан
ІІІ топ:Қазтуған, Әділ, Абдуррахман, Бақдәулет, Нұрасыл
Әр топтың топ басшылары тиісті шығу номерлерін алады.
- Би болады әрқашанда қыз барда,
Жылуынан жібір тіпті мұздар да.
Мың бұралып билегенде кім жетер
Биші, әсем, сұлу қыздарға флешмоб биіне кезек береміз.
- «Ер-елінің қорғаны» атты ашық тәрбие сағатымыз ашық деп жариялаймыз.
Біздің бұл тәрбие сағатымыз сайыс түрінде өтеді. Сайысымызды бастамас бұрын мен сіздерді әділқазылар алқасымен таныстырып өтейін.
1.
2.
3.
- Енді бүгінгі сайыс шарттарымен таныс болыңыздар. Сайыс 5 кезеңнен тұрады.
1. Сайыскерлердің өзін-өзі жаңаша стильде таныстыруы.
2. Қолөнер (Үйден дайындап әкелген бұйымдарын қорғайды)
3. Өнер сайысы.
4. Тапқырлық сайысы (яғни жағдаяттан шығу)
5. Сән үлгісі (Жаңаша стильде сатып алынған дүние болмау керек)
- Бәйге қуып серілер өтер деймін,
Бір басына өнері жетер деймін.
Бәске түскен жігіттер кезектесіп
Таныстырып өздерін өтер деймін!
Таныстырсын өздерін,
Тамылжытып сөздерін.
Сайыскерлердің өзін-өзі таныстыруына кезек беремін.
- Таныс болдық серілер тобыменен
Туып-өскен мекені, еліменен.
Серілердің бәрі ақын көрінеді,
Таныстырып кетті ғой төгіп өлең,- дей келе әділқазы төрелерден таныстыру бөлімінің бағаларын сұраймыз.
1-жүргізуші:
Иә, бүгін мектеп партасында отырған ұл бала – ертеңгі жігіт, ер азамат. Ал азаматтың жүгі ауыр, себебі «Мен қазақпын» дейтін азамат өзінің шыққан тегін, кіндік кескен ата жұртын қастерлеп, жеті атасын жадында тұтуы шарт. «Жеті атасын білген ұл жеті рулы елді біледі»деп қазақ тегін айтпаған.
2-жүргізуші: Өткенімізді қарап отырсақ, ел бастаған көсем де, ділмар шешен де, ақиық ақын да, ел қорғаны батыр да осы жігіттерден шыққан.
1-жүргізуші: Иә, алысты жақын тұтқан, жақынды бауыр тұтқан, туыстық желіні үзбеген, береке-бірлікті бұзбаған, «қыздың жолы жіңішке» деп қарындасын хан көтеріп сыйлай білген де қазақтың қара домалақ ұлдары.
2-жүргізуші:
Жігіттер өнер үйрен заманында,
Теңшілдік түгелімен өз қолында.
Түрлендір шаруаңды, түс жарысқа,
Талабың алға басып тұрғаныңда.
Қарсы тұр жан аямай тап жауына,
Алданба залымдардың арбауына,
Танысып күнделікпен, өнер үйрен,
Тез тырыс ұлы еңбектен қалмауыңа дей келе сайыстың 2-кезеңіне кезек береміз. Қолөнер (Үйден дайындап әкелген бұйымдарын қорғайды)
- Қазылар алқасы балалардың қолөнерлерін қалай бағалады екен, назар
аударайық.
1-жүргізуші:
О заманда ашқан қазақ өнер сырын,
Шақырған сайыстарға бірі-бірін.
Қарайық тамашалап жиылған жұрт,
Көрсетсін сайыскерлер өнерлерін.
Өнерпаз болсаң, өр бол! Ал, жігіттер, өздеріңді өнер сайысында көрсетіңдер!
Өнер сайысына кезек береміз.
- Өнер менен білімде
Әркімнің өз жолы бар.
Сайысарлық бүгінде
Өзіндік дара үні бар,- дегендей, қазылар алқасына қай топтың өнері көбірек ұнады екен, қане көрейік!
2-жүргізуші:
Ел басқаратын ер жігіт кез келген қиын сәттен шыға білуі керек! Сондықтан ойларының ұшқырлығын, тапқырлығын байқайық. Тапқырлық сайысына кезек береміз. Әр топбасшы келіп тиісті қима қағазын алыңыздар
- Сен кеше анаңмен спорт дүкеніне бардың. Дүкеннен жаңа спорттық костюм
сатып алдың. Бірақ үйге келген соң, саған костюм ұнамай қалды. не істейсің?
Шашылған әріптерден сөз құрау. Ш А Ғ М Р А Д А Б
-Бұл бізге керек, әсіресе мектепке келерде және қайтарда қажет, оған барлық адамдар қарайды.
...